1.
Жалпы ережелер
Педагогтердің біліктілігін арттыру курсының
ұсынылған білім беру
бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) төмендегі нормативтік құжаттар мен
негізгі ережелерді, талаптарды ескере отырып әзірленді:
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
– Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта,
техникалық және
кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249
қаулысы);
- Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту
туралы» (ҚР БҒМ 31.10.2018 жылғы №603 бұйрығы)
Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы тарих пәні мұғалімдері
үшін әзірленген.
Бағдарламаның өзектілігі: білім алушылар
нарық заманында мектепте
және орта арнаулы білім беретін оқу орындарында тарих және қоғамдық
пәндерді іс тәжірибеге бағыттап, табысты оқыту үшін және олардың болашақта
кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға негіз болып саналады.
Бағдарлама бойынша оқудың жалпы көлемі 108 сағатты құрайды.
2.
Глоссарий
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ)
- ақпараттандыру
саласы,
механизм мен технология, өңдеудің, сақтаудың,
іздеудің және
тұтынушыға ұсынудың тиімді құралы.
Әдістеме -
педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі
мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.
Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің
заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді
оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын
пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың
әрқайсысына тән өзіндік
ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар.
Бағалау —
оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы.
Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының
оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың
қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын,
білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Бақылау -
кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді.
Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу
әрекетіне басшылық жасау
қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына
ықпал етеді.
Бейне контент
– мақсатты аудиторияның
қажеттіліктеріне және оның
перспективті дағдыларына негізделген бейне. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл
сіздің мақсатты аудиторияңызға қажет пайдалы бейне және оны міндетті түрде
көреді.
Бейне сабақ
- мультимедиялық технологияларды қолдана отырып, білім
беру процесі. Бұл жағдайда мұғалімнің рөлі тірі адамды емес, виртуалды немесе
кадр артындағы дауысы ғана естіледі. Сабақтың
әдеттегі формасынан
айырмашылығы, бейне сабақ - бұл қызығушылықтарын арттыратын оқу процесі.
Білім -
адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды,
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді
жеке адамның игілігіне
айналдыру үшін, оны ойлау операциясы — талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу
және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп,
өз білімін шындыққа айналдырады.