Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы



бет6/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
369720 2

2. Бір фазалы айнымалы ток тізбегі
Айнымалы электр тогы.Айнымалы токты квазистационарлық деп те айтуға болады, яғни ток күшінің лездік мәні тізбек ағынының барлық жерінде бірдей жүреді, себебі өзгеріс өте жәй өтеді. Ал электромагниттік өзгерістер тізбек бойымен жарық жылдамдығына тең жылдамдықпен тарайды. Квазистационарлық тоқтардың лездік мәніне Ом заңы және Кирхгоф ережелері орындалады. Уақыт аралығында тізбектегі токтың бағыты өзгеріп отыратын болса, ондай токты айнымалы ток дейміз.
Мысалы, біздің елдегі өндірістік токтың жиілігі Гц, ол токтың бір секундта ток көзі мен оны пайдаланушының арасында бағытының 50 рет өзгеріп отыратындығын көрсетеді..
Кернеуі заңдылықпен өзгеретін, айнымалы ток көзіне
жалғанған кедергіні қарастырайық. Ом заңы бойынша (квазистационарлық ток үшін).
,
мұндағы - токтың амплитудалық мәні. Бұл тізбектегі ток пен кернеудің арасындағы қатынасты көрсету үшін векторлық диаграмманы пайдаланымыз. Бұл ток пен кернеудің фазаларының ығысуы нольге тең.




  1. сурет - Векторлық диаграмма

Айнымалы ток көзіне жалғанған индуктивті катушканы қарастырайық. Тізбектегі өздік индукция электр қозғаушы күші, ; сонда бұл тізбек үшін Ом заңы былай жазылады,


; ,
Синусоидалы ток тізбегі. Синусоидалы шамаларды сипаттайтын параметрлер.
Синусоидалы шамалардың мәндері және оларды бейнелеу жолдары
Синусоидалы ток практикада кеңінен қолданылады. Синусоидалы токтың тұрақты токқа қарағанда мынадай артықшылықтары бар: а) Синусоидалы ток өндіретін қондырғылардың (генераторлардың) құрылысы тұрақты ток генераторларына қарағанда қарапайым, жұмыс істеу сенімділігі өте жоғары және бағасы арзан; ә) Трансформаторларды қолдану арқылы синусоидалы кернеудің мәнін өте жоғары дәрежеге көтеруге болатындықтан синусоидалы токты алыс қашықтыққа жеткізу арзанға түседі; б)Синусоидалы токты пайдаланып жұмыс жасайтын электр қондырғылардың құрылысы тұрақты ток қондырғыларына қарағанда әлде қайда қарапайым және арзан. Синусоидалы ток деп мәні уақытқа тәуелді синусоидалық заңдылықпен өзгеретін токты айтамыз: i= *sin( t+ ). Оның графигі 2-суретте көрсетілген. Синусоидалы токты мынадай параметрлер арқылы сипаттауға болады:

2 сурет - Синусоидалы токтың графигі

1)Амплитудалық мән ( , , ) – синусоидалық шаманың ең үлкен максимал мәні.


2)Периоды ( Т ) – толық бір тербеліс жасауға кететін уақыт.[c]
3)Жиілік ( f ) – бір секунда ішінде жасалатын тербеліс саны.[1/c];[Гц] f=1/T; T=1/f
4)Бұрыштық жиілік (ω) ω =2πf= 2π/ T, [рад/с]
5)Фаза (ω t+ φ ) – кез келген сәттегі синусоидалық шаманың мәнін анықтауға мүмкіндік береді.
6)Бастапқы фаза φ - синусоидалық шаманың уақыт нөлге тең болған кездегі мәнін анықтауға мүмкіндік береді. Егер φ таңбасы оң болса, онда синусоида ордината осі бойынша солға қарай φ бұрышқа ығысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет