Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы



бет2/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
369720 2

Дәріс №1 Тақырыбы: Негізгі түсініктер. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс.
Дәрісті өткізу түрі: ақпараттық
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:

  1. Электр материалдардың негізгі түсінігі. Топтасуы

  2. Заттардың құрлысының негізі. Химиялық байланыстардың типтері және олардың материал мінездемелеріне әсері

  3. Заттардың агрегаттық күйі

  4. Қатты дененің аморфты және кристалды структуралары

Әдебиеттер

  1. Пустынников С.В. Общая электротехника. Учебная пособия Издания Томского политехнического университета 2013г. 102с.

  2. Нефедов В.И. Основы радиоэлектроники – М.: Высшая школа, 2000, 400 с.

  3. Хотунцев Ю.Л., Лобарев А.С. Основы радиоэлектроники – М.: АГАР, 1998, 282 с.

  4. Ушаков В.Н. Основы аналоговой и импульсной техники – М.: высшая школа, 2004




  1. Электр материалдардың негізгі түсінігі. Топтасуы

Электротехникалық материал деп электр магниттік өрісте белгілі сипаттармен негізделетін және техникада сол сипаттарға сай қолданылатын материалдарды айтамыз. Электр өрісіндегі мінездемелері бойынша материалдар мынандай түрлерге бөлінеді: диэлектриктер немесе электр оқшаулайтын материалдар; жартылай өткізгіштер, өткізгіштер. Ал магниттік өрістегі мінездемелері бойынша материалдар диамагнетиктерге, прамагнетиктерге және ферромагнетиктерге бөлінеді.
Электр өрісінде материалдарды мінездейтін физикалық тұрақты шама – ол меншікті электр кедергісі  ро, ал магниттік өрісте – магниттік өтімділік ( ) мю. Диэлектриктер деп, меншікті кедергісі ( ) өте жоғары болатын заттарды айтамыз. Олар электр оқшаулағыш ретінде қолданылады. Олардың мақсаты – электр тізбектегі бір - бірінен ажырату және өткізу. Бірақта, тоқ жүрмейтін заттарды тоқ жүретіндерден оқшаулау. Конденцаторларда диэлектриктер электр сыйымдылығын тудыру үшін қолданылады. Активті диэлектриктер жай диэлектриктен өзгеше, олардың сипаттамаларын реттеуге болады. Бұл заттармен электр сигналын өндіру, ұлғайту, модуляциялауға, өзгертуге болады. Активті диэлектриктерге жататындар, лазерлер мен мазерлардың материал-дары, сегнетоэлектриктер, пьезоэлектриктер, электроптикалық және қисық-сызықты оптикалық материалдар, электреттер т.б.
Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі ( ) фю, кернеумен, температурамен, жарық-тықпен, т.б. факторлармен реттеледі және өзгертіледі. Ол материалдардан диодтар, транзисторлар, фоторезисторлар және де басқа жартылай өзгерткіш аспаптар жасалынады.
Өткізгіштер электор тоғын өткізу үшін қолданылады. Олардың меншікті кедергісі ( ) төмен. Өткізгіштерге меншікті кедергісі төмен (кирогенді) температурада өте аз болып төмендейтін асқын өткізгіштер мен крио өткізгіштер және кедергісі жоғары резисторлар мен қыздыратын элементтер жатады.
Магниттік материалдарға магниттелу қабілеті бар заттар жатады. Кейбір заттар магниттік өрістің жұмысы аяқталғаннан кейін магниттелгенін сақтайды. Олар да магниттік заттарға жатады. Бұл заттардан индуктивті катушканы және трасформаторлардың өзектерін, электр машиналардың магниттік жүйелерін, информацияны есте сақтайтын құрылғыларды, тұрақтымагниттерді және т.б. бұйымдарды жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет