Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы


Тұрақты тоқ электр қозғалтқыштарының міндеті мен қолдану аймағы



бет29/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Байланысты:
369720 2

Тұрақты тоқ электр қозғалтқыштарының міндеті мен қолдану аймағы. 

Тұрақты тоқ машинелері өзара қайтымды электрлі техникалық құрылғы. Олар ешқандай құрылыстық өзгерістерге түспей-ақ генератор немесе қозғалтқыш ретінде істей алады. Тұрақты тоқ қозғалтқыштары, негізінде айналу жылдамдығын кең ауқымда ақырындап реттеу мүмкіндігі болғандықтан, біртіндеп өзгертуді қамтамасыз ететін электр жетектерінде, сондай-ақ арнайы құрылыстағы есептеу және басқару машинелеріне қолданатын шағын жүргізгіштер ретінде қолданады.

15 – сурет. Тұрақты ток машинесі бөлшектенген күйде: а-статор; в-ротор (якорь) коллекторымен; с-айгөлек қалқаны; d-щетка құрылғысы; е-щеткі.


Тұрақты тоқ қозғалтқыштарының құрылысы. 
Тұрақты тоқ генераторы мен қозғалтқышы құрылымдық тұрғыдан бірдей машинелер болғандықтан құрылыстарын бірге жұмыс жасау принциптерін жеке-жеке қарауға болады. Тұрақты тоқ машинесі статор жармасынан (статина), якорьден (статор), негізгі және қосалқы полюстерден, коллектордан, щетка құрылғысынан, полюс ұштамаларынан, якорь орамасынан қоздыру орамасынан және т.б. құрылғы көмекші арналымды бөлшектерінен тұрады.
Статор жармасы. Статор табаны тұрақты тоқ машинесінің қозғалмайтын бөлігі, ол полюстер мен машиненің өзін іргетасқа бекітуге қызмет етеді.
Статинаның полюстер бекітілетін бөлігі жарма деп аталады. Ол магнит өткізгіштің бөлігі болып табылады, сондықтан ол арқылы тоқ өтетін магнит ағынына қолайлы жағдай жасау үшін, оны жоғары магнит өткізгіштігі бар болаттан болмаса арнайы шойыннан жасайды. Жарманы жасау технологиясы құйма болаттан немесе тұтас тартылған болат құбырдан даярлайды. Негізгі полюстердің магнит өрісі тұрақты болғандықтан, мұнда гистерезис құбылысы мен құйынды тоқтар болмайды.
Якорь (ротор). Якорь машиненің айналатын бөлігі, ол қалыңдығы 0,5 мм қалыпты, тисті дөңгелек электротехникалық болат қаңылтырдан жиналған цилиндр. Қаңылтырларды жинаған соң, арнайы тетікпен қысады, якордың сыртқы бетін бойлай ойықтар мен тістер қалыптасады. Якорьдің ойықтары, әдетте ашық болады, ал шағын машинелер үшін асинхронды машинелер роторының ойықтары сияқты жабық болады.

16 – сурет. Тұрақты ток машинесінің негізгі (бас) полюсті: 1-өзекше; 2-полюс ұштамалары; 3-қоздырғыш орама; 4-катушканың қаңқасы; 5-станина; 6-бекіткіш болт.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет