Білім беру бағдарламасы Күндізгі (оқу нысаны) Қызылорда, 2022



бет44/60
Дата06.07.2023
өлшемі9,25 Mb.
#179340
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
Байланысты:
umkd tagam dai ndau tehnologiyas

Қуырылған картоп. Бұл мақсатқа шикі және пісірілген картоп пайдаланылады. Шикі картопты томаршаға, бөлікшеге, текшешеге, тілімшелерге турайды. Мұздай сумен жуады. Бұл процесс олардың кесектерінің өзара жабысып қалмауы және суырма табаға жабыспауы үшін қажет. Сосын құрғатады. Маймен бірге қатты қызған суырма табаға қалыңдығы 4-5 см етіп картопты салады. Үздіксіз араластыра отырып, алқызыл қуырма қабық пайда болғанша қуырады. Тұз салып қуыруды жалғастырады. Егер картоп ошақта толық қуырылмаса, онда оны қуыру шкафында аяқтайды.
Қабығымен пісірілген картопты салқындатады да қабығынан тазалайды. Дөңгелектеп не тілімдеп турайды. Жұқа қабатта қатты қызған майы бар табаға салып, үстіне тұз салады. Үздік-үздік аударыстыра отырып (формасын бұзбау үшін) қуырады.
Ұсынарда тәрелкеге не сыбаға табаға салады да еріген май құяды, көк себеді. Қосымша жас, тұзды (ащы) не шала тұздалған қияр, қызанақ, жас не ашытылған орамжапырақ салып беруге болады.
Қуырылған картопты пиязбен қосып дайындауға да болады. Бұл кезде оны дастарқанға қояр алдында шала қуырылған пиязбен араластырады.
Көбейту (не бұқтырып көбейту) дегеніміз - өнімді аз мөлшердегі сұйықта (суда, сүтте, сорпада, піспе суында) немесе өз сөлінде пісіру. Бұл әдісті негізінен құрамында суы (ылғалы) көп өнімдерді жылумен өңдеу кезінде қолданады. Өнімге, оның көлемінің 1/3 бөлігі мөлшерде сұйық құяды және аузы қақпақпен жабылған ыдыста қалдырады. Бұл жағдайда өнімнің төменгі жағы суда не өз сөлінде піседі, ал жоғары жағы бу атмосферасында піседі.
Кейбір өнімдерді сұйық қоспай қыздыру кезінде бөлінетін өз сөлінде көбейтеді. Бұл әдісте өнімдегі ерігіш заттар сұйыққа аз мөлшерде шығады. Өнімді бөктіруді 90-95°С температурада жүргізуге болады. Бұл әдісті гарнир (қосымша толықтырмалы тағам) мен салқын тағамдар әзірлеу кезінде қолданады. Бөктіру кезінде алынған өнімдер органолептикалық көрсеткіші жағынан СВЧ-аппаратында толық дайындыққа жеткізілген өнімдерге жақындайды.
Көкөніспен бұқтырылған макарон
Даярлау технологиясы:
Көкөністерді бадана етіп турап пассерлейді, томат езбесін қосып 5-7 мин пассерлейді. Жасыл бұршақты жылытады. Макаронды пісіріп оған дайын көкөністерді қосып араластырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет