Білім беру бағдарламасы бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстары байдилдаева гульсара



бет15/16
Дата11.05.2022
өлшемі2,97 Mb.
#142485
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Блокнот Байдилдаева Гульсара (2) (1)
osh sor informatika 7klass kaz 2, sor biologija 7kl -kaz
Интерактивті іріктеу: Оқу кабинетін дайындау
Өткізу формасы: Семинар


Пайдаланылатын материалдар: слайд, жабдықтармен жұмыс жасау Сипаты:
Білім беру ұйымдарындағы инклюзивті оқытудың негізіне балалардың құқығын кемсітпеу, теңдік қатынасты қамтамасыз ету, арнайы жағдай қалыптастыру арқылы білім беру мен тәрбиелеу жатады.
Зерттеулер көрсеткендей, даму мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы анықталған.
Бірінші жолы – даму мүмкіндігі шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу арқылы тұлға қалыптастыру, кемшін тұстары – біржақтылығы. Бұл жолды таңдап нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақты болуы керек. Баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі де болу керек. 
Екінші жолы – даму мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындаудың ерекшеліктерін игеру. Негізгі факторы да осы болып табылады.
Ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға толыққанды білім беру үшін түрлі жас кезіндегі бала дамуының өзіндік психологиялық-педагогикалық-медициналық ерекшеліктерін, білім мен тәрбиенің заңдылық-тарын терең білу керек. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға өзгелермен бірдей білім алуға, түрлі үйірмелерге қатысып, талантын шыңдауға, демалуға яғни қоғамдық өмірге араласуға құқық беру қажеттігі еш күмән келтірмейді.
Балалар оқу сабақтарының мазмұнында қоғамдық тәртіп ережелерін меңгеріп, белсенділіктерін дамытуға, өз қызығушылықтарын жеткізіп айтуға үйренеді. Мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген оқу мазмұнын игеруде көрнекіліктер, ауызша түсіндіру әдістерін қолданып, жаңа технологияның озық үлгілерін пайдаланып, әр балаға жеке ықпал ету сияқты жалпы дидактика принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы түзете-дамыта оқыту әдістерін басшылыққа аламыз.
Ескерту: іс-шаралар жоспарын жасау кезінде интерактивті өзара іс-қимыл әдістерін қолдану жөніндегі қосымшаны пайдалану ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет