Тегістеуші сүзгілер. Электронды құрылғыны қоректендіретін кернеудің пульсация коэффициенті проценттің бөлшегіндей болу керек. сондықтан, пульсацияларды берілген деңгейге дейін, тегістеуші сүзгілер деп аталатын құрылғылардың көмегімен азайтуға ұмтылады
Сүзгілік элементтің типіне байланысты олар индуктивті, сыйымдылықты және электронды сүзгі деп аталады. Олардың негізгі элементі, кедергілері тұрақты және айнымалы ток үшін әр түрлі болатын индуктивтілік, конденсатор және транзистор болып табылады.
Индуктивтілік катушкасы үшін тұрақты ток бойынша индуктивтік кедергі жиілік артқан сайын өседі. Сонымен, токтың айнымалы құрамдасы үшін катушканың индуктивтік кедергісі тұрақты құрамдасының кедергісінен әлдеқайда артық. Сондықтан, индуктивті катушканы /индуктивті сүзгі/ жүктемеге тізбектей жалғанған кезде, жүктемедегі түзетілген кернеудің пульсациясы кемиді.
Тегістегіш сүзгінің жұмысының тиімділігін сипаттайтын негізгі параметр, ол – сүзгінің кірісі мен шығысындағы пульсацияларының қатынасына тең, тегістеу коэффициенті: сиымдылық сүзгісі жүктеме кедергісіне парллель қосылады. Осылай қосылу кезінде конденсаторы диод арқылы, кернеуі конденсатордағы кернеуінен артатын сәттерде, кернеуінің амплитудалық мәндеріне дейін зарядталады. Бұл режимге уақыт интервалы сәйкес келеді. уақыт интервалында кернеу , диод жабық, ал конденсатор резисторы арқылы уақытта разрядталады. Бұл кезде кернеуі экспоненциалды заңдылық бойынша ең төмен мәнге дейін кемиді. уақыт моментінен бастап конденсатордағы кернеуі кернеуінен төмен болады. конденсаторы қайтадан зарядтала бастайды да, процесс қайталанады. Уақыт диаграммасы көрсететіндей, сиымдылық сүзгісі қосылған кезде, кернеуі периодтың екінші жартысында нольге дейін кемімейді де, белгілі-бір аралықта пульсацияланып, біржарты периодты сүзгісіз түзеткішпен салыстырғанда түзетілген кернеудің орташа мәнін арттырады. Бұл кезде жабық диодқа мәні екі еселенгенге жақындайтын кернеуі берілетінін атап өтеміз.
Сиымдылық сүзгісі көпірлі – түзеткіште де осыған ұқсас жұмыс істейді. конденсаторының сиымдылығын: теңдеуі орындалатындай етіп таңдайды; бұл жердегі - негізгі гармония периоды.
Тегістегіш сиымдылықты түзеткіштің пульсация коэффициенті 102-не дейін кемуі мүмкін. Сиымдылық сүзгісін жоғары омды кедергісімен / қуаты ондаған Вт-тан жоғары емес кезде/ бірге қолданған дұрыс.
Егер одан жоғары тегістеу коэффициенті қажет болса, онда күрделі тегістеуші сүзгілер қолданылады. Оларға Г әрпіне ұқсас және типті сүзгілер жатады.
индуктивтілік катушкасын сиымдылығына жалғағанда /8 – сурет/, ондағы кернеу төмендеуі есебінен түзетілген кернеудегі айнымалы құраушының үлесі айтарлықтай кемиді.
Қуаты аз түзеткіш құрылғыларында, сүзгінің массасын, өлшемдерін және қуатын кеміту керек болғанда индуктивтілік катушкасының орнына кедергісін қосады. кедергісінің «сүзгілеуші» әсер мынада: кезінде кедергісінде түзетілген кернеудің айнымалы құраушысындағы төмендеу, тұрақты құраушыға қарағанда үлкен болады.