3. Үшбұрыштап қосылған үш фазалық тібек
Генераторды үшбұрыштап қосу үшін әрбір фазаның бастапқы ұшын оның соңғы ұшымен біріктіру керек. Симметриялық генераторды жүктемесіз осылай қосқан жағдайда оның ішінде ток болмайды, себебі симметриялық жүйені құрайтын оның э.қ.к.-нің қосындысы нөлге тең болады.
Жүктемелерді (қабылдағышты) үшбұрыштап қосамыз. Сонда генератордың және жүктемелердің фазалық кернеулері екінші жағынан желілік кернеулер болып саналады, ал İ А, İ В, İ С фазалық токтарының İ АВ, İ ВС, İ СА – желілік токтардан айырмашылығы бар екендігі байқалады. Демек, желілік және фазалық токтар арасындағы симметриялық қатынастарды алу үшін олардыңоң бағыттарын таңдап алуымыз керек. Желілік токтар үшін оң бағыт үшін көбінесе генератордан қабылдағышқа дейінгі бағыт алынады, ал генератордағы фазалық токтың бағыты контурды сағат тілінің айналу бағытына қарсы болады.
Бақылау сұрақтары:
Кирхгофтың 1- ші заңы қалай түсіндіріледі?
Қандай токтар оң, ал қандай токтар теріс деп есептеледі?
Кирхгофтың 2- ші заңы қалай түсіндіріледі?
Оң және теріс кернеу түсуі мен Э.Қ.К деп нені айтады?
А және В нүктелеріне Кирхгофтың 1- ші заңы бойынша теңдеу құр.
Кирхгофтың 2- ші заңы бойынша теңдеу құр.
Дәріс №5 Тақырыбы: Электрлік өлшеулер, өлшеу қателіктері жөнінде түсінік.
Дәрісті өткізу түрі: ақпараттық
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:
Метрология мен өлшеу техникасы негіздерінің жалпы сауалдары.
Ток пен кернеуді өлшеу
Кедергілерді өлшеу
Әдебиеттер
Пустынников С.В. Общая электротехника. Учебная пособия Издания Томского политехнического университета 2013г. 102с.
Нефедов В.И. Основы радиоэлектроники – М.: Высшая школа, 2000, 400 с.
Хотунцев Ю.Л., Лобарев А.С. Основы радиоэлектроники – М.: АГАР, 1998, 282 с.
Ушаков В.Н. Основы аналоговой и импульсной техники – М.: высшая школа, 2004
Достарыңызбен бөлісу: |