Тұрақты тоқ қозғалтқышының электр энергиясын білікті айналдыратын механикалық энергияға айналдыруы. Тұрақты тоқ қозғалтқыштары білікті айналдыратын механикалық энергияның көзі, оны қозғалтқыштардың тұрақты тоқ желісінен тұтынған электр энергиясын механикалық энергияға айналдырып онымен қоса, негізгі полюстердің магнит энергияларын пайдалану арқылы алады. Электр энергиясын механикалық энергияға айналдыру былай іске асырылады. Якорь орамасы мен полюстердің қоздыру орамалары, щеткі тетігі арқылы тұрақты ЭҚК көзіне қосылады. Якорь орамалары мен негізгі полюстердің магнит өрістері, өзара әсерлесуі қорытындылаушы магнит өрісін диогоналдық симметриясыздыққа келтіреді және электрмагниттік момент пайда болуына әкеледі.
Тұрақты тоқ қозғалтқышындағы коммутация. Коммутация - дегеніміз бөлімдердің якорь орамасының бір тармағынан екіншісіне секіріп қосылуы, ол дискретті қаңылтырлардан тұратын коллектордың айналу кезінде щеткілер арқылы ауық -ауық бірде жанасып, бірде ажыратуының қайталануынан болады. Коллекторлы электр мәшинелеріндегі коммутация күрделі процесс болып саналады, ол көптеген факторларға байланысты, олардың кейбірін талдау теориялық тұрғыдан қаралатын, ғылыми қағидаларға жатады. Сондықтан электр мәшинелеріндегі коммутация процесстері теориясында бірқатар жорамалдаулар бар, олардың негізгілері:
коллектор мен щеткілер кез келген айналу жылдамдығында механи
щеткі мен коллектор арасындағы меншікті кедергі тұрақты және қаңылтырдың жанасу бетінің аумағына түйіспедегі тоқ тығызды байланыс емес;
коллектор қаңылтырлары арасындағы оқшаулағыш төсеніштердің қалыңдығын елемеу;
бірінші жуықтауда, щеткінің ені мен коллектор қаңылтырларының ені бірдей деп қарау.
Төменде тұрақты тоқтың коллекторлы мәшинелеріндегі коммутация процессінің физикалық құбылысы қарастырылған.
Тұрақты магниттерден қоздыру жүйесі. Қоздыру жүйесі магниттен жасалған полюстердің негізгі магнит ағынынан болатын тұрақты тоқ мәшинелері магнитті электрлі машина деп аталады. Оларда қоздыру орамалары болмайды.