сорпасы.
4—5 адамға ет сорпасын әзірлеу үшін 400—500 г ет немесе 1 кг сүйек (ірі қараның) қажет. Ұсақтал туралғанетті не сүйекті салқын сумен жуып, кастрюльге салады, оған 2.5—3 л-дей салқын су құйын, отқа қояды. Сорпа қайнаған кезде, кепсермен қанды көбігін сүзіп алады да, 2—3 сағаттай баяу қайнатады; қайнағаннан кейін 1 — 1,5 сағаттап соң тұз салады. Еті иіскен соң түсіріп, сорпаны елекпен не дәкемен сүзіп алады. Сорпа майлы болуы үшін етті қайнатар алдында салқын суға салады. Ал сорпа мөлдір болуы үшін, етті жуып, әуелі оны сарқылдатып қатты қайнатады. Сорпа қайнасымен көбігін алып, еті иіскенше оттық қызуын төмендетеді. Сорпаға тұзды еттің пісуіне жарты сағат қалғанда салады. 4—5 адамға жетерлік мөлдір сорпа алу үшін 600—700 г ірі қара еті, бір тал сәбіз, петрушка, пияз қажет. Мұны да кәдімгі ет сорпасы секілді әзірлейді, бірақ біраз қайнағаннан кейін (1—11 /2 сағаттап соң) тазартылып жуылған сәбіз, петрушка, пияз салады (пиязды әуелі қақ бөліп табаға салып, күреңітіп қабыршақтанғанша май қоспай қуырады). Осылай әзірленген пияз сорпаны мөлдірлендіріп, жақсы дәм береді. Дайын болған сорпаны сүзеді. Егер сорпа онша мөлдір болмаса, онда былай істеу ге болады: 1 л сорпаға 1 жұмыртқаның ақ уызын алып, жақсылан араластырады да, ыстық сорпаға құяды. Сорпа қайнаған кезде көбігін алып, сүзеді. Сорпаны тез әзірлеу қажет болғанда етті (400—500 г) сүйегінен ажыратып, ет турағыштан өткізеді де, туралған етке салқын су (2 л) құйыл, 20—30 минуттей қояды, сонан кейін 30—40 минут қайнатады. Сәбіз, петрушка, пиязды және тұзды сорпалық көбігін алғаннан кейін қосады. Ет сорпасын (басқа тағамға қоспаған және мұқият үзілген жағдайда) салқын жерде 2—3 күндей сақтауға болады.
Тауық сорпасы
4—5 адамға арнай сорпа әзірлеу үшін 1 тампық еті (орташа салмағы 1 кг), бір тал сәбіз, петрушка, пияз қажет. Тауықты үйітіп, ішекқарнын бөлек шығарыл, бас-сирағын кесіп (мойнымен қоса), ұшасы мен ішек-қарның тазалап, бауырын алып тастайды да, кастрюльге салады. Тауық ұш асын тұтастай пісір уд і оңайлату үшін төсінің астынан 2 жерден тесіл, сирақтарын сол жерге тығыл қояды. (Үй құстары (еті) мақаласын қараңыз). Содан кейін оған салқын су құйып (2,5—3 л) отқа қояды. Сорпа қайнаған кезде көбігін алып, отын басып, жайлап қайнатады (1—2 сағаттай, тауық еті былбырап піскенше), 40—60 минут қайнағаннан кейін сәбіз, петрушка, тұз салады. Дайын болған тауықтың еті мен ішек-қарнын алып, сорпасын сүзеді. Басқа да үй құстарының сорпасын осылай пісіреді. Мал мен үй құстары етінің сорпасын сүзіл, майын қалқып алғаннан кейін кеселерге құйып, пісірілген жұмыртқа не сәбіз, петрушка (дөңгелектеп, ұсақтан не жіңішкелеп кесілген күйінде) қосып дастарқанға қояды. Гарнирін сорпадан бөлек пісіріп, табақшаға салып қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |