Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы



бет14/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48
Байланысты:
369720 2

Физикалық шаманың бірлігі – шартты түрде бірге тең сан меншіктелетін жəне біртекті физикалық шамаларды мөлшерлік сипаттау үшін қолданылатын бекітілген өлшемді физикалық шама. Мысалы: 1 м – ұзындықтың бірлігі, 1 с – уақыт бірлігі, 1 А – электр тогы күшінің бірлігі.
Физикалық шамалардың бірліктер жүйесі – аталмыш физикалық шамалар үшін қабылданған ережелерге сай құрастырылған физикалық шамалардың негізгі жəне туынды бірліктерінің жиынтығы. Мысалы: 1960 жылы қабылданған Халықаралық бірліктер жүйесі (СИ). Физикалық шамалардың бірліктер жүйесінде бірліктер жүйесінің негізгі бірліктері бөліп көрсетіледі (СИ жүйесінде – метр, килограмм, секунд, ампер, кельвин). Негізгі бірліктердің қатынасынан туынды бірліктер құралады (электр өрісінің кернеулігі – В/м, тығыздық – кг/м3). Негізгі бірліктерге тағайындалған жалғауларды қосу арқылы ондық (мысалы – километр) немесе бөлшектік (мысалы – микрометр) бірліктерді алады.
Физикалық шаманың бірлігінің өлшемі – өлшеу құралы жаңғыртатын немесе сақтайтын физикалық шама бірлігінің мөлшерлік құрамы. СИ жүйесінің негізгі бірліктерінің өлшемін өлшемдер мен салмақтар бойынша Бас конференция (ӨСБК) осы бірліктердің анықтамасымен тағайындайды. Бірліктерді ұлттық эталондардың көмегімен ұлттық метрологиялық зертханалар жаңғыртады. Ұлттық эталон жаңғыртатын бірлік өлшемінің ӨСБК тағайындаған бірліктен айырмашылығы эталондарды халықаралық салыстыру барысында анықталады. Үлгілі (ҮӨҚ) немесе жұмысшы (ЖӨҚ) өлшеу құралдары сақтайтын бірлік өлшемі бірінші текті ұлттық эталонға қатысты тағайындалуы мүмкін. Осы кезде салыстыру бірнеше кезеңдерден құралуы мүмкін (екінші текті эталондар мен ҮӨҚ арқылы).
Физикалық шаманы өлшеу – физикалық шаманың бірлігін сақтап тұратын техникалық құралды қолдану арқылы шаманы пайдалануға қолайлы етіп алу мақсатында өлшенетін шаманы оның бірлігімен салыстыруға негізделген операциялардың жиынтығы.
Өлшеу принципі – қандай да бір өлшеу құралы өлшеудің негізі етіп таңдап алынатын физикалық құбылыс. Мысалдар: – Допплер эффектісін жылдамдықты өлшеу үшін қолдану; – Холл эффектісін магнит өрісінің индукциясын өлшеу үшін қолдану; – массаның салмағын өлшеу барысында ауырлық күшін қолдану. Өлшеулердің түрлері өлшенетін шаманың өлшеу уақытына тəуелділік сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

  • статикалық – мұнда өлшенетін шама уақыт бойынша тұрақты болып қалады;

  • динамикалық – бұл процестің барысында өлшенетін шама өзгеріске ұшырайды жəне уақыт бойынша тұрақты болмайды.

Статикалық өлшеулерге, мысалы, дененің өлшемдерін, тұрақты қысымды, тұрақты режим орнаған тізбектердегі электрлік шамаларды өлшеу жатады, ал динамикалық өлшеулерге пульсациялық қысымдарды, вибрацияларды, өтпелі процесc жағдайында электрлік шамаларды өлшеу процестері жатады. Өлшеу нəтижелерін алу тəсілдеріне байланысты оларды тікелей, жанама, жинақтық, бірлескен деп бөледі.
Тікелей – физикалық шаманың бастапқы мəні тікелей тəжірибелік мəліметтерден табылатын өлшеулер. Тікелей өлшеулер барысында өлшенетін шамаға тəжірибелік операциялар жүргізеді, оны өлшеммен тікелей немесе қажетті бірліктерде градуирленген өлшеу құралдарының көмегімен салыстырады. Тікелей өлшеулердің мысалы ретінде денені сызғыштың көмегімен, массаны таразы арқылы өлшеуді жəне т.б. айтуға болады.
Жанама – бастапқы шаманы осы шама мен тікелей өлшеулер жүргізілген шамалардың арасындағы белгілі тəуелділікке сүйене отырып анықтайтын өлшеулер, яғни анықтауға тиісті шамаға емес, онымен функционалдық тұрғыдан байланысқан шамаларға өлшеулер жүргізіледі. Жанама өлшеулерге ауданды, көлемді, тығыздықты, жылдамдықты жəне т.б. өлшеулерді жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет