Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы білім беру бағдарламасы мен оқу жоспарына сәйкес құрастырылады.
Жиынтық жұмысының ұзақтығын белгілеу үшін пән бойынша апталық жүктемені есепке алу ұсынылады. Барлық пәндер үшін ТЖБ уақыты 40 минут (1 сабақ) өткізу ұсынылады.
Жиынтық жұмысының жалпы балл саны барлық тоқсандар үшін бірдей сақталады (1-4 тоқсандар).
Спецификацияда берілген тапсырмалар мен балл қою үлгілерінің ұсынылған сипаттамалары бар.
5-7 сыныптар
20-30 балл
Пәндердің күрделілігін ескере отырып, бір күнде ТЖБ-ны үш пән бойынша өткізуге рұқсат етіледі және тоқсанның аяқталуының соңғы күнінде өткізілмейді.
Пәндердің күрделілігін ескере отырып, бір күнде ТЖБ-ны үш пән бойынша өткізуге рұқсат етіледі және тоқсанның аяқталуының соңғы күнінде өткізілмейді.
Үйде оқитын оқушыны бағалау кезінде мұғалім үйде оқитын оқушының оқыған оқу материалдары мен жүктемесін ескере отырып, дифференциалды және/немесе жеке тапсырма құрастырады.
Мұғалім ерекшелік оқу қажеттіліктері бар оқушыларды бағалау кезінде дифференциалды және / немесе жеке тапсырмаларды пайдаланады, сондай-ақ тәжірибе алушының ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлерін өзгертеді.
«Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» және «Графика және жобалау» пәндері бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді.
Тоқсан соңында («Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» және «Графика және жобалау»), жарты жыл («Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка»,) және оқу жылының соңында аталған пәндер бойынша «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
Балл қою кестелері
Шығармашылық жазылымға арналған
балл қою кестесі
Дискурсивті/Аргументативті жазылымға арналған балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы