Тақырып атауы: Есту қабілеті нашар балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету әдістері.
Сабақтың мақсаты:Студенттерге интеграциялық оқыту, толық және толық емес интерграциялық оқыту, эпизодтық интерграция моделі жөнінде меңгерту.
Негізгі сұрақтар: 1.Есту қабілеті нашар балалардың сөзді қабылдау.
2.Есту қабілеті нашар балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау.
3. Олармен жұмыс жүргізу жұмыстар
Тапсырмалар:Интеграция модельдерін қарастыру, олардың түрлеріне сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқаулықтар:Интеграциялық оқыту мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Толық интеграция – қандай да бұзылыс түрі бар баланы қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балалармен бірге мектепке дейінгі топтарда, сыныптарда оқыту. Сонымен қатар, педагогикалық ғылымдарды дамытуда интеграциялық тұрғының тарихи-педагогикалық алғышартының алатын орны ерекше. Интеграция мәселесі шет ел ғалымдарының Я.А.Коменский, И.Д.Зверева, Н.В.Максимова және отандық ғалымдардың Р.Г.Лемберг, А.А.Бейсенбаева, А.М.Мухаметжанова, Г.К.Меңдіғалиева еңбектерінде қарастырылады.
Өткізу формасы:РАФТ стратегиясы
Бағалау критерийлері:
Сабақ мазмұнын ұғынуы және толық жеткізе білуі
60
Қосымша сұрақтарға толық жауап беруі
25
Тақырыпты қосымша мәліметтермен қамтуы
15
Барлығы:
100
Әдебиеттер: Педагогическое речеведение: Словарь-справочник /Сост А.А.Князьков.-М.: Флинта, Наука, 1998.-312 с.
Конвенция о правах ребенка. Принята Генеральной ассамблеей ООН 20.11.1989 г. Ратифицирована постановлением Верховного Совета РК от 8 июня 1994 г. № 77
Бала құқықтары туралы конвенция //www.edugov.kz
Инклюзивное образование за рубежом -От мечты к реальности
Обзор материалов специального выпуска журнала «International Journal of Inclusive Education»
Н. С. Грозная, координатор редакционно-издательской деятельности Даунсайд Ап.