Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
1. Көшбасшылыққа сипаттамалық мінездемесіне анықтама берген ғалымдар.
2. Білім беру мекемелеріндегі басшылардың басшылық әрекетін топтастыру
3. Көшбасшылық теориялары
№ 29-30 дәрістің тақырыбы: Педагогикалық менеджменттегі көшбасшылық процесі түрлерінің сипаттамасы
1. Педагогикалық менеджменттегі көшбасшылық процесі
2.Коучингтер, тәлімгерлік жұмыстар
1.Қазіргі ақпараттық заман талабына сай оқушыларға жаңа дағдыларды тиімді қалыптастыру үшін жаңа дағдыларды мұғалімдер өздері меңгеруі керек. Ол үшін әр мұғалім өзін білім алушы ретінде сезінуі тиіс. Я.А.Коменский «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана» деген болатын. Расында да бүгінгі күні көшбасшы мұғалімдер – ол мектепке жаңалық әкелуші, оқу үлгерімін жақсартушылар, сондықтан да біз әрқайсымыз өз білімімізді үнемі жетілдіріп отырғанымыз абзал. Халқымызды жарқын болашаққа бастауға бүкіл саналы ғұмырын арнаған Ахмет Байтұрсынов білім беру саласындағы қажеттіліктерге ерекше назар аударған.
Қазақ елінің ұлттық мүддесін қорғауды мақсат еткен ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Оқыту жайында» мақаласында оқыту жұмысы үш нәрсеге барып тірелетінін айтып кетті. Бірі ақшаға, бірі құралға, бірі мұғалімге. Осы үшеуі бірдей тең болса, оқу қисаңдамайды, ауытқымайды түзу жүреді. Ол осы пікірін іске асыру жолында нақтылы еңбек етті. Расында да, бүгінгі күні білім беру саласында енгізіліп жатқан қарқынды өзгерістер – ұлы ағартушыларымыздың идеяларымен ұштасып жатыр. Қазіргі кезде Қазақстанның түкпір-түкпірлеріндегі әр мектептерде Кембридж оқыту тәсілін меңгерген мұғалімдерге өз деңгейіне қарай қаражат төленеді. Деңгейлік курсты меңгерген әр мұғалім үш айдың ішінде Ахмет айтқан педагогикалық қуатты құралдармен қаруланып шығады.
Деңгейлік курстан өткен мұғалім – мектебіне жаңалық енгізушілер, мектептегі мұғалім тәжірибесін өзгертушілер. Сол мұғалімдерді қалай өзгертеміз, өзгерте аламыз ба, олар оңайлықпен өзгере қоя ма? Бұл әрине, белгісіз деп жауап берер едім. Ал, француздың философ гуманисі Мишель Монтеньнің қағидаларында, «Әрбір адам – қайталанбас ерекше құбылыс», «Әрбір адам өзін мүлдем өзгерте алады», «Надандықтан құтылғың келсе, оны мойында» деген екен. Адам баласы әр түрлі болады кейбір әріптестеріміздің өзгеруі қиын жағдай және ұжымда шетте жүруі де әрине кездеседі. Ондай адамдар өзінің надан екенін мойындамайды және ол келешек ұрпақтың білімді болуына айтарлықтай зиянын келтіреді. Бүгінгі күнгі мектеп зерттеуші мектеп болуы тиіс. Зерттеуші мектеп болу мақсатында көшбасшылар оқушылардың білім алу мәселелері бойынша пікірлерін тыңдау, жеке қажеттіліктерін білу, шешу арқылы оқуды алға жылжытады. Мектептің өзін-өзі бағалау үдерісіне көмек көрсетеді. Яғни мұғалімдер бір-бірімен тығыз байланыста, зерттеулермен айналысқанда ғана мектептегі оқыту тәжірибесінің, оқушылардың оқу үлгерімі жақсарады. Біз Глазунов орта мектебінде бірінші және екінші деңгейлік курсты меңгерген көшбасшылар мен мектеп әкімшілігі жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған даму бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Мектеп шеңберінде даму бағдарламасын, іске асыру, оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған коучингтер ұйымдастыру, бір немесе екі әріптесіне тәлімгер болу – бірінші деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімнің түйінді функциясы. Бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімнің басшылығымен коуч – мұғалімдер оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған даму бағдарламасын іске асырады. Коуч – мұғалімдердің басшылығымен мұғалімдер өздерінің оқытушылық тәжірибесінде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізеді. Осы идея бойынша мектепте көшбасшылар өз міндеттерін атқаруда аса жауапкершілік танытады. Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады. Оқуға бағытталған көшбасшылық оқушылардың оқу үлгерімінің жақсаруына және ұжымда ынтымақтастық орта қалыптастырып, оқытушылардың тәжірибесін жақсартуға бағытталған.
Ұлтының болашағына қам жеген ұлы ұстазымыз А.Байтұрсыновтың қанатты сөзінде «Мектептің жаны – мұғалім. Ең әуелі мектепке керегі білімді педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген болатын. Бірінші және екінші деңгейді бітірген мұғалімдер мектебімізде басқа мұғалімдерге көшбасшылық ету, тренер, зерттеу топтарының жетекшісі, іс-әрекеттегі зерттеушінің арнайы жұмыс тобы мүшесінің рөлі арқылы мектепте алға қойылған мақсаттарға ілгерілету үшін тиімді тәсілдерді қолданады.
Саутворт мектеп көшбасшылары әдетте өктемдік ретінде түсініледі де, бір адамның басшылығымен шектеліп қалатынын дәлелдеген. Расында да бұрын тек мектептегі мұғалімдердің сабағына тек мектеп әкімшілігі ғана кіріп, ол сыныпта не болып жатқанын білуге тек мектеп басшыларында ғана мүмкіндік болса, қазір осы сыныптпарда не болып жатқанын, бірінші және екінші деңгей курсын аяқтаған, яғни мектеп көшбасшылары мүмкіндік алды. Олар сыныпта не болып жатқанын біліп қана қоймай, әріптесіне нақты ұсыныс жасап, көмегін тигізеді. Диалогтық оқыту арқылы оқушылар сыныпта өз ойларын жеткізуге мүмкіндік алады. Бірлескен оқуда сыныптағы оқушылар жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Оқу үлгірімі төмен оқушылар сыныптастарымен бірлесіп білім алғанда ашылып, еркін пікірін жеткізе алатындай болады.
Коучингтер, тәлімгерлік жұмыстар арқылы қарастырылатын екі мәселеге көңіл аудару керектігін түсіндірдік. Мұғалімдерге оқытудың қандай жолы болса қолданылса да, біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Қазіргі әлемдік деңгейге қол жеткізген оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған. Дәстүрлі стиль арқылы білім алған оқушылар алған білімдерін өмірде қолдана алмайды, оларда механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алған. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсінуін қамтамасыз ету, алған білімдерін кез келген жерде қолдана алуын қамтамасыз етеді. Тиімділігі жоғары және үнемі жетілдіріліп отыратын мектептер оқушыны оқыту мен оқу сапасын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданылатындығымен ерекшеленеді. Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер өздерінің әріптестерімен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады. Көшбасшы мұғалімдер желі арқылы өзіміздің жүргізіген жұмыстарымыз бойынша тәжірибе алмастыруға, зерттеулердің нәтижесімен басқа мектептегі әріптестерімізбен ой бөлісуге мүмкіндіктер қарастырылған. Қарым-қатынас орнату мен білімді тарату көшбасшылықтың басты міндеті болып табылады. Көшбасшылық жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың ықпалынан тыс барлық деңгейлерде дами алады және желінің қызметіне қатыстыру арқылы болашақ көшбасшыларды тәрбиелеуге болады деген пікір бар. Көшбасшылықты дамыту үшін бірлесіп басқару және өкілеттіліктерді беру арқылы жаңа мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, көшбасшылардың жаңа типтері пайда болады. Табысты желілер топтың өзге мүшелеріне өкілеттік беру үдерісін дамудың бастапқы кезеңдерінде-ақ жоспарлайды. Үздіксіз оқытуды дамытуда «желі»ұғымы аса маңызды болып отырғаны байқалады
Достарыңызбен бөлісу: |