Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: А. Х. Қазетова п.ғ. к., аға оқытушы


Сурет 3 Педагогтың кәсіби этикасы



бет25/50
Дата08.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#180503
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент Қазетова

Сурет 3 Педагогтың кәсіби этикасы
Басшының сыртқы тәртіп жоспары мен ішкі адамгершілік мақсаты сай келгенде, біршама басқарушылық нәтижеге жетуге болады. Басшының қолжетімділігі, қол астындағы адамдармен жиі байланысуға тырысуы оның беделіне оң әсерін тигізеді, оған деген сенімділік деңгейін көтереді. Егер басшының қызметін адамдармен өзара іс-әрекет саласында деп қарастырсақ, онда қызметкерлер құрамын басқару саласының зерттеушілерімен, үш топқа біріктірілген, менеджер құзыреттілігінің 11 негізгі саласы берілген:
І. Жеке бас тәртіптілігі, оған кіретіндер:
- этика: жеке бас құқығын сыйлау, алған уәделеріне жауапкершілік арту, сенімділік, шыншылдық, әділдік;
- адалдық: өз жұмысының нәтижесіне жоғары талаптар қою;
- парасаттылық: ақылға қонымды, шындыққа негізделген шешімдерді қабылдай білу қабілеттілігі.
ІІ. Мақсаткерлік және өнімділік, оған кіретіндер: - нәтижелілік: соңғы нәтижені бағдарлай білу;
- талапшылдық: қалыптасқан жағдайларға таңылған шектеулерді жеңу қабілеттілігі;
- ұжымға берілгендігі және іскерлік бағдар: ұжымның нормаларымен жүру дайындығы, жұмысқа берілгендігі және өз жұмысының сапасына деген жауапкершілігі;
- өзіне деген сенімділік: қарапайым емес міндеттерді шеше білуі және оған дайындығы.
ІІІ.Ұжыммен жұмыс істей білу дағдысы, болжанғандар:
- ұжымдық бағдар: бірлескен істің қажеттілігін түсіну және басқалармен бірлесе әрекет етіп жұмыс істей білу;
- байланыстылық: серіктестермен іскерлік және шығармашылық қатынас орната білу;
- байланысқа бейімділік: ауызша және жазбаша сөйлейтін сөздерді, стилистикалық және басқа да мазмұнды құралдарды пайдалана білу, серіктестерге ықпал ете білу және өзара түсіністікке жету;
- тыңдай білу: ауызша байланыстан шыққан ақпараттарды қабылдау, меңгеру және пайдалану қабілеттілігі
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
1. Педагогикалық қарым-қатыныс түрлеріне тоқталыңыз.
2. Педагогтың кәсіби этикасын талдаңыз?
3. Педагогтің ұжыммен жұмыс істей білу дағдыларын атаңыз.
25-26 дәрістің тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісіне қақтығыстарды басқару
Дәріс мазмұны:
1.Қақтығыс-әлеуметтік -қоғамдық құбылыс.
2.Педагогикалық және теориялық қақтығыс туралы түсінік.
Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми халықаралық термин – конфликт қазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Бұл аталған ұғым, түсініктер оқушыларға білім беру, оқыту, үйрету барысында, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі.
Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байлансты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.
Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы (Г.М.Андреева бойынша):
- коммуникативті;
- интерактивті;
- перцептивті.
Педагогикалық қарым-қатынастың атқарылатын қызметі:
- әлеуметтік;
- психологиялық;
- инструменталдық.
Педагогикалық қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар:
- тиімді байланыс орната алмау;
- сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау;
- педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты құрастыра және өзгерте алмау;
- оқушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;
- өзінің психикалық жағдайын басқара алмау және т.б.
Педагогикалық қарым-қатынасты төмендегідей іскерліктер құрайды:
- ақпаратты беру іскерлігі;
- оқушы жағдайын түсіну;
- балалармен өзара қарым-қатынас орнату;
- қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі;
- өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б.
Психологиялық кедергі, дау «конфликт» сөзімен сайма-сай келеді. «Конфликт» сөзі латын тілінен аударғанда «сonflikt’s» – қақтығысу мағынасын білдіреді. Шетелдік педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде: «Конфликтқұндылық үшін күрес және белгілі бір мәртебе, ресурстар үшін таласу барысында қарсыласты бейтараптандыру, зиян келтіру» – деп көрсетіледі.
Педагогикалық қақтығыс, психологиялық кедергілердің ерекшеліктері:
- Проблемалық жағдаяттарда мұғалімнің дұрыс шешім қабылдауға жауаптылығы;
- Конфликтіге қатысушылар әртүрлі әлеуметтік мәртебеге ие;
- Өмір тәжірибесі әртүрлі;
- Дау тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс;
- Мұғалім инициативаны өз қолына алуы керек;
- Кез келген қателік жаңа проблема тудыруы мүмкін



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет