Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: А. Х. Қазетова п.ғ. к., аға оқытушы


Кесте 6 Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері



бет24/50
Дата08.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#180503
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент Қазетова
123771970757 Дәріс 2, 14 нед, 7 нед
Кесте 6 Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері
Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды. Аксиалды қарым-қатынас – ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас). Ретиалды қарым-қатынас – ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас). Вербальсыз қатынас – мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы сөзсіз қарым қатынас. Мимика – адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі. Ым-ишара (жест) – қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары. Пантомимика – қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуы. Вербальды қарым-қатынасқа қарағанда вербальсыз қарым-қатынастан көбірек ақпараттар алуға болады. Өмірде естуге қарағанда адам көру арқылы көбірек ақпарат алады екен. Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып тұратыны белгілі. Қарым-қатынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл-күйде екенін түсінуге болады.
Басшының этикасы, жалпы адами адамгершілік талаптармен негізгі басқарушылық қағидаттарды (кәсіптік) біріктірудің қажеттілігінен тұрады. Бұл, сондай-ақ, басқарушының адамдар, тұлға және топ пен ұжымның, ұжымдар арасындағы өзара қарым-қатынастың мәнісін және негізгі нормаларын білуді көздейді. Қызметтік этика, басқарушылық қызметтерді іске асыру процесіндегі адамдардың өзара қарым-қатынастарына тікелей қатысы бар тәртіп нормаларына көңіл бөледі. Осылайша, қызметтік этика басшыға оған қол астындағы адамдармен қатынаста әділ, талапшыл, сонымен қатар, шыдамды, Мұғалімнің кәсіби мәдениеті әдепті, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құру жөнінде қамқорлық көрсетуді ұсынады. Кәсіби этиканың нормаларына қатынастың жоғары мәдениеттілігіне сәйкес келетін белгілер жатады. Бұл басшының құзыреттілігімен қатар, өзінің мамандығында оның беделін қалыптастырады және қолдап отырады.
Этика (грек тілінен – еthika, еthos дегеннен – әдет-ғұрып, мінез) – мораль, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән екені белгілі. Этика – адамның қоғамдық және жеке өміріндегі құлықтық ережелер мен талаптарды біріктіретін қоғамдық сананың ерекше формасы, мораль туралы ілім. Педагогикалық этика – педагогикалық қарым-қатынастың негізгі элементі. Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ: «Ұстаздың мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс. Ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет