Терморезисторлар. Кедергісі температурадан тәуелді өзгеріп отыратын шала өткізгіштен жасалған резисторды терморезистор деп атайды. Термо-резисторлардың екі түрі болады: термистор және позистор. Температурасы өскенде кедергісі азаятын терморезисторды термистор деп атайды да, ал температурасы өскенде кедергісі де өсетін терморезисторды позистор деп -атайды.
Термисторларды құрамына темірдің тотығы, никель, кобальт, титан кіретін шалаөткізгіштен жасайды. Ал позисторларды цезий, лантан немесе ниобий қосылған барийдің титанатынан жасайды.
25 сурет - Термистордың (1) және позистордың (2) температуралық (графиктің көрнекілігі үшін кедергінің масштабы сақталмаған) сипаттамалары мен терморезистордың шартты белгісі (3)
Терморезисторлардың негізгі сипаттамасы олардың кедергісінің температурадан тәуелділігін көрсететін график – температуралық сипаттама болып есептеледі (25-сурет). Термисторлардың температуралық сипатгамалары әртүрлі болғанмен, олардың кедергілерінің температурадан тәуелділігінің заңдылығы бірдей болады, яғни
,
мұндағы k және термисторлардың конструкциясына және құрамына байланысты коэффициенттер; Т – температура. Бұл өрнек термисторлардың кедергілерінің температура өскен сайын экспоненциалдық заңдылықпен кемитінін көрсетеді.
Термисторлардың негізгі параметрі ретінде кедергінің температуралық коэффициенті алынады:
.
Термисторларда кедергінің температуралық коэффициенті 0,03...0,06 шамасында болады.
Позисторлардың кедергісі температура өскен кезде әуелі аздап кемиді де кейін өсе бастайды: 70-80°-қа дейін заряд тасымалдаушылардың көбеюі электр өткізгіштікті арттырады, ал температура 100°-тан асқан кезде заряд-тардың броундық қозғалысы, металдардағы секілді, шалаөткізгіштің кедергісінің көбеюіне әкеліп соғады.
Терморезисторлар температураны реттеу жөне өлшеу, қызудан қорғау, өрттен сақтандыру аспаптарында қолданылады.
Тензорезисторлар. Кедергісі механикалық деформациясына байланыс-ты өзгеріп отыратын шала өткізгіштен жасалған резисторды тензорезистор деп атайды.
Тензорезисторларды әдетте электр өткізгіштігі n немесе р - түрлі сили-цийден жасайды: кесек силицийді тілікшелерге кесіп, үстінің кедір-бұдырын тегістейді де электрод ұштарын дәнекерлейді.
Тензорезисторлардың әрекеттік парқы шала өткізгішке түсірілген сығу немесе созу күштерінің әсерінен оның кристалдық торшілтерінің реттігінің бұзылуы нәтижесінде кедергісінің өзгеруіне негізделген.
Тензорезисторлардың негізгі сипаттамасы – деформациялык сипаттама деп шала өткізгіштің кедергісінің салыстырмалы өзгерісінің оның ұзындығының салыстырмалы өзгерісінен тәуелділігін айтады (26-сурет).
Тензорезисторлардың негізгі параметрлері олардың номинал кедергісі (R 100-500 Ом) мен тензосезгіштік коэффициенті.
26 сурет - n-түрлі (1) және р-түрлі (2) тензорезисторлардың деформациялык сипаттамалары мен графикалық шартты белгісі (3)
Тензорезистордың тензосезгіштік коэффициенті k деп кедергісінің са-лыстырмалы өзгерісінің оның ұзындығының салыстырмалы өзгерісіне қатынасын айтады:
.
Әдетте тензосезгіштік коэффициент –150-ден +150-ге дейінгі мәндерге ие болады. Тензорезисторлар негізінен қатты денелердің деформациясын өлшеу үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |