Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы



бет30/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Байланысты:
369720 2
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың отбасының қарым-қатынасы, 1589275357, аго, Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-
Негізгі (бас) полюстерНегізгі бас полюстер машинеде негізгі магнит ағынын жасауға және өткізуге арналған Полюс өзектен және полюстік ұштамадан мұны кей жағдайда "башмак" деп атайды, себебі мұның констукциясы темір жол башмағына ұқсайды, полюс ұштамаларына мұндай пішін ауа саңылауы арқылы магнит ағынын өткізуді жеңілдету мен оның якорь бетінің полюсіне бір тегіс орналасуын қамтамасыз ету үшін берілген.
Қосымша полюстер. Қосымша полюстер қосымша магнит өрісін жасауға арналған, ол якорь реакциясының орынын толтырады және машине жұмысының түрлі тәртібінде, коллектордегі щеткінің ұшқынсыз жұмысын қамтамасыз етеді. Оларды соғылған болаттан немесе электр болатының қаңылтырынан жанайды.

17 – сурет. Тұрақты ток машине коллекторының қаңылтырларының құрылысы.




Коллектор. Коллектор механикалық түзеткіштің құрамдық бөлігі, ол якорь орамасында индукцияланатын айнымалы синусойдалы ЭҚК-ін генератордан шығатын тұрақты (үзбелі) ЭҚКке айналдырады. Коллекторды сына тәрізді етіп, мыс қаңылтырдан жасайды, оларды бір - бірінен сондай-ақ коллектордың сыртынан миконит төсеніштермен және манжеттер арқылы оқшаулайды.
Коллектордың қаңылтырларын ыстық кезінде цилиндр корпусқа оның қисық беттері дәл цилиндр сияқты болу үшін айналдыра жонылады. Жылдам айналатын машинелерде айналу жылдамдығы жоғары кезінде, щеткелер дірілдемеуі үшін, диск тәрізді коллектор қолданылады, олардың жанасу беті айналу білігіне тік орналасқан.



18 – сурет. Тұрақты ток машинесінің щетка аспабы: 1-щеткі ұстағыш; 2-щеткі; 3-қаңылтыр серіппе.




Қоздыру орамасы. Қоздыру орамасы машиненің якорь айналатын полюс аралық кеңістігінде магнит өрісін туғызуға арналған. Қоздыру орамасы полюс өзекшесіне кигізілетін, каркасқа оралған шарғы түрінде жасалған. 
Якорь орамасы. Якорь орамасы тұрақты тоқ машинесінің маңызды құрамдық бөлігі, ол электр энергиясын магнит энергиясына (қозғалтқыш) немесе магнит энергиясы электр энергиясына айналдырады (генератор). Якорь орамасының орамдарының өткізгіштері якордың бойлық ойықтарына орналасады, ал олардың ұштары коллектордың қаңылтырларына жалғанады.

19 – сурет. Тұрақты ток машинесі якорінің бір орамды (а) және үшорамды (в) бөлімдері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет