Тақырып атауы: Интеграциялық оқыту түсінігі және түрлері.
Сабақтың мақсаты:Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары туралы нормативтік құжаттар мен жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары
жөнінде ақпарат беру.
Негізгі сұрақтар: 1. Интеграциялық оқыту түсінігі. Интеграциялық оқытудың трлері.
2. Жалпы білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
3.Қолдау көрсетуші топтардың қызмет жағдайылары.
4.Жалпы типтегі балабақшалардың мүмкіндігі шектеулі балаларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Тапсырмалар:Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары туралы нормативтік құжаттар мен жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формаларына студенттердің өз ұсыныстарын айту.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Балалардық психофизикалық дамуында оқушылардың танымдық мүмкіндіктері және келесідегіде вариативті оқыту қарастырылады:
1) танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес келетін, сенсорлық, сөйлеу, қозғалғыш қасиеттерінің бұзылуы бар балалар үшін мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай болатын білім;
2) танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес емес, психикалық дамуының кешеуілі, қозғалтқыш дене мүшелерінің бұзылуы, сөйлеу және сенсорлық қасиеттерінің бұзылуы бар оқушылар жеке оқу жоспарлары бойынша, қысқартылған оқу бағдарламалары арқылы білім алуды жүзеге асыру;
3) жекешелендірілген бағдарламалар (ауыр дәрежедегі ақыл-есі кем және көптеген ауытқулары бар балалар үшін) және интеллектуалды ауытқулары бар балалар үшін арнаулы бағдарламалары бар мектептерде білім алуды жүзеге асыру.
Өткізу формасы:эвристикалықталдау
Бағалау критерийлері: