4. Қатты дененің аморфты және кристалды структуралары Структурасы бойынша, қатты денелер монокристалды, поликристалды, аморфты және аралас болады. Аморфты күй дегеніміз – қатты дененің изотропты болуы. Бұл жағдайда заттың сипаттамалары әр бағытта бірдей және балқу температурасының нақты нүктесі жоқ.
Кристалды структура элементарлы кристалды бөлшектерден тұрады. Кристал – біртектес анизотропты көп қырлы дұрыс дене. Бұл дененің ішіндегі атомдар дұрыс реттелуімен сипатталады және бірдей элементарлы қайта – қайта кездесетін бөлшектерден құралады. Электрлік және магниттік мінездемелері кристалдардың түрлі тораптарында әр түрлі. Кристалды заттардың құрлысы-ның «дефектері», ерекше физикалық қасиеттерді анықтайды және әр-түрлі материалдар мен аспаптарды алу үшін қолданылады. Кристалды қатты заттардың дефектеріне кристалды торлардың электростатистикалық өрісінің қандай да болса бұзылуы жатады.
Электр қасиеттеріне тәуелді барлық заттар диэлектриктерге, өткізгіштерге немесе жартылай өткізгіштерге жатады. Олардың айырмашылығы қатты заттардың зоналық теориясының энергетикалық диаграммасы көмегімен көрсетуге болады. Осытеория бойынша барлық атомдар белгілі бір энергетикалық күйде немесе бір деңгейде болады. Қалыпты күйде осы денелердің кейбір бөлшектері қоздырылмаған электрондарментолы, кейбір бөлшектерде электрондар тек қана сыртқы факторлардың әсерінен ғана пайда болады. Қатты денелерде жеке энергетикалық деңгейлерден біртұтас жолақ пайда болады, ол энергетикалық деңдейлердің зонасы деп аталады. Бұл зоналар үшке бөлінеді: 1- шісі электрондардан бос зона; 2- шісі электрондардың өтуіне тыйым салынған зоная; 3–шісі электрондармен толтырылған зона. Сонымен, диэлектрик деп тыйым салынған зонасы өте үлкен жай жағдайда электрондық өткізгіштік байқалмайтын заттарды атаймыз. Ал тыйым салдырылған зонасы жіңішке, электрондар сыртқы факторлардың арқасында толтырылған зонадан бос зонаға өтуі жеңіл болатын заттарды жартылай өткізгіштер дейміз. Өткізгіш заттардың тыйым салдырылған зонасы жоқ, олардың тотырылған зонасымен бос зонасы түйісіп тұр, сондықтан электрондар кедергісіз бір-біріне өте береді.