Операциялық күшейткіштер (ОК) деп теріс кері байланысты сұлбамен жұмыс кезінде аналогты шамалармен әр түрлі операцияларды орындауға арналған жоғары сапалы тұрақты токтың күшейткіштерін (ТТК) атайды.
Әрекет ету және сұлбалық орындалуына қарай ТТК-ді екі негізгі түрге бөледі: 1) тікелей байланысты күшейткіштер (тікелей күшейту); 2) дабылды түрлендіру күшейткіштері. Соңғыларын келесідей бөледі а) тұрақты токты айналмалы кернеуге және тасымалдаушы жиілікте кейінгі модуляциясымен аралық түрлендіру (модуляциясымен) күшейткіштері (УПТ-МДМ); б) кіретін дабыл автогенератордың автотербелістердің параметрлеріне әсер ететін күшейткіштер: амплитудасына, жиілігіне және фазасына (УПТ-УГ генераторларымен басқарылатын). Кейде УПТ-УГ автогенераторлы күшейткіштер деп атайды.
Қазіргі уақытта тікелей байланысты УПТ ретінде негізінен интегралды операционды күшейткіштерді қолданады. Конструкторлы орындалуына қарай олар аяқталған жоғарытұрақты кеңжолақты жоғарысапалы болып табылады. Күшейтудің жоғары коэфициентіне, дифференциалды кіру және сымметриялы емес шығысқа ие.
ОК-дің шартты белгіленулері 1, а, б суретте келтірілген. Шығыс кернеуіне қатысты кернеуі фаза бойынша 180° ығысқан кіріс инвертті деп және инверсия О белгісімен белгіленеді, ал кернеуі шығатын кернеуімен фаза бойынша сәйкес келетін кіріс – инвертті емес деп аталады. Шығарулардың тағайындалуын түсіну жеңіл болу және ақпараттылықты арттыру үшін негізгі өрістен екі жағынан бір немесе екі қосымша жолақты енгізуге рұқсат етіледі (1,6-сурет).
1 сурет - ОК шартты белгіленуі:
а - қосымша өріссіз; б - қосымша өрісімен; NC- теңестіру шығарулары; FC-жиілікті түзету шығарулары; U-қорек көзінің кернеуі шығарулары; х - тасушы емес логикалық ақпараттың шығарулары; OV- ортақ ақпараттық шығару ^- корпус
Интегралды ОК-дің құрылымы. Интегралды ОК-нің принципиалды сұлбасының қиындығына тәуелсіз келесідей функционалды түйіндері бар: кіретін дифференциалды каскад, кернеуді күшейткіш, тұрақты деңгейдің ығысу сұлбасы және қуаттың шығатын каскадты-күшейткіші.
ОК жіктемесі. Мақсаттық тағайындалуына байланысты ОК келесідей бөлінеді: а) аппаратураларды қолдануға арналған жалпы қолданыстағы ОК, онда күшейткіштің параметрлеріне аса үлкен талап қойылмайды және пайыз бөлігінде қателіктер рұқсат етіледі; б) прецизионды, аздаған дірілге және шуға, сонымен қатар кушейтудің жоғары коэфициентіне ие; в) тез әрекет етуші, олар шығатын кернеу өзгеруінің жоғары жалдамдыққа ие және импульсті және кең жолақты құрылғыларды құру үшін қолданылады. Кейде жеке топқа қорек көзінен аз тоқтарды тұтынатын микроқуатты ОК бөледі.