Тақырыбы: Инклюзивті білім беру жүйесінде дефектолог мамандарды дайындау жағдайы «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» дегендей біздің басты міндетіміз - жаңа заман талаптарына сай, экономикалық әлеуметімізді молайту үшін ғылымның мол жетістіктерімен қаруланған, білім беру жүйесін дамытумен қатар басқара алатын жастарымызды тәрбиелеп, білім беру болып табылады. Ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін тілі мен діні, жері қаншалықты маңызды болса, оның рухани дүниесі де соншалықты маңызды болып табылады. Қазіргі таңда сапалы білім алу мен адамгершілігі жоғары тұлға тәрбиелеу мәселесінің мәні артуда. Білім беру мен тәрбиелеу үрдісін жаңа сапаға көтеру - өзекті мәселеге айналуда. Жолдауда адами капиталдың сапалы дамуына баса назар аударылып, оқыту процесіне қазіргі заман талабына сай технологиялар мен әдістемелерді енгізу, педагогтар сапасын көтеру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, тәрбие мәселесін күшейту бағыттары нақты қарастырылған .
Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу және қоғамдастыру мәселесі алға қойылған. Олардың құқықтарын қорғау мен тең дәрежелі білім алуы негізінде әртүрлі іс шаралар мен жүйелер енгізілуде. Соның бірі – инклюзивті білім беру болып табылады. Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Қазіргі уақытта елімізде инклюзивті білім беру білім саласында бірінші орынға қойылып отыр. Себебі, 1994 жылы қол қойылған Саламандық дикларациясы бойынша, 92 мемлекеттік және 25 халықаралық ұйымның 300-ден астам өкілдері, «инклюзивті білім беруді жалпы білім беретін мектептерген енгізу – мүмкіншілігі шектеулі балалардың дискреминациясымен күресу әдістерінің бірден бір жолы, ол мектеп қоғамының жылы қарым-қатынасқа бейімделуін, барлығына қолайлы және жалпы білім беру жағдайын ұйымдастыру» деп есептейді. Инклюзивті білім беру мен оның негізгі қағидалары, жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі мен мектеп педагогтарының мүмкіншілігі шектеулі балалардың әлеуметтік, физикалық, эмоционалдық және зерде дамуын тәуелсіз қабылдап, оларға қажетті жағдай жасауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 мусыида қабылданған Білім туралы заңының 1 Бөлімі 1 тармағына сәйкес барлық балалардың сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың бірдей білім алуға құқылы және бұл құқықты жүзеге асыруда міндеттер жүктелген. Елімізде бүгінде қолға алынып жүзеге асырылып жатқан инклюзивті білім беру жүйесін жүзеге асыру жолында мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбіне арнайы мектеп- интернаттарда білім алады. Шындығында олар оқшауланған, қоғамдық өмірге бейім емес. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. Қазақстанда қазіргі таңда инклюзивті білім беру үдерісін енгізу ісі кешенді сипатқа ие, ол мемлекеттік құрылымдардың, ата-аналардың, отбасының, ең бастысы білім беру жүйесі мен мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуын, тікелей араласуын және белсенділігін қажет етеді. Бүгінде ерекше назарды студент-дефектологтарды тәрбиеші әрі педагог ретінде дайындықтарын қалыптастыруға аудару керек, өйткені ол қалыпты топқа қарағанда инклюзивті топтағы балаларға одан да зор ықпалға иеленеді. Жоғарыда баяндалған сапалы білім мен адамгершілігі жоғары тұлға даярлаудың және мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамдануына, әрі инклюзивті білім берудің жоғары дәрежеде дамуының бір негізі негізінде ЖОО-да кәсіби маман даярлау болып табылады. Қазақстандыға инклюзивті білім берудегі басты мәселелердің бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуында педагог немесе арнайы мамандардың тапшылығы мен даярлығының жеткіліксіздігі. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді.
болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Инклюзивтік білім берубарлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру болып табылады. Осы жағдайда инклюзивті білім беру жағдайындағы мамандарға қойылатын маңызды талап – медициналық, психологиялық және дефектологиялық саладағы мамандармен бірге әрекет етуге дайындығы мен қабілеті. Бұндай әрекеттестіктің басты мақсаты - даму мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру екендігін түсіну қажет. Арнайы педагогика саласында өзінің кемшіліктерін мойындау, әріптестері мен мамандардың көмегін қабылдау, мамандармен тұрақты байланысуға дайын болу қабілеті – топтағы жұмыстың негізі болып табылады. 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2020 жылы еліміздегі мектептердің 70% инклюзивті білім беру стандартына көшірілуді мақсат етіп отыр. Ал мұндай жағдайда мүмкіндігі шектеулі балалардың 50% жалпы білім беретін мектепте білім алуға мүмкіндік алады. Ал осы мүмкіндікті жүзеге асыру жолында әртүрлі міндеттер тұр.
Осы мақсатты алға тарта отырып, қарастырсақ бүгінде 2016 жылғы ҚР ғылым және білім беру министрлігінің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, елімізде 7432 жалпы білім беретін мектеп бар. 2020 жылға дейін 70% мектепті жүйеге қосатын болсақ, орта есеппен 5202 мектепті құрайды. Қазіргі уақытта елімізде 29 (28 мемлекеттік,1 жеке) мектептер инклюзивті білім беру жүйесіне сәйкес оқыту процессінде. Бұл дегеніміз еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің 3% құрайды. Қалған 67% 4 жыл көлемінде жүйеге қосу міндеті тұр. Бұл жүйеге қосу барысындағы мәселе ретінде кадрлардың жоқтығы басты міндет болып табылады. Жоғарыда баяндалғандай 5202 мектепті жүйге қосу үшін кемінде бір жылда 1000-нан аса инклюзивті білім беру жүйесінде қызмет жасайтын дефектолог мамандар даярлануы қажет. Дегенмен осы тұста манадарды даярлау мен мамандардың дайындығы бойынша үлкен қажеттілік пен сұраныс туындайтыны айқын. Бұл инклюзивті білім беру жүйесіндегі дефектолог мамандарды даярлаудың қажеттілігінің бірінші көрінісі. Елімізде дефектолог мамандарды даярлайтын жоғарғы оқу орындарында инклюзивті білім беру бағыты бойынша пән соңғы 2 жыл көлемінде бағдарламаға қосылды. ҚР бакалавр дәрежесіндегі студенттер жалпы орта есепте 4 жылда оқытылатын пәндер кредитінің саны 157 құрайды. Осы тұста инклюзивті білім беру бойынша тек 1 пән және жалпы кредит саны 3 бір семестрді құрайды. Бір пәнді меңгеру бойынша маман толық дәрежеде аталмыш жүйе бойынша толықтай жұмыс жасай алады ма, инклюзивті білім беру жүйесі бойынша толық мәліметтер мен білім беру әдістемесін меңгеру арасында қарама-қайшылық туындайды. Бұл инклюзивті білім беру жүйесі бойынша дефектолог мамандардың даярлаудың қажеттілігінің екінші көрінісі болып табылады. Сонымен қатар «педагогикалық кадрлар мен соларға теңдес тұлғаларды аттестациялау жағдайы мен ережесінде» көрсетілген: ... Инклюзивті білім беру жүйесіне кіріктірілген жалпы мектептің педагогикалық кадрларының алған диплом дәрежесі мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға сай болуы қажет және қосымша пән бойынша біліктілігін арттыру курстары бойынша куәліктері болуы қажет (арнайы, педагогика, арнайы психология және т.б.)
Сондықтан да, ҚР 2020 жылға арналған инклюзивті білім беру жүйесіндегі 70% көзделген мақсатқа жетудегі басты мәселе бұл дефектолг мамандарды даярлау мен оның педагогикалықұйымдастырушылық бағыты мен көзделген мәселенің бүгінде жоғары сұранысқа қажеттілігі арасында қарама-қайшылық туындап отыр.
Инклюзивті білім берудің негізгі мақсаты
- мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық ерекшеліктеріне, тұрғылықты жерлеріне сәйкес білім алу құқықтарын жүзеге асыру, оларды әлеуметтік бейімдеу және қоғамға интеграциялау; бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролінің маңызын арттыру.
Инклюзивті білім берудің міндеттері:
- ерекше білімді қажет ететін балалардың дамуындағы заңдылықтарды зерттеу;
- жалпы білім беру және арнайы білім беру жүйелерін зерттеу;
- ерекше білімді қажет ететін балалардың ерекшеліктерін ескеретін білім беру бағдарламаларын құру және жүзеге асыру;
- жалпы білім беретін мектептердегі түзетушілік жұмыстардың мүмкіндігін анықтау және сәтті жүзеге асуын болжау;