А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БОЙЫНША ЕСЕП
Студент тобы 20-111-10 курс 3
6В01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
білім беру бағдарламасы
Камбарова Нурзия Бахтияровна
2022-2023 оқу жылы
Педагогикалық практика бойынша сауалнама-есебі
Студент Камбарова Нурзия Бахтияровна
Курс 3 тобы 20-111-10
М амандығы Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Мектебі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» КММ
С ынып 3 «Б»
Осы кезеңнен 23.01.2022-11.02.2022жж осы уақытқа дейін.
1. Педагогикалық практика бойынша жоспарды орындау. Қандай өзгерісті алды және неліктен?
Педагогикалық практика негізінде жоспар дайындалды. Жоспар бойынша қойған мақсаттар толығымен қамтылды. Алғашқы аптадан бастап оқушылармен танысып, жақсы қарым-қатынасқа түсуге тырыстым. Сынып жетекші ретінде оқушыларды түсте қарсы алып, тізім бойынша түгендеп, сабақтар аяқталған соң оқушыларды үйлеріне шығарып салып отырдым. Алғашқы сабақ беру процесі 3 «Б» сыныбымен өткізілді. Сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды мектепшілік сайыстарға дайындадым. Қазақ тілі және математика апталығында оқушылармен бірге қабырға газеттерін дайындап, түрлі жарыстарға қатыстық. Педагогикалық білім мен дағдыны практика жүзінде қолдануға сыныппен жұмыс жасау үлкен септігін тигізді. Сынып жетекшімнің тапсырмалары мен берілген жұмыстарын бұлжытпай уақытылы орындап тапсырдым.
2. Өткізілген сабақтар саны. Қандай сабақтар сәтті өтті және неліктен? Қандай сабақтар қиыншылықтар туғызды және неліктен?
Жалпы өткізілген сабақтар саны 12. Ең алғашқы сабағым 31.01.2022ж. 3 «Б» сыныбында «Зат есімнің тәуелденуі» тақырыбында қазақ тілі сабағы өткізілді. Сабақты өткізу барысында оқушыларға ғылыми сөйлеу стилін қолданып сабақты түсіндіру қиындық келтірді. Одан кейінгі қазақ тілі сабақтарын өткізгенде оқушылармен қарым-қатынас тығыз болды, әрі жұмыс жасау ережелерімен танысып, бірлесіп жұмыс атқардық. 31.01.2022ж. бекітілген сыныбыммен «Түркілердің өмір сүру салты» тақырыбында дүниетану сабағын өткіздім. 01.02.2022ж. сыныбыммен «Текше. Тікбұрышты параллелепипед» тақырыбында математика сабағын өткіздім. 03.02.2023ж. «Текше. Тікбұрышты параллелепипед» және «Зат есімнің тәуелденуі» тақырыптарында математика, қазақ тілі сабақтарын өткіздім. Аталған сабақтар сәтті өтті. Сынып жетекшімнің қолдауының арқасында сабақтың әр кезеңі өз орнымен өтті. 07.02.2022ж. «Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту» тақырыбында математика сабағын жүргіздім. Бұл сабақтарды өткізу барысында қиындықтар туындады. Себебі, оқушыларды тәртіпке келтіру бірден қолымнан келмеді. 07.02.2022ж. «Тарихи мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы неде?» тақырыбында дүниетану сабағын өткіздім. Сабақ жоспарлағандай сәтті өтті. Себебі, сабақты өткізу барысында әдістемелік және педагогикалық пәндерден жинақтаған білім мен дағдыны тәжірибиеде еркін әрі оңай қолдана алдым. Сабақ беру процесінде түрлі ынталандыру стикерлерін және қызықты әдіс-тәсілдерді қолдандым. 09.02.2022ж. «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткіздім. Сабақ тәрбиелік бағытта өтті. Оқушылардың барлығы белсенді қатысып, өз ойларын айтып отырды. Өткізілген сабақтарыма оқушылардың барлығы белсенді қатысты. Өткізілген сабақтарда тәлімгер-мұғалімдердің өткізген сабақтарында көрген тәжірибелер мен әдіс-тәсілдерді өз сабағымда қолдандым.
Достарыңызбен бөлісу: |