Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы



бет43/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
369720 2

Оптопара элементтері.
Құрылымдық күрделілігіне қарай оптрондық техника бұйымдары екі түрге бөлінеді. Оптопара – кіріс мен шығысы электрлік байланыспаған, арасында оптикалық байланысы бар сәуле шығарғыш пен қабылдағыштан тұратын шалаөткізгіш прибор (32-сурет,а). Оптоэлектрондық интегральдық микросұлба – бір немесе бірнеше оптопарадан және оған электрлік байланысқан бірнеше күшейткіш немесе сәйкестендіргіш құрылғылардан тұратын прибор немесе ИМС (32-сурет,б). Яғни бұл құрылғылар электрондық тізбекте байланыс элементі болады, сөйте тұрып, кіріс және шығыс тізбектерінің бір-бірімен электрлік байланыспауын қамтамассыз етеді.

а) б)
32 сурет - Оптоэлектрондық приборлар: оптопара (а), оптрондық ИМС (б).

Сәуле көзі ретінде жарық диоды, ал сәуле қабылдағыш ретінде фоторезистор, фотодиод, фототранзистор, фототиристор қолданылады.


Кең қолданылатын оптрон жұптары: жарық диоды-фоторезистор, жарық диоды-фотодиод, жарық диоды-фототранзистор, жарық диоды- фототиристор.



33 сурет- Жарық диоды, фотодиод, фототранзистор түрлері.


Бақылау сұрақтары:

  1. «Оптоэлектрондық прибор» деп аталу себебі?

  2. Сәуле щығару көзі мен сәуле қабылдағыш «жұптарын» қалай таңдауға болады?

  3. «Жұптарына» сәйкес жұмыс істеу принциптері м ен қолдану салалары.

  4. Жарықтың пайда болу үрдісін түсіндір

  5. Жарық диодының құрылысы, кернеуге қосылу сұлбасы, электрлік сұлбасы.

  6. «Жарық айқындығы» дегеніміз не, оның өлшем бірлігі.

  7. Фоторезистор қызметі, жарық дәрежесі, люкс-амперлік сипаттамасы.

  8. Фотодиод қызметі, қолданылуы, элетрлік сұлбасы, белгілену ерекшкліктері

  9. Сәулелік диод қызметі, қолданылуы, вольтамперлік сипаттамада жұмыс істейтін аймағы , элетрлік сұлбасы, таңбалану ерекшеліктері.


Дәріс №15 Тақырыбы: Электр энергиясын өндіру және оларды өндірісте пайдалану Дәрісті өткізу түрі: ақпараттық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет