Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы


Автотрансформатордың құрылымы, жұмыс принципі



бет19/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Байланысты:
369720 2
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың отбасының қарым-қатынасы, 1589275357, аго, Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-
2. Автотрансформатордың құрылымы, жұмыс принципі Автотрансформатор деп кірмелік және шықпалық орамаларының ортақ орамдары болатын трансформаторларды айтады.
Автотрансформаторлар бір фазалы және үш фазалы болады, үш өзекті немесе бір фазалы трансформаторлар тобынан тұрады. Басқа трансформаторлар сияқты автотрансформаторлар кернеуді төмендеткіш не жоғарлатқыш ретінде, әр түрлі кернеулі электр желілерін байланыстыру үшін және лабораториялық жағдайда кернеуді біртіндеп реттеу үшін қолданылады.
Төмендеткіш автотрансформатордың принциптік схемасы көрсетілген. Бірінші реттік жоғарғы кернеу орам саны ω1 бірінші реттік ораманың А-Х қысқышына беріледі. Екінші реттік орама а-Х бірінші реттік ораманың бір бөлігі болып табылады, оның орам саны ω2 .
Бос жүріс кезінде I2=0, бірінші реттік ораманың кедергілеріне түсетін кернеуді есепке алмасақ, бірінші және екінші реттік орамаларының ЭҚК-терінің тепе-теңдік теңдеулерін мына түрде жазуға болады:
U1=E1 =4.44ω1ƒФm; U2=E2 =4.44ω2ƒФm;
Бірніші және екінші реттік орама кернеулерінің қатынасын автотраснформаторлардың трансформация коэффиценті деп атайды. Яғни U1/U2=ω1/ω2=n
Егер автотрансформаторлардың екінші реттік ормасын қандай да бір энергия қабылдағышына тұйықтасақ, онда екінші реттік тізбекте I2 тоғы жүреді. Энергия шығынын есепке алмасақ, автотрансформаторлардың желіден тұтынатын қуаты оның екінші реттік орамаға беретін қуатына тең деп қарауға болады, яғни P=U1I1=U2I2 I1/I2=W2/W1=1/n
Сонымен трансформатордың негізі қатынастары автотрансформаторлар үшін де орындалады.
Төмендеткіш автотрансформаторларда I12 ток бағыты I2 тогымен бағыттас болса,жоғарылатқыш автотрансформаторда ол- I2 тогына қарама қарсы.

  1. Автотрансформатордың трансформатордан айырмашылығы

Бірдей пайдалы қуатты автотрансформаторлардың трансформатордан артықшылығы: орама материалдардың болаттың аз жұмсалуында,энергия шығынының аздығында,пайдалы әсер коэффициентінің жоғарылығында және жүктеме өзгеруіне байланысты кернеу өзеруінің аздығында.Бірдей ток тығыздығында автотрансформаторлардың орамаларының өткізіштерінің массасы трансформатордыкінен кіші болады.Бұл жағдай түсіндіріледі.
Трасформатордың магниттік өткізішінде екі орама бар-көлденең қимасы I2 тогына есептелген,орам саны w1 бірінші реттік орама және көлденең қимасы I2 тогына есептелген, орам саны w2 –екінші реттік орама. Автотрансформаторларда да екі орама бар,бірақ олардың бірі (А-α бөлігі) (w1- w2) орам саны бар көлденең қимасы I1 тогына есептелген өткізгіштерден, ал екіншісі (α-Х бөлігі) w2 орам саны және орам өткізгіштерінің көлденең қимасы I2- I1= I12 тогына есептелген.
Автотрансформаторлардағы магниттік өткізішінің болатының массасы және оның көлденең қимасы да трансформатордың магниттік өткізгішінің көлденең қимасынан және болат массасынан аз.Бұл мынаған байланысты: трансформаторда энергия бірінші реттік желіден екіншісіне орамалар арасындағы электромагниттік байланыс арқылы болатын магниттік жолмен беріледі.Автотрансформаторда энергияның бір бөлігі бірінші реттік желіден екіншісіне екі орама арасындағы электрлік байланыс арқылы,яғни электрлік жолмен беріледі.Бұл энергияны беру барысында магнит өрісі қатыспағандықтан,автотрансформатордың электромагниттік қуаты трансформаторға қарағанда кіші.Активтік жүктеме кезінде автотрансформатордың пайдалы қуаты P2=U2 I2. I2 = I1+ I12 болғандықтан P2 =U2 I1+U2 I12= P3+Pм, мұндағы Pм- автотрансформатордың пайдалы қуаты Pм- автотрансформаторлардың электромагниттік қуаты, бұл қуат мөлшері қажетті магниттік ағынды, магниттік өткізгішінің көлденең қимасы мен массасын анықтайды және ол автотрансформатордың есептік қуаты немесе габариттік қуаты болып табылады.
Трансформатормен салыстырғанда автотрансформатордың елеулі кемшіліктері де бар: қысқа тұйықталу кедергісінің аздығы, қысқа тұйықталу еселігін арттырады: энергия көзі мен тұтынушы арасындағы электрлік байланыс жоғары кернеудің төмен кернеулі желіге берілу мүмкіндігін тудырады.Энергия көзі мен қабылдағыш желілері арасында электрлік байланыстың болуы, автотрансформаторларды полюстарының бір ұшы жерге қосылған энергия қабылдағыштада (түзеткіш құрылғылары) пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Трансформация коэффициенті бірге жуыктаған сайын автотрансформаторларды трансформация коэффициенттері үлкен емес (n=1÷2) жағдайларда қолданылады.
Үш фазалы желілерде, әдетте орамалары жұлдызша қосылатын, үш фазалы автотрансформаторлар пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет