"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ.
"Өмір бойы оқу (үздіксіз білім беру) тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 471 қаулысы
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығы
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 369 бұйрығы.
"Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы өзгерістерімен қоса Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 23 шiлдедегі № 362 бұйрығы.
Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығына 153 қосымшасы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы.
2.1.2-практикалық жұмыс. Білім беру ұйымында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясықолданыладыма? Олайболса, олқалай көрінеді? Егержоқболса, ондақандайбілім беру технологияларықолданылады? Жауабыннегіздей отырып жазыңыз Биылғы оқу жылында Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі кредиттік-модульдік технологиясы бойынша оқыта бастады. Коллеждге кредиттік-модульдік жүйені енгізудің мақсаты «қазіргі кездегі қажеттіліктердің қанағаттандырылуына кепілдік беретін және жаңа қызығушылықтың векторын анықтайтын» мазмұны бойынша да, оқытуды ұйымдастыруда да икемді білім құрылымдарын құру болып табылады. Модульдік-кредиттік оқытудың маңыздылығы сол, оқытушы мен бірге барлық студенттер басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы теориясын біледі, кем дегенде жартысынан көбісі тәжірибеде мәселелерін шеше отырып, еңбекті бөлу дағдыларын меңгереді. Олар барлық ақпаратты талқылайды, жағдайға сәйкес еңбекті бөлу мақсаттарын, қағидаларын талдайды. Студенттердің көпшілік пайызы жұмыс топтарындағы бірлескен жұмысты жоспарлайды және ұйымдастырады. Ал барлық жүз пайызы бірбірін оқытумен дамытуға қатысады. Өзара оқудың нәтижесінде студетттер өткенматериалды талдайды және тереңдетеді; талқылау жолымен оның тиімдіқызметі үшін ұйымды басқару құрылымдарын әзірлеуді, шынайы өндірістікжағдайларды шешуді үйренеді; шығармашылық ойлау дағдылары менқойылған міндеттерді негізделген түрде шешу машықтарын қалыптастырадытолғанудың нәтижесінде ынталандыру тәсілдерін әзірлеу және талдау, мысалкелтіру, өз пікірін дәлелдеу; олар үшін білімнің қаншалықты өзекті болғандығын анықтау; жеткен нәтижелердің құндылығын бағалау; бірбірінесұрақ қою және олардың жауаптарын табу, диалогты дұрыс жүргізуді үйрену секілді машықтары қалыптасады.
2.1.3-практикалық жұмыс.Әдебиеттерді, интернет дереккөздерін талдаңыз және «ТжКОБ ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясының негізгі аспектілері» тақырыбына эссе жазыңыз
Эссе Оқу процесін ұйымдастырудың кредиттік-модульдік жүйесі - бұл оқытудың модульдік технологияларын және сынақ кредиттерін немесе сынақ білім беру бірліктерін біріктіруге негізделген оқу процесін ұйымдастыру моделі. Оқу процесін ұйымдастыру және орындау — бұл іс-әрекет пен өзара әрекеттесудің көп қырлы және күрделі жүйесі. Кредиттік-модульдік жүйеде оның екі сипаттамасына назар аударылады: - студенттердің өзіндік жұмысында; - оқу үдерісін ұйымдастырудың кредиттік-модульдік жүйесіне. Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі кредит арқылы өлшенетін оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асырылады. Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша бұрын меңгерілген кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады.
2.1.4-практикалық жұмыс.Білім беру ұйымының қызметін талдаңыз және осы білім беру ұйымында академиялық дербестікті енгізу мүмкіндігін бағалау бойынша SWOT-талдау картасын дайындаңыз