Оптопара элементтері.
Құрылымдық күрделілігіне қарай оптрондық техника бұйымдары екі түрге бөлінеді. Оптопара – кіріс мен шығысы электрлік байланыспаған, арасында оптикалық байланысы бар сәуле шығарғыш пен қабылдағыштан тұратын шалаөткізгіш прибор (32-сурет,а). Оптоэлектрондық интегральдық микросұлба – бір немесе бірнеше оптопарадан және оған электрлік байланысқан бірнеше күшейткіш немесе сәйкестендіргіш құрылғылардан тұратын прибор немесе ИМС (32-сурет,б). Яғни бұл құрылғылар электрондық тізбекте байланыс элементі болады, сөйте тұрып, кіріс және шығыс тізбектерінің бір-бірімен электрлік байланыспауын қамтамассыз етеді.
а) б)
32 сурет - Оптоэлектрондық приборлар: оптопара (а), оптрондық ИМС (б).
Сәуле көзі ретінде жарық диоды, ал сәуле қабылдағыш ретінде фоторезистор, фотодиод, фототранзистор, фототиристор қолданылады.
Кең қолданылатын оптрон жұптары: жарық диоды-фоторезистор, жарық диоды-фотодиод, жарық диоды-фототранзистор, жарық диоды- фототиристор.
33 сурет- Жарық диоды, фотодиод, фототранзистор түрлері.
Бақылау сұрақтары:
«Оптоэлектрондық прибор» деп аталу себебі?
Сәуле щығару көзі мен сәуле қабылдағыш «жұптарын» қалай таңдауға болады?
«Жұптарына» сәйкес жұмыс істеу принциптері м ен қолдану салалары.
Жарықтың пайда болу үрдісін түсіндір
Жарық диодының құрылысы, кернеуге қосылу сұлбасы, электрлік сұлбасы.
«Жарық айқындығы» дегеніміз не, оның өлшем бірлігі.
Фоторезистор қызметі, жарық дәрежесі, люкс-амперлік сипаттамасы.
Фотодиод қызметі, қолданылуы, элетрлік сұлбасы, белгілену ерекшкліктері
Сәулелік диод қызметі, қолданылуы, вольтамперлік сипаттамада жұмыс істейтін аймағы , элетрлік сұлбасы, таңбалану ерекшеліктері.
Дәріс №15 Тақырыбы: Электр энергиясын өндіру және оларды өндірісте пайдалану Дәрісті өткізу түрі: ақпараттық
Достарыңызбен бөлісу: |