4.Ақпараттық кезең 1960 – 2000 . Осы кезден сандық ықпал пайда болды.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
1.Менеджмент ұғымына анықтама беріңіз.
2. Менеджмент даму кезеңдерін кестеге толтырыңыз.
3.Менеджмент дамуына үлес қосқан ғалымдарды ата.
№ 3-4 дәрістің тақырыбы: Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқарудың теориясы және технологиясы ретінде
1.Педагогикалық жүйелерді басқарудың қоғамдық-мемлекеттік сипаты.
2.Қазіргі мектепті басқарудың ерекшеліктері және негізгі қағидалары.
3.Педагогикалық менеджмент мақсаты және функциялары.
1. Менеджмент – өз еңбегін пайдаланып, интеллектісін және басқа да адамдардың тәртібін пайдаланып жетекшінің қойылған мақсатына жете білуі. Басқаша айтқанда, бұл – ғылым саласы және адамдар мен әлеуметтік процестерді басқару өнері.
«Менеджер» түсінігі, ең алдымен жаңа үлгідегі басшымен астастырылады, оның басты белгісі базалық кәсіби басқару білімінің болатындығы. Білім беру мекемелерін басқару дегеніміз – бұл әрбір адам жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, бұл ғылыми білім саласы, оны игеру үшін табиғи бейімділік, талант және көшбасшылық қасиет керек. Қазіргі білім беру мекемесінің басшысы – бұл тек қызмет қана емес, сонымен қатар мамандық, өйткені бұл қызмет мамандықтың қажетті барлық белгілеріне ие: арнайы білімді, біліктілікті және бейімділікті, арнайы тұлғалық және кәсіби қасиеттерді қажет етеді. Әрбір білім беру мекемесі мен білім беру жүйесі қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі, бүтіндей алғанда басқаруға байланысты болады, білімді дамыту туралы қабылдаған міндеттерді орындауға тұрақты түрде әсер ету. Сонымен, басқару қызметі отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектерінде төмендегідей анықталады: «Басқару дегеніміз – бұл алдын-ала нәтижені көре алу, ұйымдастыра білу, бұйрық беру, үйлестіру және бақылау». Қазіргі кезеңде білім беру нарықының мүмкіндігі мен ауқымы сан қырлы. Жаһандану жағдайында, жақын болашақта білім беру нарықында жоғары сападағы кәсібі мамандарға сұраныс күшейеді. Бұлар – білім беру саласының менеджерлері. Білім беру процесінің менеджері дегеніміз – адамның біліммен сусындауына мүмкіндік жасайтын адам. Білім – тұңғиық әлем, орасан зор күш. Сонымен қатар, ол менеджер үшін бизнес те болып табылады: жекеше мектеп және коммерциялық жоғарғы оқу орындары, министрлік қызмет және халықаралық әріптестерімен бірлесу, кәсіби деңгейін көтеру, жетілдіру және т.б. Міне, сондықтан да, дәл қазіргі уақытта білім менеджерлерін дайындау өзекті. Ол білім жүйесінің тиімді қызмет етуі мен оның бағытын анықтап, білім жүйесінің жоғары сападағы мамандарын қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады. Білім беру мекемелерін менеджменттен арнайы дайындығы бар, мемлекеттік үлгідегі құжатпен расталған мамандар ғана басқаруға тиіс. Білім беру мекемелері мен білімді басқару органдарының басшылары мен менеджерлерінің білімін жетілдіріп отыруын тұрақты жолға қою қажет. Педагогикалық менеджмент мәселелері де Қазақстан ғалымдарының еңбектерінен де көрініс табуда. Қазақстандағы білім беру жүйесін ұйымдастыру және басқару мәселелерін отандық ғалымдар бірнеше бағытта зерттеді. Білім беру жүйесіндегі менеджмент – бұл оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға бағытталған басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тәсілдерінің кешені. Әрбір педагог оқутанымдық процестің менеджері (оны басқару субъектісі ретінде), ал басқарушы – тұтас оқу-тәрбие процесінің менеджері деп көрсетуге болады.
Мектептегі басқаруды әртүрлі кезеңде әр бағытта зерттегендер: В.А.Караковский; В.А.Сухомлинский; Н.В.Сорока-Росинский, С.Е.Хозе; Е.А. Ямбург. Мектепті басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеген ғалымдар: Қ.Ж.Қарақұлов; Н.Д.Хмель; Г.Т.Хайруллин; А.К.Ахметов; Г.А.Уманов; А. П. Сейтешев; Р.М.Қоянбаев; және т.б. ХХ ғасырдың 40-жылдары менеджменттің психологиялық жақтары қарастырыла бастады: өндірістің тиімділігіне адамдар арасындағы тұлғааралық қатынасты реттеу арқылы жетуге болады.
Жоғары педагогикалық білімді басқару (З.А.Исаева, С.Т.Каргин, А.А.Калюжный, С.И.Қалиева, Қ.С.Мусин, М.Н.Сарыбеков, К.С.Успанов, Н.Н. Хан және т.б.) мәселелерін кеңінен қарастырып келеді. Білім беру саласындағы менеджмент (Т.Баймолдаев, Б.А.Қойшыбаев, К.Н.Нарибаев, К.Ж.Аганина, Г.Б.Нурлихина, З.М.Садвакасова және т.б), инновациялық білім беру (Г.К.Нұрғалиева, Ш.Т.Таубаева, К.Д.Бузаубакова және т.б) негіздеріне арналған зерттеулер жүргізді. Қазіргі ЖОО-н менеджмент негізінде басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздерін Е.Ш.Қозыбаев қарастырса, ЖОО құрылымында мектеп менеджерлерін дайындаудың педагогикалық шарттарын З.М.Садвакасова, ЖОО қызметкерлері басшыларының басқарушылық шешімдерді қабылдау дағдыларын қалыптастыру мәселелерін Ю.А.Мастобаев, ал жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру процестерін басқаруды кәсіби қалыптастыруды П.К.Искакова өз зерттелеулерінде ашып көрсетті.
Педагогикалық менеджмент осы уақытқа дейін білім беру мекемелерінің басшылары, басшылық жасау білімін тек білімін жетілдіру жүйесінде курстық қайта дайындықтарды ұйымдастыру арқылы ғана алып келді. Маман-ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, қазіргі басшылар өз-өзінен «табиғи талант» ретінде пайда бола қалмайды немесе курстарды өткізу нәтижесінде де дайындалмайды, қазіргі таңда студенттік кезден бастап базалық басқарушылық-педагогикалық білім алу қажеттілігі пісіп жетілді. Сонымен қатар, көптеген дамыған елдерде: Ұлыбритания, Германия, Франция, Австралия, Канада, Швеция және т.б. тиімді басқару қызметіне қажетті білім менеджерлерін дайындаудың моделі жасалған. Әлемдік менеджмент теориясы мен тәжірибесін талдағанда көрінетіні, классикалық менеджменттің біздің отандық басқару теориясынан ерекшеленетіні – менеджердің тұлғасына мән беретіндігі, оның ұйымның мақсатын жүзеге асыру үшін барлық адамдардың басын қоса алатын және соған арнайы кәсіби білімі бар екендігі. Менеджмент саласындағы білім беру, базалық басқару ақпаратын беруге және аналитикалық, іскерлік пен тіл табысу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |