Тақырып атауы: Ерекше білім беруді қажет ететін балалар категориясы.
Сабақтың мақсаты:Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық – психологиялық мінездеме туралы түсінік беру. Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасының дамуын ұғындыру.
Негізгі сұрақтар: Ерекше білім беруді қажет ететін балалар категориясы
Ақаулығы бар балалар психологиялық-педагогикалық мәселе ретінде
«Ақаулық» түсінігі. Ақаулықтың болу себептері.
Тапсырмалар:Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаттарына сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқаулықтар: XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады.
Өткізу формасы:ауызша, ішінара ізденіс, талдау жүргізу.
Бағалау критерийлері:
Сабақ мазмұнын ұғынуы және толық жеткізе білуі
60
Қосымша сұрақтарға толық жауап беруі
25
Тақырыпты қосымша мәліметтермен қамтуы
15
Барлығы:
100
Әдебиеттер : 1.«Сурдопедагогика» под.ред. А.И.Дьечкова
2.«История сурдопедагогики» А.Г. Басова, С.Ф. Егоров Москва Просвещение 1989 год
3.«Обучение и воспитание глухих детей» под.ред. С.А.Зыкова Москва
4.«Слепоглухонемые дети» А.И.Мещеряков Москва Педагогика 1974 год.