Білім беру бағдарламасы бойынша алматы, 2024


«Педагогика, жаратылыстану және денешынықтыру»



бет6/19
Дата24.06.2024
өлшемі101,71 Kb.
#203473
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ОПК ПМНО қазақша

«Педагогика, жаратылыстану және денешынықтыру» кафедрасы Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің Педагогика, бизнес және құқық институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бүгінгі таңда кафедрада мамандықтар бойынша 2 бағытта жұмыс істейді:

  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау

Дайындық бакалавриаттың 6 бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады:

  • 6В01401 - Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау.

  • 6B01501 - Информатика мұғалімдерін дайындау

  • 6В01502 - Биология мұғалімдерін дайындау

  • 6В01503 - География мұғалімдерін дайындау

  • 6В011504 - Химия мұғалімдерін дайындау

  • 6В011505 - Математика мұғалімдерін дайындау

Және бір бағыт магистратура бағдарламасының негізінде:

  • 7М01401 – Дене шынықтыру және спорт педагогтарын даярлау

Кафедрада білім алушыларды Қазақстан Республикасында танымал ғалымдар, еңбек сіңірген спорт шеберлері және педагог кадрларды даярлау саласындағы тәжірибелі әдіскерлер даярлайды.
Қазіргі уақытта кафедрада 18 кандидат, 3 - PhD докторы, 11 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары мен спорт шеберлері жұмыс істейді.
Кафедра оқытушылары оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, белсенді оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізеді, ғылыми жұмыстарды жүзеге асырады.
Отандық және шетелдік ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, импакт-факторы бар журналдарда, рейтингтік журналдарда және ҚР БҒМ КОКСОН ұсынған журналдарда мақалалар жариялайды.
Сапалы мамандарды даярлау мақсатында кафедра кәсіби практикадан өту үшін, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өз базасын ұсынатын жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтасады.


Ресурстар мен қызметтер туралы мәліметтер

Институттың оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және жалпы кітапхана қоры 293150 дананы құрайды, оның ішінде қағаз жеткізгіштерде 268830 дана, электрондық жеткізгіштерде -24320.


Барлық кітапханалық-библиографиялық процесстерді автоматтандыру, институттың білім алушылары мен оқытушылары үшін қажетті оқу әдебиеттерін іздеу және тапсырыс беру үшін «автоматтандырылған кітапханалық - ақпараттық жүйе – КАБИС» жұмыс істейді. Институт бағдарламасына көмекші құралдар, ғылыми және анықтамалық әдебиеттер, көркем әдебиеттер жинақталған. Қазақ, орыс және шет тілінде кітаптар бар.
Электронды каталогпен ақпараттық ресурсқа кіріп, кітап қорын, мерзімді басылымдар тізімін іздеуге болады. Кітапхана ақпараттық қорын кеңейту үшін, сондай-ақ жедел түрде алу және алмасу мүмкіндігі, сонымен қатар университеттердің және басқа ұйымдардың кітапханаларымен келісімдер жасалды:

  • Республикалық жоғары оқу оындары аралық электрондық кітапхана;

  • РМК «Ғылым ордасы» Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана;

  • РМК«Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық университеті;

  • Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті;

  • Қазақ спорт және туризм академиясы;

  • Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасы.

Кітапхананың оқырмандары Интернеттің ғаламдық ақпараттық базасын және осындай сыртқы электрондық ресурстарды Томпсон, Springer тағы басқалар қолдана алады.
Институтта мамандандырылған биология, математика, педагогика, тарих кабинеттері, психологиялық көмек кабинеті, компьютерлік сыныптар, коворкинг-орталық, криминалистикалық полигон, вебинарлар кабинеті және т.б. бар, мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін қажетті инфрақұрылым бар.
Институт NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге бағытталған Алматы қаласы аудандарының коммунити-орталықтарымен белсенді ынтымақтасады.
Университетте жатақхана мен спорт зал бар. Студенттік жатақхана қауіпсіз және тұру үшін қажетті жағдайлармен ерекшеленеді. Жатақханада тұратын студенттердің барлық мәселелерін шешу мақсатында студенттердің өзін - өзі басқарудың арнайы органы-студенттердің іс-шараларын ұйымдастырумен және студенттерді орналастыру үдерісімен айналысатын жатақхананың студенттік кеңесі жұмыс істейді. Студенттік жатақхана аумағында сағат 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін есіктер жабылады. Университет барлық мұқтаж жандарды жатақханада орынмен қамтамасыз етуге ұмтылады. Оқу ғимараттарына автобустармен, троллейбустармен және метромен келуге болады. Студенттік жатақханаларға орналасу жыл сайын 25 тамыздан басталады. Барлық қаладан тыс және шетелдік студенттерге шарттық негізде (күндізгі бөлім) жатақханада орын беріледі.
Спорт залы шағын футбол, баскетбол, волейбол, жалпы дене шынықтыру және зияткерлік спорт түрлерінен сабақ өткізуге арналған.
Институтта келесі студенттік клубтар жұмыс істейді: спорт (волейбол, футбол, шахмат, үстел теннисі және тоғызқұмалақ секциялары); би, вокал, ағылшын тілі клубы, UNESCO клубы және т. б.
Еуропа, АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея және т.б. жоғары оқу орындарымен 30-дан астам халықаралық шарттардың әріптестік базасының арқасында институт академиялық ұтқырлық бойынша қызмет көрсетеді.

Оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығы


Мақсаты:

  • жоғары білім сапасын жақсарту;

  • ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру;

  • отандық және халықаралық білім беру қызметтері мен еңбек нарығында ОПҚ бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • жетекші отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибесін зерделеу және игеру есебінен кәсіби құзыреттілікті жетілдіру;

  • білім беру стандарттарының халықаралық салыстырмалылығына қол жеткізу;

  • шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен екіжақты шарттар негізінде шетелдік зияткерлік әлеуетті тарту;

  • сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды орнату.

ПОҚ және білім алушылар үшін академиялық ұтқырлық нысандары:

  • семинарлар, мастер-кластар өткізу, дәрістер оқу (онлайн/ офлайн);

  • бірлескен ғылыми және білім беру жобаларына қатысу;

  • қабылдаушы Тараптың білім беру қызметіне қатысу (онлайн/ офлайн);

  • қабылдаушы Тараптың білім беру мекемелерінде тағылымдамалар, оқыту және біліктілікті арттыру;

  • білім беру саласында консультациялық және сараптамалық қызметтер көрсету.

Университет жыл сайын университетішілік жобалар конкурсы үшін қаржыландыру бөлуді ұлғайтады, оның мақсаты даярлықтың әрбір бағыты бойынша, оның ішінде Алматы қаласының орта мектептері базасында педагогикалық бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Өткен жылы 9 жоба сәтті жүзеге асырылды. 2024 жылы 12 жоба мақұлданды.
Университет студенттерінің академиялық салада ғана емес, әскери іс саласында да білім алуға мүмкіндігі бар. Әскери оқыту Абай атындағы ҚазҰПУ және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанындағы әскери кафедрада жүзеге асырылады. Әскери кафедрада студенттер жоғары сапалы толыққанды әскери білім алады. Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін кафедрада әскери атақ беріледі, бұл студенттерге әскери салада жаңа перспективалар ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет