8. Студенттер кәсіби дайындық кезінде (сабақта, сыныптан тыс жұмыстарда) қандай қиындықтарды кездестірді.
Жеке мен үшін, кәсіби дайындық кезінде оқушыларға сабақта есептерді математикалық тілде түсіндіру қиындық тудырды. Қазақ тілі және дүниетану сабақтарында оқушылардың еркін сөйлеуіне мүмкіндік туғыза алмадым. Себебі, сынып ішінде өте белсенді оқушылар көп болды. Барлық оқушыларды сабаққа теңдей қатыстыру үшін, үнсіз отырған оқушыларға өз ойын айтуға көңіл бөлсем, басқа оқушылар тарапынан тынышсыздық туындады. Кей кездерде оқушылардың тәртібін қалыпқа келтіру де ауырлау болды. Сыныптан тыс сабақ кезінде ешқандай қиындықтар болған жоқ.
9. Мектеп басшыларының студенттердің практикасына қатысы.
Практиканың алғашқы күнінен бастап, мектеп басшылары, соның ішінде сынып жетекші мұғалімдерім сабақты қалай өткізу қажеттігін, қандай технологиялар қолдану керектігін, мектеп бағдарламасындағы өзгерістер мен жаңарту істері бойынша үзбей түсіндіріп, бағыт-бағдар беріп отырды. Барлық сабақтарыма сынып жетекшім қатысып, талдау жасап отырды. Дүниетану сабағына, математика сабағына, сабақтан тыс сабаққа ЖОО орнынан бекітілген әдіскер келіп, сабаққа талдау жүргізді.
10. Педагогикалық практика жөнінде жалпы қорытынды. Оның педагогтың жеке басын қалыптастырудағы маңызы.
Педагогикалық практика кезінде жоспарланған сабақтардың барлығын өткізіп, өткізген сабақтарымнан ұмытылмас тәжірибе мен жаңашылдық жинадым. ЖОО орында алған арнайы білімдерім мектеп қабырғасында сабақ өткізу, ұйымдастыру барысында өте көп көмегін тигізді. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», - демекші, практика үрдісінде жинақтаған білімдер мен тәжірибелердің арқасында сабақты мұғалім ретінде жүргізе алдым деп ойлаймын. Ал алған біліміңді тәжірбиеде қолдану мүлде басқа дүние. Білімді ұрпақ – мұғалімнің қолында екеніне көзім жетті. Себебі, мұғалім тек білім беріп қоймайды, сонымен қатар оқушыларға дұрыс бағдар беріп, тәрбие жұмыстарымен айналысады. Мектеп қабырғасында көрген практикалық жұмыстар мен жинақтаған білімдерді қолдану мен секілді, машықкердің мұғалім ретінде кәсіби дағдыларды қалыптастыруда маңызы өте зор. Сабақ беру кезінде оқушылардың білім алуға деген құштарлығы сезіп, көздерінде жалындаған отты көріп, мұғалімдік қызметтің өте жауапты екенін сезесің. Мұғалім тек білім беріп қоймайды, ол оқушыларға дұрыс жолды сілтеуші екінші ана рөлін атқарады. Оқушыларға өмірлік қағидаларды үйретуші, достықтың мекенін сезіндіруші, оқушы бойына сенімділікті ұялатушы болатыны сөзсіз. Оқушылармен өткізген әр сабағымнан өзімнің мықты, әрі әлсіз жақтарымды анықтай отырып, алға қадам басқанда өз бойындағы білімді шыңдай түстім. Оқушылармен жұмыс жасаған өте қызықты әрі естен кетпес әсер қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |