Педагогикалық практика барысында математика пәні бойынша сөздік қорымды толықтырдым. Оқушылармен және де мектеп ұжымымен күнделікті байланыста болу арқылы өзімнің қарым-қатынас дағдыларымды жақсарттым. Оқушыларды мектепшілік іс-шараларға дайындау барысында өзімнің жан-жақтылығымды сынап көрдім. Оқушылармен ұжымдық, жекелей жұмыс жасау нәтижесінде ұйымдастырушылық, біліктілік дағдыларын игердім. Сыныптағы оқушылардың тәрбие ісі және тәртібімен жұмыс жасау арқылы өзімнің психологиялық тұрғыда төзімді әрі стресске төзімді дағдыларымның барын байқадым. Өзімнің шығармашылық жағымды да шыңдай түстім. Оқушылар мен бірге креативті ойларды қабырға газетіне түсіру арқылы өзімнің шығармашыл тұлға екенімді түсіндім.
7. Қандай зерттеушілік жұмыстар жүргізілді?
Мұғалімнің берілген тапсырмасы бойынша оқушының психологиялық денсаулық парағын толтыру қажет болды. Осы тапсырманы орындау барысында – зерттеушілік, бақылау жұмыстары іске асырылды. Себебі, маған жүктелген тапсырма бойынша, мен әрбір оқушынының психологиялық іс-әрекеттерін жекелей бақылап, зерттеу жұмысын жүргіздім. Бұл мұғалімнің тапсырмасы әрбір оқушыны жеке тануға мүмкіндік берді.
Сабақ барысында және сабақтан тыс, яғни қоңырау уақытында оқушыларды зерттеу барысында келесідей қорытынды жасадым. Сыныптың тәртібі өте жақсы, себебі қоңырау кезінде қатты тәртіпсіздік жасамайды, келесі сабаққа дайындық жұмыстарын жасап отырады. Үлкен қоңырауда сынып бұрышында дамыту ойындарын ойнап, уақыттарын пайдалы өткізеді. Асханаға барған уақытта да үстел басында сөйлемей, алдарындағы тамақтарын ішіп отырады. Тамақтарын ішіп болған соң, барлық сынып қолдарын жуып, кептіріп содан кейін асықпай сыныпта барды. Жалпы сабақ үлгерімдері өте белсенді сынып. Кейбір оқушылар ауызша сабақтарға қол көтеріп жауап беретін болса, кейбір оқушылар математика сабағында білімдерін шыңдай түседі. Шығармашылық жағынан болсын өте өнерлі сынып. Оқушылардың жан-жақтылығы мектепшілік сайыстарға белсенді қатысуларынан-ақ байқалды. Сыныпта түрлі дарынды әрі талантты оқушылар жетерлік. Мысалы, коцерттік бағдарламаны жүргізушілер , домбырашылар, суретшілер, әншілер баршылық.