1. «Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедрасы Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің «Педагогика, бизнес және құқық» институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бүгінгі таңда кафедра білікті кадрларды даярлауда жетекші роль атқарады және келесі 3 бағыттағы бакалавр мен магистрлерді даярлау бойынша өз қызметін жүзеге асырады:
6В041, 7М041 – Бизнес және басқару;
6В113 – Көлік қызметтері;
6В042, 7М042 – Құқық.
Кафедраның оқу процесі "Білім туралы" ҚР Заңына, ҚР ҒжБМ, бұйрықтары мен нұсқаулықтарына және Университет Жарғысына сәйкес жүргізіледі.
Кафедраның негізгі қызметі Ұлттық біліктілік шеңберіне, ҚР ҒжБМ тізіміне енгізілген Дублиндік дескрипторлармен келісілген кәсіби стандарттарға сәйкес, ел экономикасының даму үрдісін, тұтынушылардың және еңбек нарығының кадрларды даярлау сапасына қойылатын заманауи талаптарын ескере отырып қалыптастырылатын білім беру бағдарламаларын іске асыруға бағытталған.
Келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындық жүзеге асырылады:
6В04102 - «Экономика»
6В04103 - «Есеп және аудит»
6В04101 - «Қаржы»
6В04101 - «Мемлекеттік және аймақтық басқару»
6В11301 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»
6В04201 - «Құқықтану»
6В04202 - «Бизнес құқық»
6В04203 - «ҚР Білім беру жүйесіндегі құқықтану және құқықтық қамтамасыз ету»
Магистратураның білім беру бағдарламалары төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:
7М04108- «Экономика»
7М04201 - «Құқықтану»
Кафедра оқытушылары оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, белсенді оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізеді, ғылыми жұмыстарды жүзеге асырады. Отандық және шетелдік ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, импакт-факторы бар журналдарда, рейтингтік журналдарда және ҚР ҒжБМ.
Қазіргі уақытта кафедрада 3 бағыт бойынша 32 оқытушы, оның ішінде 2 экономика ғылымдарының докторы, 1 PhD, 6 экономика ғылымдарының кандидаты, 1 техника ғылымдарының кандидаты, 8 заң ғылымдарының кандидаты және 11 магистр және 2 маман үш бағыт бойынша қызмет атқарады.
Кафедра өндірістік және кәсіптік тағылымдамадан өту үшін өз ресурстарын қамтамасыз ететін жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейді, мұнда студенттер мен магистранттар дағдыларды меңгереді және ғылыми зерттеулермен айналысады. Жұмыс берушілер үнемі семинарлар, вебинарлар және презентациялар өткізеді.