Бағдарламаның міндеттері: - мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін арнайы және жеке оқу бағдарламаларын әзірлеу дағдыларын дамытуға ықпал ету; - оқу процесін тиімді ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық құралдарын пайдалану туралы идеяны кеңейту; - білім беру бағдарламасының негізінде модульдер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу әдістемесіне оқыту; - мамандыққа сәйкес ғылым мен практиканың озық жетістіктерін тәжірибеге енгізу негізінде колледжде академиялық дербестікті ескере отырып, білім беру процесін модельдеуге әдістемелік көмек көрсету.