Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: А. Х. Қазетова п.ғ. к., аға оқытушы


Тақырып атауы: Білім беру процесінде инклюзивті білім беру ортанысын құрудың ерекшелігі



бет32/68
Дата23.09.2024
өлшемі0,76 Mb.
#204906
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68
Байланысты:
Казетова А.Х. Инклюзивті білім беру

Тақырып атауы: Білім беру процесінде инклюзивті білім беру ортанысын құрудың ерекшелігі
Қазіргі әлемде білім беру бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға тап болған ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны артып келеді. Олар білім мен тәрбие беру үшін арнайы жағдайлар жасауды қажет етеді және мұндай балаларды білім беру ұйымдарында жан-жақты қолдау қажет. Басқаша айтқанда, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру қажеттіліктерін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кедергісіз білім беру ортасы қажет. Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивті білім беру ортасын құру қажеттілігі туындайды. Білім беру ортасы әлеуметтік-мәдени ортаның қосалқы жүйесі және сонымен бірге баланың жеке басының дамуы жүзеге асырылатын арнайы ұйымдастырылған педагогикалық жағдайлар ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыда білім беру ортасы өзінің субъектілерінің өзін-өзі тиімді дамуын қамтамасыз ететін білім беру мүмкіндіктерінің сапасы тұрғысынан өзінің функционалдық мақсатымен ерекшеленеді. Инклюзивті білім беру мәселелерін қарастыру аясында қоршаған орта ұғымы ерекше өзектілікке ие. Бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың жаңа ортаға қоятын талаптарымен байланысты. Инклюзивті білім беру ортасын анықтамастан бұрын біз «білім беру ортасы» саласының түсінігі мен мәніне жүгіндік. Білім беру ортасы — бұл тұлғаны қалыптастыруға әсер ету жүйесі мен шарттары; әлеуметтік және кеңістіктік-объективті ортада қамтылатын және оның даму мүмкіндіктерінің жиынтығы (Ясвин В. А.).
«Білім беру ортасы» қоғамдық ортада білім беру саласы ретінд, ал қоршаған орта білім беру факторы ретінде қарастырылады (Баева И. А.).
Инклюзивті білім беру ортасы — бұл білім беру процесінің барлық субъектілеріне өзін-өзі дамытудың тиімді мүмкіндіктерін беретін білім беру ортасының түрі. Ол білім беру кеңістігін әр баланың қажеттілігіне бейімдеу арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мәселесін шешуді, соның ішінде оқу үдерісін, әдістемелік икемділік пен өзгертулер, қолайлы психологиялық климатты ұйымдастыру, сыныптарды барлық балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын етіп қайта құруды қамтиды, ерекшеліксіз және мүмкіндігінше балалардың білім беру процесіне толыққанды қатысуын қамтамасыз етеді. Біздің ойымызша, инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру келесі принциптерге негізделген: Инклюзивті ортаға ерте ену. Бұл абилитация мүмкіндігін, яғни әлеуметтік өзара әрекеттесу қабілеттерінің бастапқы қалыптасуын қамтамасыз етеді; Түзету көмегі. Дамуында ауытқуы бар баланың компенсаторлық мүмкіндіктері бар, оларды «қосу», оқу үдерісін құруда оларға сену маңызды. Бала, әдетте, әлеуметтік ортаға тез бейімделеді, алайда ол қолдау кеңістігін және арнайы қолдауды ұйымдастыруды талап етеді (бұл оның ерекше қажеттіліктерін ескеретін жағдайлар ретінде де әрекет етеді). Білім берудің жеке бағыттылығы. Еерекше білім беруді қажет ететін бала жалпыға бірдей білім беру бағдарламасын игере алады, бұл оны балалар ұжымының өміріне қосудың маңызды шарты болып табылады. Қажет болған жағдайда баланың сипаттамаларына, кеместіктің түрлеріне және мүмкіндіктеріне байланысты жеке білім беру бағыты жасалады. Білім беру бағыты икемді болуы керек, жақын даму аймағына бағытталуы керек, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды, жас ерекшеліктеріне сәйкес танымдық іс-әрекеттің негізгі түрлерін, әлеуметтік дағдыларды дамытуды қамтамасыз ету керек. Топтық жұмыс. Мамандар, мұғалімдер, ата-аналар өзара тығыз байланыста жұмыс істеуі керек (командалық принцип бойынша), бұл әр балаға қатысты қызметтің мақсаттары мен міндеттерін бірлесіп құруды, баланың ерекшеліктерін, оның мүмкіндіктерін, білім беру процесін бірлесіп талқылауды көздейді. Ата-аналардың белсенділігі, олардың баланың даму нәтижелері үшін жауапкершілігі. Ата-аналар ұжымның толық мүшелері, сондықтан оларға педагогикалық процесті, оның динамикасы мен түзетуін талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік беру керек. Әлекметтендірі инклюзияның нәтижесі ретінде. Жұмыстағы негізгі мақсатты компонент — баланың әлеуметтік қарым-қатынас тәжірибесін игере отырып, оның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру. Ерекше білім беруді қажет ететін бала балалардың барлық іс-шараларына белсенді қатысуға, өз ойын білдіруден, өз пікірін білдіруден, достар табудан қорықпауға үйренуі керек; тұлғааралық қатынастарды дамыту, басқа балаларды өзін қалай болса солай қабылдауға үйрету. Тиімді білім беру ортасының негізгі сипаттамаларының бірі — оның қауіпсіздігі (физикалық және психологиялық тұрғыда). Психологиялық қауіпсіз орта бұл әлеуметтік ортадағы психологиялық кедергілерден және жағымсыз жағдайлардан балаларды қорғау болып табылады. Инклюзивті білім беру ортасының құрамына келесі компоненттер кіреді – кеңістіктік-пәндік компонент: мекеменің материалдық мүмкіндіктері — қол жетімді (кедергісіз) кеңістіктік ұйымдастыру, балалардың білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін замануи техникалық құралдармен қамтамасыз ету – мазмұндық-әдістемелік компонент: баланы оқыту мен дамытудың жеке бағыты, – білім берудің өзгермелілігі мен икемділігі, білім берудің техникасы, формалары мен құралдарын жатқызуымызға болады – коммуникативті және ұйымдастырушылық компонент: инклюзивті топтарда жұмыс істеу барысында педагогтардың жеке және кәсіби даярлығы, топтарда қолайлы психологиялық климатты ұйымдастыру барысында мамандармен жқмыс жасау.
Инклюзивті білім беру ортасын дайындау келесі міндетті шарттарды сақтауды көздейді:
– баланың мүмкіндіктеріне қарамастан педагогтардың әрбір баланы теңдей қабылдауы;
– білім беру процесінің барлық қатысушылары мен техникалық қызметкерлердің төзімді мінез-құлық мәдениетімен қамтамасыз ету;
– Ерекше білім беруді қажет ететін баланың жақын даму аймағына сәйкес оқу мақсаттарын анықтау;
– Ерекше білім беруді қажет ететін баланы оқудан тыс мектеп іс-шараларына қосу;
– балаға қолдау көрсетуде отбасы әлеуетін пайдалану Инклюзивті орта құру бойынша білім беру ұйымының жұмысының күтілетін нәтижесі:
а) баланың мектепке, мұғалімдерге, сыныптастарына жағымды көзқарасы;
б) жалпы білім беру, қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберіндегі академиялық табыстылығы;
в) баланың әлеуметтік бейімделуі
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық педагогикалық қолдау көрсетуде иклюзивті білім беру ортасын ұйымдастырудың негізгі бағыттары:
– психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті нормативтік негізін құру;
– білім беру процесіне қатысушылардың қызметін анықтау;
– білім беру ұйымның ағымдық жағдайын талдау және бағалау;
– білім беру ұйымның педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау;
– мектеп қауымдастығын дайындау;
– одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу.
Инклюзивті білм беру ортасын ұйымдастыру кезінде көптеген әдістемелік кешендерді баланың білім алу және жеке мүмкіндіктеріне қарай өзгертіліп отырады. Білім алуда және әлеуметтік ортада бейімдеуде инклюзивті білім беру ортасы ерекше маңызды орынға ие. Әр түрлі қабілеттері бар балалардың білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін икемді және өзгермелі ұйымдастырушылық-әдістемелік жүйені құру мектепке дейінгі және мектептегі білім беру жүйелерінің сабақтастығымен қамтамасыз етіледі.

Дәріс 27


Тақырыбы: Инклюзивті білім беруде оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және бағалау
Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі білім беру жүйесінің дамуы болып табылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне сапалы білім алуға барлығының құқықтарының теңдігі, әр адамның интеллектуалды дамуын, психофизиологиялық және жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың барлық деңгейі үшін білімге қолжетімділігі жатады. Сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімді болу шартын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі инклюзивті білім беру болып табылады. Мектептегі білім мазмұнын заманауи қазақстандық қоғамның серпін сұраныстарына келтіру, функционалдық сауаттылығын дамыту, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, вариативтілікті және оқыту формалары мен әдістерін таңдау еркіндігін қамтамасыз ету орта білімнің заманауи артықшылықтары болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында білім беру процесі оқушылардың психофизикалық ерекшеліктерін және танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып бастауыш, негізгі орта, жылпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларының негізінде әзірленген арнайы білім беру оқу бағдарламаларын қолдану арқылы іске асырылады. Жалпы білім беру оқу бағдарламалары тұлғаның жалпы мәдениетін, қоғамдық өмірге тұлғаның бейімделуін қалыптастыру міндеттерін шешуге, саналы таңдау және кәсібі мен мамандығын меңгеру үшін негіз құруға бағытталған. Бүгінгі таңда мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін ендіру қажеттілігі жетті, яғни бағаға жүктелетін қызметтер ресми түрде хабарланып қана қоймай, сонымен бірге практикада жүзеге асырылуда. Оқушылардың дайындық деңгейі туралы ақиқат және анық ақпараттар алу мүмкіншілігі оқыту мүмкіндігі және жеке оқу қорытындылары болу мүмкіндігін ұсыну бойынша сынып оқушылары құрамының біртексіздігін ескеретін критерилерді қолданумен іске асырылады.
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқып-үйренудегі қиындықтарын дер кезінде анықтап, оларға коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептегі білім игеруге байланысты қол жеткізілген деңгей туралы оқушылар мен ата-аналарды хабардар етіп отыру үшін тұрақты түрде психологиялық-педагогикалық мониторинг өткізіліп тұруы тиіс. Бұл интеграциялық оқыту сыныбы мұғалімінің арнаулы (коррекциялық) сынып мұғалімімен, пән мұғалімдерімен, психологпен, арнаулы және әлеуметтік педагогтармен тығыз ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады. Осымен қатар арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдаудың бақылануын және орындалуын мектеп психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумы жүзеге асыруы тиіс. Инклюзивті білім берудің отбасылар үшін пайдалы әсері бар. Мәселен қалыпты дамып жатқан балаларға да, ерекше білімді қажет ететін балаларға да ата-ана болу – үлкен міндет болып табылады. Даму мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу кезінде ата-аналарда ерекше қиындықтар туа бастайды. Егер баланы инклюзивті балабақшаға немесе мектепке белгілеу мүмкіндігі болса – бұл ата-анаға деген үлкен көмек. Егер олар өз балалары баратын балабақша тобының немесе мектеп өміріне белсенді қосылса, онда олардың уайымдары азаймақ. Инклюзивті балабақшаға немесе мектепке баратын бала күннен-күнге жағымды жаққа қарай өзгереді, басқаша бола бастайды және ата-ана, қоршаған ортадан тыс болу сезімін азырақ сезінеді, сонымен қатар, тәрбие жұмысының тиімділігі жоғарылайды және баланың табысқа жетуіне көмектеседі. Бағалау жүйесі оқудағы негізгі мәселелерді анықтаудың және кері байланысты жүзеге асырудың негізгі құралы болып, сонымен қатар тұтас алғанда білім беру процесінің негізіне салынған қағидаттарды анағұрлым анық бейнелейді.
Білім берудің жаңа стандарттары әзірлеу ісі білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесімен де байланысты ғылыми және әдіснамалық мәселелерді анықтады.
Білім алушылар жетістіктерін бағалауда ең маңызды құрал бола тұра, бағалау жүйесі білім беру процесін жетілдіруді жалғастыру үшін объективті және тиімді болуы тиіс. Білім берудің қазіргі жүйесінде білім алушылардың білімділік жетістіктерінің сапасын бағалаудың критериалды-бағдарлы көзқарасы негізіндегі қадағалау және бағалау өзекті болып отыр. Критериалды-бағдарлы көзқарастың қолданылуы білімділік жетістіктерін бағалаудың объективтілік және сенімділік деңгейін айтарлықтай арттырады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін бағалауда бағалау жүйесі осындай балалардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті көрсетіп қоймай, мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру процесінде қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. Бағалау жүйесі білім беру процесінің сапасын нықтауға, оқудағы стратегия және тактика бойынша түбегейлі шешімдері қабылдауға, білім беру мазмұнын да, күтілетін нәтижелерді бағалау нұсқаларын да жетілдіруге мүмкіндік беретін оқу жетістіктерін өлшеу және оқу қиындықтарын диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін бағалауда алған нәтижелердің және ерекше білімділік қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы жоспарланған мақсаттардың ара-қатынасы мәнді болады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ерекшелігін ескеріп, бағалау жүйесін көп функционалды етіп, оны жетілдіру керек. Бағалау жүйесінің бірнеше функциясын атауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет