Білім беру бағдарламасы Күндізгі (оқу нысаны) Қызылорда, 2022


Қуырудың төмендегідей әдістері белгілі



бет25/60
Дата06.07.2023
өлшемі9,25 Mb.
#179340
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60
Байланысты:
umkd tagam dai ndau tehnologiyas

Қуырудың төмендегідей әдістері белгілі. Олар: 1) негізгі әдіс – қуырылу бетіне май аз мөлшерде жанасатындай етіп қуыру; 2) көп мөлшердегі майда қуыру (фритюрде); 3) қуыру шкафында қуыру; 4) ашық отта қуыру; 5) инфрақызыл сәуле ағыны өрісінде (ИК-қыздыру).
Негізгі әдіспен қуыру. Бұл өнім бетінде қуырма қабық пайда болғанша 140 – 1500С температурада, аз мөлшердегі майда (өнім массасының 5 – 100 С –ы) өнімді жылумен өңдеу. Бөл әдіс кезінде ошаққа қойылған ыдыста немесе арнайы электротабада май 1500с – 1900с температураға дейін қыздырылады, сосын дайындалған өнім салынады. Барлық бетінде (өнімнің) қуырма қабық алынуы үшін оны аудармалап немесе араластырып, бұғалап отырады.
Қуыру шкафында қуыру. Тайыз ыдысты (суырма таба, таба, тәтті тағам парағы) майлайды да өнімді салады. Сосын оны, 150 – 1700С температурасы бар, қуыру шкафына қояды, өнім төменгі жағынан жылу таратқыш есебінен, ал үстіңгі жағынан қызған шкаф қабырғасынан тарайтын инфрақызыл радиация мен ыстық ауа қозғалысы есебінен қыздырылады.
Көп мөлшердегі майда қуыру (фритюрде қуыру).
Алдын – ала 160 – 1800С температураға дейін қыздырылған майға өнімді толықтай батырып салады. Бұл жағдайда өнімнің барлық бетінде бір мезгілде қуырма қабық пайда болады. Көп майда қуыруға картопты, балықты, сондай – ақ ұн өнімдерін самса (пирожки), жұмсақ тоқаш (пончики) толық дайындыққа жеткізу үшін кең көлемде қолданылады. Бұл жағдайда мезгіл – мезгіл және үздіксіз жұмыс істейтін аппараттар қолданылады.
Ашық отта қуыру. Өнімді металл білікке (ось) не кәуапсымға кигізіп не майланған торкөзге салып қуырады. Білікті (білеуді) не торкөзді қатты қызған көмір немесе арнайы аппараттағы электрширатпа не электр қуыру қорабында (электрогрилде) үстіне қойып қуырады. Инфрақызыл сәуле ағыны өндірісінде қуыру. Электрогрильде өнімді қуыру электр қыздырғыш элементтердің инфрақызыл сәуле таратуы есебінен бөлінген жылу өнімге түтінсіз әсер етуі арқылы жүргізіледі. ИК – сәуле ағыны өрісі өнімге салыстырмалы түрде терең өтеді де қуыру уақыты қыстырады, қуырма қабық тез пайда болады, өнімнің шырындылығы жақсы сақталады. Демек, сапалылығы жоғарырақ толық дайын өнім алуға мүмкіндік береді.
Үйітуді өнделетін өнімнің бетіндегі жүнді, түкті (ірі қараның басы, аяғы, құс денесі, т.б.) күйдіру үшін газ қыздырғышы (газогрелка) қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет