Білім беру бағдарламасы Күндізгі (оқу нысаны) Қызылорда, 2022



бет36/60
Дата06.07.2023
өлшемі9,25 Mb.
#179340
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
Байланысты:
umkd tagam dai ndau tehnologiyas

Салқын тәтті тағамдар - балғын және тез мұздатылған жемістер мен жидектер, компоттар және желеленген тағамдар (бұлғанған және бұлғанбаған), балмұздақ жатады. Балғын жемістер мен жидектер десертті тәрелкеде немесе құмыраларда беріледі. Берген кезде кейбір жемістердің үстіне қант ұнтағын себуге болады, қаймақ немесе бұлғанған кілегеймен толықтыруға болады. Компоттарды балғын, кептірілген, консервіленген және тез мұздатылған жемістер мен жидектерден дайындайды. Пісіру үшін жемістер мен жидектердің бір түрін немесе олардың қоспасын қолдануға болады. Балғын жемістер мен жидектерден даярланган компот. Балғын жемістер мен жидектер жылумен тез өңделеді, сондықтан олардың үстіне қайнап жатқан қантты қою шырын құяды да, тұндырады. Осылай піскен алмалар мен алмұрттардан, шабдалыдан, өріктен, алхорыдан, шиеден, қара шиеден компот қайнатады. Көбінесе дәмі үшін қою шырынға лимон қышқылын қосады. Құлпынай, таңқурай сияқты жидектерді, сонымен катар қарбыз бен қауын жұмсағын, апельсиндерді, мандариндерді компотқа шикілей салады, үстіне суытылған қою шырын құяды да, тұндырады. Кепкен жемістерден даярланған компот. Оны кепкен жемістердің бір түрінен немесе қоспасынан өткізуге дейін 10—12 сағ бұрын дайындайды. Тұндыру кезінде қайнатпаға хош иісті және дәмдік заттар, ал жидектер мен жемістерге қою шырын сіңеді. Консервіленген жемістер мен жидектерден даярланған компот. Консервіленген және арнайы қайнатылған қою шырындарды бір-біріне қосады, суытады да үстіне консервіленген жемістер мен жидектер құяды.

"Компот"
Желеленген тәтті тағамдар бұлғанбаған (кисельдер мен желе) және бұлғанған (мусстар, самбук, кремдер) болады. Кисельдерді балғын жемістер мен жидектерден, шырындардан, қою шырындардан, сүттен крахмал қосып дайындайды. Кисель консистенциясы (қою, орташа қою және сұйық) 1 л сұйыққа қосылатын крахмал мөлшеріне байланысты: қою кисельдер үшін — 80 г крахмал, орташа қою кисельдер үшін — 45—50 г, ал сұйық кисельдер үшін — 30 г қою және орташа қою кисельдерді жеке тағам ретінде, ал сұйық кисельдерді тәтті тағамдарға, көмбелерге және басқа жарма шырын қүяды. Самбук — мусстың бір түрі. Оны алма, өрік немесе алхоры езбесінен дайындайды. Алдымен, езбені қантпен және жүмыртқаның ақуызымен бұлғайды, содан кейін оған ерітілген желатин қосады. Массаны қалыптарға құяды да, суытады. Мусс сияқты беріледі. Кремдерді 30%-дық майлылықты кілегейден немесе қаймақтан жұмыртқа, сүт, қант, жеміс-жидек езбесін қосып дайындайды. Сироппен бірге беріледі. Желе түзуші зат ретінде желатин қолданылады. Балмұздақты креманкаларға немесе фужерларға әр түрлі тәтті соустармен, тосаппен, балғын және консервіленген жемістермен, бұлғанған кілегеймен салып беріледі. Қазақтың дәстүрлі салқын тағамдары — дені ет өнімдерінен дайындалатын тағамдар; мысалы, әсіп, бұжығы, қазы, қарта, жал, жая, піскен өкпе, бауыр, сүр ет, құйрық-бауыр, ішек қарын секілді салқын тағамдар ұлттық дастарқанымыздың сәні. Оның үстіне бүл тағамдар ыстық күйінде де, салқын күйінде де тұтыныла беріледі. Қазір салқын тағамдар түрі күн сайын көбейіп, молайып келеді. Көптеген салқын тағамдардың құрамына көкөністер, көктер, дәмдеуіштер енеді. Ал олар витаминдердің, минералды тұздардың бірден-бір көзі болып табылады. Бауыр — тез пісетін тағам. Оны етке қосып та, өзін бөлек те асуға болады. Егер етке қосып пісірілетін болса, оны қазанға ет пісерден аз ғана бұрын салу керек немесе бір қайнаған соң сүзіп алу қажет. Әйтпесе қатып кетеді. Бауыр қазанда қайнап жатқан кезде ор жерінен іскектеп, қанын ағызып отырған жөн.Қарын — асып пісірілген қарын өте дәмді, құрамында витаминдері мол тағам. Оны ыстықтай да, суытып, салқын тағам ретінде де жей беруге болады. Қарынды ыстық суға салып қояды. Өйткені қайнаған суға салынған қарынның бүрі пышақпен тез қырылып, оңай тазартылады. Тазарған қарын тағы бір рет тұзды суға салынып алынады. Сонда ол әбден тазарып шығады. Жапырақтап кесілген қарын қазандағы шым-шым жылы суға салынып, тұздалып, бұрышталады. Қарынды қатты қайнатуға болмайды. Соған орай отты басыңқырап қою керек. Піскен соң табаққа салып алынып, суытылады. Сөйтіп, ұсақтап туралып, тәрелкеге салынады да, үстіне дөңгелектеп кесілген пияз себеленеді. Тағы бір рет бұрыштап, тұздалады. Дастарқанға нан қоса әкелінеді. Ішектер — асып пісірілген, витаминдері мол тағам. 3—4 рет жылы су жүгіртіп тазартылады. Содан соң тұзды сумен ақырғы рет шайылады да, аш ішек өрме етіп өріледі, ал тоқ ішек майын түсірмей шумақталады. Осылай дайындалған ішектер қанжылым суы бар ыдысқа салынады да, тұздалып, отын басыңқырап қойып қайнатылады. Піскен соң табаққа салынып, суытылады. Суығаннан кейін қиялап турап, ыдысқа салынады. Үстіне дөңгелектеп кесілген пияз немесе көк жуа себелеп, аздап бұрышталады. Гарнир ретінде жас қырыққабат, көк бұршақ пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет