Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы



бет21/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Байланысты:
369720 2

Түзеткіш параметрлері, бір фазалы ток үшін бір немесе екі жарты периодты болатын түзету схемасына байланысты болады. Біржарты периодты схемада айнымалы кіріс кернеуінің біржақты толқыны, ал екіжарты периодты схемада екіжарты толқыны да қолданылады.
Түзеткіш жұмысын уақыт диаграммаларының көмегімен қарастырған ыңғайлы. А нүктесінің потенциалына қарағанда оң болатын алғашқы периодта диод ашық, ал жүктеме резисторында ток бар. егер диод кедергісі тура бағытта нольге тең деп есептесек, онда кернеу түгелімен жүктеме резисторына беріледі. Яғни, . Екінші жарты периодта трансформатордың екінші орамындағы кернеуі қарама-қарсы өзгереді, яғни А нүктесінің потенциалы В нүктесінің потенциалына қарағанда теріс болады. Бұл жағдайда диод кері бағытта қосылған. Егер жабық диодтың кедергісі шексіз деп есептесек, онда трансформатордың екінші орамындағы кернеуі жабық диодқа беріліп, оның максимал мәні кері max= болады.
Уақыт диаграммаларынан жүктеме резисторындағы ток және кернеу пульсациялы сипатта болатынын көреміз.
Кез келген түзеткіштің жұмысының тиімділігі пульсация коэффициентімен //, яғни бірінші /негізгі/ гармоновка амплитудасының нег.m. орташа түзетілген кернеуіне қатынасымен анықталады. Біржарты периодты түзеткіштер үшін .
Екіжарты периодты түзеткіштер кеңінен қолданысқа ие болды. Олардың біржарты периодты түзеткіштерден айырмашылығы - түзетілген кернеудің желі периодының екі жартысында да құралатынында. Құрамына трансформатор, көпірлік схема бойынша жалғанған диодтары және жүктемелік кедергісі кіретін екіжарты периодты көпірлі түзеткіш кеңінен таралған.
Трансформатордың екінші орамындағы А нүтесінде, В нүктесіне қарағанда оң потенциал болатындай желі кернеуінің жарты периодында - Ді, Д3 диодтары ашық, ал , диодтары жабық. Бұл жарты периодтағы токтың бағыты трансформатордың екінші орамындағы А нүктесі диоды, жүктеме резисторы, диоды және В нүктесі.
А нүктесінде теріс потенциал болатын келесі жарты периодта , диодтары жабық, ал, диодтары ашық. Токтың бағыты В нүктесінен диоды, жүктеме кедергісі, диоды арқылы трансформатордың екінші орамының А нүктесіне қарай жүреді. Бұл жағдайда периодтың өне бойында кедергі тогы мен кернеуінің бағыты бірдей болады. Пульсация коэффициенті және бірдей мәндеріндегі түзеткіштердің ек типін салыстыру олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Көпірлі түзеткіштің тиімділігі жоғары: оның түзету тогыың ортша мәні біржарты периодты түзеткіштерге қарағанда екі есе артық, ал пульсациялары әлдеқайда кем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет