Білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түскен азамат(-ша) (білім алушының аты-жөні) (бұдан әрі Білім алушы) үшінші тараптан, әрі қарай «Тараптар»



бет3/8
Дата17.12.2023
өлшемі102,84 Kb.
#197424
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Приложение 1.2. Трехсторонний договор по практике (за подписью Увалиевой А.Б.)

2.5. Білім алушы міндетті:
2.5.1. кәсіптік практика базасында кәсіпорын қызметкерлері үшін міндетті ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өндірістік тәртіп ережелерін сақтауға;
2.5.2. Кәсіпорынның жабдықтарына, аспаптарына, құжаттарына және басқа мүлкіне ұқыпты қарауға;
2.5.3. практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтауға және орындауға;
2.5.4. практикадан өту үшін белгіленген мерзімде Кәсіпорынның қарамағына келуге;
2.5.5. практикадан өту барысында және оны аяқтағаннан кейін өзіне белгілі болған Кәсіпорын туралы құпия ақпаратты, қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерді жария етпеуге;
2.5.6. Кәсіпорынның ішкі құжаттарында қамтылған ақпаратты, оның ішінде кәсіпорыннан тыс ашық дереккөздерде жарияланбаған көшірмелерде көрсетілген мәліметтерді жеке мақсатта (соның ішінде қорытынды есептерді және дипломдық жұмысты жазу кезінде) пайдаланбауға;
2.5.7. практика бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толық орындауға, күнделік жүргізуге (толтыруға), Кәсіпорын мамандарынан кеңес алуға, кәсіпорынның қоғамдық және басқа да іс-шараларына қатысуға;
2.5.8. практикаға жауапкершілікпен қарау, барлық тапсырмаларды өз бетінше орындауға;
2.5.9. Университеттің имиджін сақтауға;
2.5.10. практика жетекшісіне практикадан өту туралы есепті, практика күнделігін және Кәсіпорын басшысы куәландырған бағасы көрсетілген мінездемені ұсынуға;
2.5.11. практикадан өту барысында Кәсіпорын мүлкіне келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік алуға.


2.6. Білім алушы құқылы:
2.6.1. практикадан өту барысында Кәсіпорынның қажетті құралдарын, зертханалық жабдықтарын, құрылғыларын және басқа да өндірістік материалдарын пайдалануға, кітапхана қорын, компьютерлік және басқа да техниканы оқу мақсатында еркін пайдалануға;
2.6.2. қандай да бір оқиға білім алушының кінәсінен емес, Кәсіпорындағы кәсіби дайындық процесіне тікелей байланысты болса, білім алушы кәсіптің практика барысында денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруға;
2.6.3. кәсіптік практиканы аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестациядан сәтті өткеннен кейін, бос жұмыс орны болған жағдайда кәсіпорынның жалпы шарттары бойынша іріктеудің барлық кезеңдерінен өту арқылы кәсіпорында алынған біліктілік бойынша жұмысты жалғастыруға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет