Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы


Метрология мен өлшеу техникасы негіздерінің жалпы сауалдары



бет13/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Байланысты:
369720 2
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың отбасының қарым-қатынасы, 1589275357, аго, Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-
Метрология мен өлшеу техникасы негіздерінің жалпы сауалдары.

МемСТ 16263-70 «Метрология. Терминдер мен анықтамаларға» сай: метрология – өлшеулер мен олардың бірегейлігін қамтамасыз етудің əдістері мен құралдары жəне қажетті дəлдікке қол жеткізудің тəсілдері туралы ғылым; өлшеулердің бірегейлігі – өлшеулердің нəтижелері заңдастырылған бірліктермен өрнектелетін жəне өлшеулердің қателіктері берілген ықтималдылықта белгілі болатын өлшеулердің күйі.
Өлшеулердің бірегейлігі түрлі орындарда, əртүрлі уақытта сан алуан өлшеу əдістері мен құралдарын қолдана отырып жүргізілген өлшеулердің нəтижелерін өзара салыстыру үшін қажет; өлшеулердің дəлдігі өлшеу нəтижелерінің өлшенетін шаманың ақиқат мəніне жақындығымен сипатталады; өлшеу техникасы – бұл метрологияның практикалық қолданбалы облысы. Метрологияда қолданылатын өлшенетін шамалар деп физикалық шамаларды, яғни əлемді эмпирикалық жолмен (яғни, сынау арқылы) тануға ұмтылатын тəжірибелік ғылымдардың (физика, химия жəне т.б.) теңдеулерінің құрамына енетін шамаларды айтады. Метрология өлшеулермен айналысатын барлық ғылымдар мен пəндерге етене жақын жəне олар үшін бірегей ғылым болып табылады. 4
Метрологияда қолданылатын негізгі ұғымдар мынадай:

  • физикалық шама;

  • физикалық шаманың бірлігі;

  • физикалық шамалардың бірліктер жүйесі;

  • физикалық шама бірлігінің өлшемі (физикалық шаманың бірлігінің өлшемін беру);

  • физикалық шаманы өлшеу құралдары;

  • эталон; – үлгілі өлшеу құралы;

  • жұмысшы өлшеу құралы;

  • физикалық шаманы өлшеу;

  • өлшеу əдісі;

  • өлшеу нəтижесі;

  • өлшеулердің қателігі;

  • метрологиялық қызмет;

  • метрологиялық қамту жəне т.б.

Негізгі ұғымдарға анықтама берелік:
Физикалық шама – сапалық тұрғыдан көптеген физикалық нысандар үшін жалпылама, бірақ, мөлшерлік тұрғыдан əрбір нысан үшін жеке дара сипатқа ие физикалық нысанның қасиеттерінің бірінің сипаттамасы. Мысалы: ұзындық, уақыт, электр тогының күші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет