Білім беру бағдарламасы Камбарова Нурзия Бахтияровна 2022-2023 оқу жылы Педагогикалық практика бойынша сауалнама-есебі


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясының»



бет6/6
Дата22.11.2023
өлшемі266,81 Kb.
#193003
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Камбарова Н.Б есеп (1)

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясының»
3 «Б» сынып оқушысы Калмагамбетова Махаббатқа
МІНЕЗДЕМЕ
3 «Б» сынып оқушысы Калмаганбетова Махаббат Алтынбекқызы, 07.01.2014 жылы туған. Оқушының денсаулығы қалыпты, отбасындағы психологиялық атмосферасы жақсы. Махаббат домбыра үйірмесіне, биге қатысады және ән айтқанды ұнатады.
Махаббаттың оқуға деген қызығушылығы өте жоғары, ізденімпаз, сабаққа деген ынтасы мол, қабілеттілік деңгейі жоғары оқушы. Оқуда үлгерімі өте жақсы, көбіне гуманитарлық сабақтарды ұнатады, ойын анық әрі нақты жеткізе алады.
Оқушының мінезі өте ашық, елгезек, өте білімді және ақылды. Махаббат көпшіл, балалармен жақсы тіл табысады, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы да оң. Барлық оқушылармен бірдей деңгейде араласып, қолдау көрсетіп отырады. Өзгелерден көмегін аямайтын оқушы.
Махаббат өте белсенді және барлық жағдайға оптимистік көзқараспен қарайды. Осыдан оқушының адамгершілік даму деңгейі жақсы екенін айта аламын. Эстетикалық талғамы жақсы. Оның киінген киім үлгісінен, партадағы құрал-жабдықтарынан байқауға болады. Махаббаттың тәртібі де жақсы. Өзін сабақта қалай ұстаса, қоңырау уақытында да солай жақсы ұстайды.
Махаббат үнемі барлығына көмектесетін болғандықтан, сынып арасында сый-құрметке ие. Махаббат үздік оқушылар қатарында. Өзін әрқашан жақсы жағынан көрсете білетін озат оқушылардың бірі.
Оқушы өзіне берілген тапсырманы тез, әрі тиянақты орындайды. Үйге берілген тапсырманың барлығын толық орып қана қоймай, қосымша мәліметтер ізденіп келіп, сыныппен білімімен бөліседі.
Қорытындылай келе, Махаббатың ашық мінезі мен оқуға, жаңа дүниені тануға деген ұмтылысымен болашақта үлкен жетістіктерге жететініне сенемін. Махаббат тек өзін оқумен ғана шектемей, жан-жағынан дамытады. Келешекте ізденімпаздығы мен жан-жақтылығы жақсы нәтижелер береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет