2.5. Білім алушы міндетті: 2.5.1. кәсіптік практика базасында кәсіпорын қызметкерлері үшін міндетті ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өндірістік тәртіп ережелерін сақтауға;
2.5.2. Кәсіпорынның жабдықтарына, аспаптарына, құжаттарына және басқа мүлкіне ұқыпты қарауға;
2.5.3. практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтауға және орындауға;
2.5.4. практикадан өту үшін белгіленген мерзімде Кәсіпорынның қарамағына келуге;
2.5.5. практикадан өту барысында және оны аяқтағаннан кейін өзіне белгілі болған Кәсіпорын туралы құпия ақпаратты, қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерді жария етпеуге;
2.5.6. Кәсіпорынның ішкі құжаттарында қамтылған ақпаратты, оның ішінде кәсіпорыннан тыс ашық дереккөздерде жарияланбаған көшірмелерде көрсетілген мәліметтерді жеке мақсатта (соның ішінде қорытынды есептерді және дипломдық жұмысты жазу кезінде) пайдаланбауға;
2.5.7. практика бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толық орындауға, күнделік жүргізуге (толтыруға), Кәсіпорын мамандарынан кеңес алуға, кәсіпорынның қоғамдық және басқа да іс-шараларына қатысуға;
2.5.8. практикаға жауапкершілікпен қарау, барлық тапсырмаларды өз бетінше орындауға;
2.5.9. Университеттің имиджін сақтауға;
2.5.10. практика жетекшісіне практикадан өту туралы есепті, практика күнделігін және Кәсіпорын басшысы куәландырған бағасы көрсетілген мінездемені ұсынуға;
2.5.11. практикадан өту барысында Кәсіпорын мүлкіне келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік алуға.
2.6. Білім алушы құқылы: 2.6.1. практикадан өту барысында Кәсіпорынның қажетті құралдарын, зертханалық жабдықтарын, құрылғыларын және басқа да өндірістік материалдарын пайдалануға, кітапхана қорын, компьютерлік және басқа да техниканы оқу мақсатында еркін пайдалануға;
2.6.2. қандай да бір оқиға білім алушының кінәсінен емес, Кәсіпорындағы кәсіби дайындық процесіне тікелей байланысты болса, білім алушы кәсіптің практика барысында денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруға;
2.6.3. кәсіптік практиканы аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестациядан сәтті өткеннен кейін, бос жұмыс орны болған жағдайда кәсіпорынның жалпы шарттары бойынша іріктеудің барлық кезеңдерінен өту арқылы кәсіпорында алынған біліктілік бойынша жұмысты жалғастыруға.