Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: А. Х. Қазетова п.ғ. к., аға оқытушы



бет13/50
Дата08.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#180503
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент Қазетова

Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
1. «Менеджер» , «педагогикалық менеджмент» «білім беру менеджменті» ұғымдарына сипаттама беріңіз

2. Мектептегі басқаруды әртүрлі кезеңде әр бағытта зерттеген ғалымдар.
3. Мектепті басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеген ғалымдар.
4. Білім беру саласындағы менеджменттің мәніне тоқталыңыз.

5-6 дәрістің тақырыбы: Педагогикалық менеджмент заңдылықтары



  1. Оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны

2.Басқарудың талдау жасау, мақсаттылық, гуманистілік, демократтылығы
Басқару қағидалары басқару заңдылықтарының нақты байқалуы мен бейнелеуі болып табылады. Менеджмент тұрғысынан мектепішілік басқаруда оқу-тәрбие жұмысының тиімділігі басқару объектілері мен субъектілері арасындағы құрылымдылық-функционалдық байланыс деңгейіне тәуелділігі, оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыру мазмұны мен әдістеріне сәйкестігі басшылыққа алынады.
Педагогикалык менеджменттің ұстанымдары:
1) Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.
2) Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.
3) Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу.
4) Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы.
5) Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы

Педагогикалык менеджменттің ұстанымдары
Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды.
Олар:
- адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқығы мен мүмкіндіктерін мойындау;
- адамға сену, оның өзін-өзі тануы және мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау; - өзара құрмет негізінде сенім ахуалын қалыптастыру;
- бастамашылдықты, шығармашылық бейімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді қалыптастыру;
- жетістікті, мектептің ісіне әркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау;
- адамға құрмет және сенім – басқарудағы ізгіліктің ең жоғары көрінісі
Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді, демек, педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл қызмет кезеңіндегі кажеттіліктерімен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп қарастырған жөн. Мұғалім де баланы онын үлгерімі тұрғысынан ғана оқушы деп қарамай, тұлға ретінде қарастыруы шарт. Тіпті, оны баланың бойындағы барлық нәрсе қызықтыруы тиіс: оның оқуы, дамуы, қызығушылығы, қоршаған ортасы, отбасы жағдайы, тұрмысы және т.б.

Педагогикалық менеджменттің ынтымақтастық кағидасы: - мұғалімге жауапкершілік артумен бірге оның мектепшілік басқару ісіне және мектептің қоғамдық, өміріне араласу қажеттілігін ұғыну жағдайын жасау; - мұғалімнің жеке қасиеттерін білу әрі ескеру және олардың оқушыларға деген ізгілікті қатынастарын, құзыреттіліктерін, бастамашылықтары мен жауапкершіліктерін бағалау; - мектеп басшысы мен педагогикалық ұжымның бірлескен қызметінің негізгі қағидасы – адамгершілік, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалык мақсатқа лайық жұмыс болуы тиіс. Ең алдымен, мұқият назар аудару, талдау, сараптау, сонан соң шешім қабылдау. Ең бастысы, менеджердің қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі – педагогтерді біріктіре, жұмылдыра білу. Барлық қағидалардың мәні – мұғалімдердің кәсіби қызығуын қолдау, өз әрекетіне сенімділігін ояту. Ол үшін мұғалімдердің кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау, семинар, конференция, педагогикалық оқу-байқауларға қатысуға мүмкіндік беру керек. Осындай жанашылдық ықпал үздіксіз өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін талап етеді.
Д.Карнегидің басқара білудің (әлеуметтік-психологиялық болып табылатын) 10 ережесін үнемі назарда үстау қажет.
1.Сұхбаттасқан адамдардын ерекшелігін ықыласпен мойындаңыз және мақтаудан бастаңыз.
2. Кемшілікті жанама түрде көрсетіңіз. Тура сынау пайда келтірмейді.
3.Алдымен өз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, сонан соң сұхбаттасушыны сынаңыз.
4.Әнгімелесушіге бұйрық беруден бұрын сұрақ койыңыз.
5.Адамға өз жетістіктерін қорғауға мүмкіндік беріңіз
6.Мақтауға сараң болмаңыз.
7.Адамның үмітін ақтау және сақтау үшін мүмкіндік туғызыңыз.
8. Мадақтаңыз. Кемшілікті оңай түзетуге болатындай, ол қиындык келтірмейтіндей үміт туғызыныз.
9. Өз қалауынша, адам қызығушылыкпен орындайтын күйге қол жеткізіңіз.
10. Адамның өз бейнесін сақтауға мұмкіндік беріңіз.
Д.Карнегидің ұсынып отырған ережесі қарауындағы адамға сыйластықпен қарауға үйретеді. Менеджменттік басқару әдісінде жеке тұлғаға сенімділікпен қарау негізі қаланған. Менеджменттің басты мақсаты — жетістік. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш. Осы менеджменттік басқару арқылы педагогикалык қызметтің сапалы нәтижесі үшін атқарылған жұмыстың жемісін көруге болады. Басқарудың педагогикалық менеджмент негіздерін меңгере отырып кез келген деңгейдегі педагогтердің біліктілігін көтерудегі негізгі міндет — әдістемелік сауаттылыкты меңгере алуы (ағартушылық, құзырлылық, зерттеушілік мәдениеті). Педагогикалық менеджмент мектеп басшысы мен мұғалімдердің құзырлылық пен белсенділігін және өзін дамыту үшін жағдай туғызудағы дамытушылықты басқару болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет