Бір фазалы асинхронды электрлі қозғалтқыш.
Бір фазалы асинхронды қозғалтқыштар шағын қуаттарда 1—2 кВт-қа дейінгі кеңінен қолданылады. Мұндай қозғалтқыштың кәдімгі үш фазалы қозғалтқыштан айырмашылығы—оның статорында бір фазалы орама орналасады. Бір фазалық асинхронды қозғалтқыштың роторында фазалық немесе қысқа тұйықталған орама болады. Бір фазалық асинхронды қозғалтқыштың ерекшелігі — онда бастапқы немесе жүргізіп жіберу моментінің болмауында, яғни мұндай қозғалтқышты желіге қосқанда оның роторы қозғалмаған күйінде қала береді.
Егер роторды әйтеуір бір сыртқы күшпен қимылсыз күйінен шығарса, онда қозғалтқыш айналдырушы момент дамытады. Бастапқы моменттің болмауы бір фазалы асинхронды қозғалтқыштардың елеулі кемістігі болып табылады. Сондықтан олар әрқашанда жүргізіп жіберу құрылғысымен жабдықталады.
Ең қарапайым жүргізіп жіберу құрылғысына статорға ораластырған, бір-бірінен полюс бөлімінің жартысына (90 эл. град.-) ығыстырылған, екі орама жатады. Бұл орамалар симметриялы екі фазалық желіден қоректенеді, яғни орамаларға берілген кернеу бір-бірімен тең және фаза бойынша ширек периодқа ығысқан. Мұндай кернеулерде орамалар бойынша жүретін токтар да фаза бойынша ширек периодқа ығысады. Ол орамдардың кеңістіктік ығысуына қосылып айналмалы магнит өрісін алуға мүмкіндік береді.
Бір фазалы қозғалтқышты жүргізіп жіберу үшін екі ораманы оларға ортақ бір фазалы желіге қосады. Орамалардағы токтар арасында, шамамен ±/2-ға тең (ширек периодқа тең) фазалар ығысу бұрышын, алу үшін орамалардың бірін (жұмыстық ораманы) желіге тікелей немесе жүргізіп жіберу активтік кедергісі арқылы қосады, екінші ораманы (жүргізіп жіберу орамасын)—орауышпен немесе конденсатормен тізбектеп қосады.
Конденсаторлы (екі фазалы) қозғалтқыш — статорда екі орамасы бар бір фазалы асинхронды қозғалтқыш болып табылады.
Синхронды машиналар құрылысы.
Синхронды машиналарда ротордың айналу жиілігі статордың магнит өрісінің айналу жиілігіне тең, сондықтан ол желі тогының жиілігімен және полюстер жұбының санымен анықталады, яғни п =60f/p; f=pn/60.
Барлық электр машиналары сияқты синхронды машина да қайтымды, яғнн ол әрі генератор, әрі қозғалтқыш ретінде жұмыс істей алады.
Электр энергиясы синхрондьі генератормен (өндіргішпен) өндіріледі. Оның бастапқы қозғалтқышы су (гидравликалық), не бу трубинасы, не іштен жану қозғалтқышы т. с. с. бола алады.
Өткізгіштегі ЭҚК осы өткізгішті тұрақты магнит ерісінде орнын ауыстыру арқылы да және керісінше, магнит өрісін жылжымайтын өткізгішке қарағанда қозғалту арқылы да алуға болады, Бірінші жағдайда, магнит өрісін қоздыратын полюстер, яғни машинаның индукцияланатын бөлігі машинаның қозғалмайтын бөлігінде (статорда) орналасады, ал индукцияланатын белігі (якорь), яғни ЭҚК пайда болатын өткізгіштер машинаның айналмалы бөлігінде (роторда) орналасады. Екінші жағдайда полюстар , роторда, ал якорь статорда орналасады.
Полюстері роторда, ол якорі статорда орналасқан синхронды генераторлар кеңінен қолданылып отыр. Қоздыру тогы қоздыру орамасымен жүреді. Қоздыру орамасы ротор полюстерінде орналасқан, тізбектеп қосылған орауыштардан тұрады. Қоздыру орамасының ұштары машина білігіне бекітілген түйіспелік сақиналармен жалғанған. Сақиналарға қозғалмайтын щеткалар орнатылған. ІЦеткалар арқылы қоздыру орамына басқа энергия көзінен — қоздырғыш деп аталатын тұрақты ток генераторынан тұрақты ток беріледі.
Қоздырғышты синхронды генератордың жалпы көрінісі 11-суретте көрсетілген. Синхронды генератордың статорының құрылысы асинхронды машинаның статорының құрылысына ұқсас. Синхронды генераторлардың роторы полюстері айқын кескінделген, не айқын кескінделмеген, яғни полюстері шығып тұрмайтын түрінде жасалынады.
11 сурет - Синхронды генератордың құрылысы:
1-синхронды генератор, 2-қоздырғыш.
Полюстері айқын кескінделген генераторлардың алғашқы қозғалтқыштары ретінде, әдетте, шапшаң жүретін машиналар қатарына жататын, бу турбиналарын қолданады.
12 сурет - Синхронды машинаның роторы: а — айқын кескінделген полюстармен, б — айкңн кескінделмеген полюстермен
Достарыңызбен бөлісу: |