Жоғарыда аталған электр станциялары туралы қысқаша мəліметтер келтірейік. Жылу электр станциялары (ЖЭС). Бұлар органикалық отынның химиялық энергиясын пайдаланады. Отынның жану энергиясы су, бу жəне газ түріндегі заттарға беріледі. Бұл заттарды жылу алмастырғыш жүйелерінде аралық дене деп атайды. Аралық денеге жылуын берген түтін мұржа (труба) арқылы атмосфераға шығарылып тасталады. Қыздырылған аралық дене жылу жеткізуші ретінде тұтынушыларға жіберіліп, жылуын бергеннен кейін жылу алмастырғышқа қайтарылады да процесс қайталанып, үздіксіз жүріп отырады. Міне, осылай жылу энергиясы өндіріледі. Ал электр энергиясын өндіргенде қыздырылған аралық дене жұмыс өндіргіш ретінде қозғалтқыштарға жіберіліп, механикалық жұмыс атқарылып болған соң шыққан жүйесіне қайтып келеді.
Қозғалтқыштарға тіркелген электр генераторларында механикалық энергия электр энергиясына айналады. Жылу электр станцияларының (шартты түрде) екі түрі бар:
1. Конденсацияық электр станциялары (КЭС) немесе мемлекеттік аймақтық электр станциялары (МАЭС, орысша ГРЭС).
2. Жылу электр орталықтары (ЖЭО-орысша ТЭЦ). Мемлекеттік аймақтық электр станциялары (МАЭС) Мемлекеттік аймақтық электр станциялары (МАЭС) еліміздің біраз ауқымын электрмен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. МАЭС-та өндірілген электр энергияны кернеуі 110-1150 кВ электр желілерімен энергетикалық жүйеге немесе тұтынушыларға жеткізеді. МАЭС бастапқы энергетика қоры бар жерге, əсіресе көмір өндірісі жанына салынады. МАЭС-ныңжекеқуатыөтежоғары. Мысалы, Екібастұздағы 1-МАЭС-ның қуаты 4000 МВт. Үкімет жоспары бойынша Екібастұздағы электр станцияларының (барлығы 4) жалпы қуаты 16000000 кВт болу керек. Міне бұл электр станциялары (МАЭС-КЭС) электр өнімінің нағыз қайнар көздері болып есептелінеді. МАЭС-ның пайдалы əсер коэффициенті 40 шамасында, себебі турбиналарды айналдырған бу тікелей салқындатқышқа (конденсаторға) бағытталады да, жылу энергиясының шығыны жылу электр орталықтарымен салыстырғанда едəуір көбірек болады.
Жылу электр орталықтары (ЖЭО) Тұтынушыларғажылу мен электр энергиясын беретінжылу электр станциялары – жылу электр орталықтары деп аталады (ЖЭО). Жылу энергиясы ыстық су түрінде жылыту процестерінде пайдаланылса, төменгі потенциалды бу түрінде өнеркəсіпте жəне басқа салаларда қолданылады. Энергияның екі түрін бірден шығаратын осындай орталықтар басқа жылу электр станцияларынан əлдеқайда ұтымды. Жылуды құбырлар арқылы 30-50 км қашықтықтағы тұтынушыларға жеткізуге болады. ЖЭО-да электр энергиясы 6-24 кВ желі арқылы жергілікті тұтынушыларға, ал қалған энергия кернеуі 35-220 кВ желімен энергетикалық жүйеге немесе қашықтықтағы тұтынушыларға беріледі. Жылу энергиясын толық пайдалану арқасында ЖЭО-ның пайдалы əсер коэффициенті 60-65%-ға жақын, яғни жоғары көрсеткішке таяу.