Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы



бет44/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
369720 2
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың отбасының қарым-қатынасы, 1589275357, аго, Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:

  1. Электр энергиясы

  2. Электр энергиясын өндіру станциялары

Әдебиеттер

  1. Пустынников С.В. Общая электротехника. Учебная пособия Издания Томского политехнического университета 2013г. 102с.

  2. Нефедов В.И. Основы радиоэлектроники – М.: Высшая школа, 2000, 400 с.

  3. Хотунцев Ю.Л., Лобарев А.С. Основы радиоэлектроники – М.: АГАР, 1998, 282 с.

  4. Ушаков В.Н. Основы аналоговой и импульсной техники – М.: высшая школа, 2004



Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.
Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.
Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болаты. Электр энергиясының негізгі өндірушілері электр станциялары.
Электр станциялары энергетикалық кəсіпорындарында, табиғи энергия көздерін электр немесе жылу энергиясына түрлендіреді. Жылу станцияларында, əдетте табиғи энергия көздері ретінде колданылатын көмip, газ, мұнай, шымтезек, жанармайдың потенциалдык энергиялары, бу ағынының жоғары температуралы жəне жоғары қысымды кинетикалық энергияларына, одан соң бу турбинасының механикалық энергиясына, ақырында, синхронды генераторлар арқылы электр энергиясына түрленеді. Электр станцияларында өндірілетін электр энергиясы өндіріліп, тұтынушылар арасында таратылады жəне оны қашық аралықтарға жеткізу электр желісі мен электр қосалқы станциялары арқылы іске асады.
Табиғи энергия көздерінің қолдануына байланысты станциялар бірнеше түрге (шартты түрде) бөлінеді. Соның ішінде негізгілері:
а) конденсациялық бу турбиналы – КЭС;
б) бу турбиналы жылу электр орталықгары – ЖЭО (ТЭЦ);
в) газтурбиналық жене бу-газдық қондырғылар – (ГТЭС, БГТЭС);
г) атом электрстанциялары – АЭС;
д) жер астындағы энергия көздерін пайдаланатын геотермалды
станциялар;
е) су энергиясын пайдаланатын электр станциялары (СЭС – ГЭС);
ж) күн сəулесінің энергиясын пайдаланатын (КСЭС) электр
станциялары болып бөлінеді.
Дүниежүзілік тəжірибе бойынша өндірілетін электр энергия ЖЭО (ТЭЦ), КЭС, АЭС типті жылу электр станцияларына (СЭС – ГЭС) жəне су электр станцияларына келедіжəнеоныңкөптегенүлесіКЭСжəнеЖЭОтиптібутурбиналыстанцияларында өндіріледі.
Энергетиканың негізгі бағыты жоғары қуатты станцияларды салумен негізделген. ТМД елдерінде жылу станцияларында қуаты 150 МВт-тан 1200 МВт-ка дейін 400 энергоблок жұмыс icтейді, атом электр станцияларында – 1000 жəне 1500 МВт энергоблоктары, су электр станцияларында - 600 жəне 640 МВт энергоблоктары жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта энергетика үлкен құрылымдық түрлендіруден жəне энергетика дамуының шарттарының өзгеруінен өтуде. Қазақстанда, Екібастұзда өндірілетін көмір қоры есебінен, көмір өндіруінің өсуi жоспарлануда. Төменгі сортты көмірлердің негізінде тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар көршілес елдердің қажеттіліктерін қамтамасыздандыратын электрстанциялардың үлкен кешендері құрылуда.
Бүгінгі күні Қазақстан энергетикасын басқару құрылымы нарықтық экономикаға байланысты бірнеше рет өзгерді. Айталық, АҚ «KEGOG» Қазақстан электр желілерін (110-1150 кВ тораптарын) басқарады. Ал бірнеше электр станциялары: Екібастұз ГРЭС-і, Қарағанды ГРЭС-2, Қарағанды ТЭЦ-2. Жамбыл ГРЭС-і жəне т.б. жекешелендірілді. Алдағы уақытта да еліміздің энергетикасын халық шаруашылығында, тұрмыста тиімді жəне үнемді пайдалану үшін оның құрылымының өзгеруі ықтимал. Электр станциялары – электр энергиясының фабрикалары болып табылады, бірақ, электр станцияларының ерекшелігі сол өндірілген электр энергияны жинауға
(сақтауға) болмайды.
Электр станциялар тұтынушылар үшін электр энергиясын өндіреді, ал электр энергиясына деген мұқтаждық, уақыт өткен сайын өзгеріп отыр, осыған орай электр станцияларының қуаттылығы да өзгеріп отырады.
Кез келген тұтынушыны электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін əрбір электр станцияда өзіндік энергия қоры болуы керек.
Тұтынушылар қаншалықты көп болса, электр станцияларының жүктемесі соншалықты аз мөлшерде өзгеріп, олардың жабдықтарымен жұмыс істеуі соғұрлым жеңілденеді. Міне, сондықтан да көбінесе ірі электр станциялары салынады немесе электр станцияларды біртұтас жүйеде жұмыс істейтін энергетикалық жүйелермен біріктіріледі. Электр энергиясының басқа энергия түрлерімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар: тұтынушылардың мұқтаждықтарына байланысты қуатының ваттық үлесі ондаған (өте кішкентай лампалар) жəне жүздеген меговатқа (рудатермиялық пештер, прокат станоктары, электролиз ванналары жəне басқалар) дейін өзгере алады. Электр энергиясының тағы бір ерекшелігі – оны кез келген қашықтыққа жеткізуге болады.
Электр энергиясын салатын орындытаңдағанда энергияның бастапқыкөздеріне немесе механикалық энергия көздеріне (өзен суының тасқыны, сарқырама, асу жəне т.б.) назар аударған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет