Бақылау сұрақтары:
Бір және екіжарты периодты түзеткіштердің жүктеме резисторындағы кернеулерінің осциллограммалары қалай сызылады?
Түзеткіш құрылғының сыртқы сипаттамасын алу үшін қандай приборлар қажет?
Ток пен кернеудің тұрақты құраушысы қандай жүйедегі приборлармен өлшенеді?
Түзеткіштердің қайсысында жүктеме резисторындағы тогының тұрақты құраушысы көп?
Түзеткіштердің қайсысында жүктеме резисторындағы кернеуінің тұрақты құраушысы көп?
Жүктеме қуатын диодтың қандай параметрлері шектейді?
Дәріс №8 Тақырыбы: Айналмалы ток электр машиналары
Дәрісті өткізу түрі: ақпараттық
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:
Айнымалы ток электр машиналары туралы жалпы мәлімет, қолдану аймағы
Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс жасау принципі
Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы
Бір фазалы асинхронды электрлі қозғалтқыш
Әдебиеттер Пустынников С.В. Общая электротехника. Учебная пособия Издания Томского политехнического университета 2013г. 102с.
Нефедов В.И. Основы радиоэлектроники – М.: Высшая школа, 2000, 400 с.
Хотунцев Ю.Л., Лобарев А.С. Основы радиоэлектроники – М.: АГАР, 1998, 282 с.
Ушаков В.Н. Основы аналоговой и импульсной техники – М.: высшая школа, 2004
1. Айнымалы ток электр машиналары туралы жалпы мәлімет, қолдану аймағы. Электр машиналары электр станцияларында, өндірісте, транспортта, авиацияда, автоматты басқару және реттеу жүйелерінде тұрмыста кеңінен қолданылады. Олар механикалық энергияны электр энергиясына және керісінше электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіреді.
Механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін машина генератор (өндіргіш) деп аталады. Электр энергиясын механикалық энергияға қозғалтқыш (двигатель) арқылы түрлендіреді. Кез келген электр машинасын әрі генератор, әрі қозғалтқыш ретінде пайдалануға болады. Оның .екі жақты энергия түрлендіргіш қасиеті машинаның қайтымдылығы деп аталады. Ол бір текті токтың электр энергиясын (жиілік, айнымалы токтың фазалар саны, тұрақты ток кернеуі) екінші текті токтың энергиясына түрлендіруге .де қолданылады. Мұндай электр машиналарын түрлендіргіштер деп аталады.
Жұмыс жасайтын электр кондырғысының ток тегіне байланысты электр машиналары тұрақты және айнымалы ток машиналары деп екіге бөлінеді. Айнымалы ток машиналары бір фазалы және көп фазалы болып келеді. Үш фазалы синхронды және асинхронды машиналар және айналу жиілігін кең көлемде үнемді реттеуге мүмкіндік беретін коллекторлы айнымалы ток машиналары да кеңінен қолданылады.