Білім беру бағдарламасы курс атауы: «Тарихты оқыту әдістемесі» Тыңдаушылар санаты



Pdf көрінісі
бет7/26
Дата15.07.2024
өлшемі1 Mb.
#203576
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
Тарихты-оқыту-әдістемесі-1

5.
 
Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны 
 
Белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес тыңдаушылардың бойында 
кәсіби білім, іскерлік икем-дағдыларды қалыптастыру үшін Бағдарлама 6 
модульді игеруді және курс жобасын қорғауды көздейді. 
Бағдарламада әлемдік педагогика ғылымындағы жаңа әдістемелерді 
меңгерту көзделген. Педагогке курс барысында ұсынылған «Тарихты оқыту 
әдістемесі» бойынша оқу материалдарын өз тәжірибесінде және жұмыс орнында 
пайдалануға мүмкіндік беріледі. 
Педагогтерді оқыту кәсіптік білім беруге арналған педагогикалық 
шешімдерді, пәнді оқытудың инновациялық технологияларын, білім 
алушыларға бағдарлауды, ғылыми-теориялық және практикалық мысалдарды 
қамтиды. 
Біліктілікті арттыру курсы барысында тыңдаушылардың педагогикалық 
қызметінде пайдалану үшін жұмыс әдістері мен практикадан мысалдар 
ұсынылады. 
Курстың жалпы көлемі 108 академиялық сағатты құрайды.
108 сағаттық курста оқу ұзақтығы 2 айды құрайды. Бұл ретте теориялық-
практикалық оқыту 60 сағаттан, тыңдаушының өзіндік жұмысы (жұмыс 
орнындағы практика) – 36 сағаттан, мониторинг, аралық, қорытынды бақылауда 
курс жобасын дайындау және қорғау, курстан кейінгі қолдау – 12 сағаттан 
тұрады. 
6.
 
Оқу үдерісін ұйымдастыру 
 
Бағдарлама бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру күндізгі (теориялық және 
практикалық) және (немесе) қашықтықтан (онлайн) сабақтар өткізуді, сондай-ақ 
тыңдаушының өзіндік жұмысы мен жұмыс орнындағы практикасын көздейді. 
Білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру үшін бағдарламаны іске асыру 
инновациялық білім беру технологиялары, оның ішінде ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар, бағалау, оқыту және бақылау нысандары, 
тәсілдері, әдістері негізінде жүзеге асырылады. 
Бағдарлама кері байланыс пен рефлексияны, оқытудың белсенді және 
интерактивті әдістерін қолдануды көздейді: дидактикалық ойындар, нақты 
жағдайларды талдау, проблемалық мәселелерді шешу, миға шабуыл, кейс-стади, 
пікірталастар, рөлдік ойындар, диалогтық алаң, жобалар әдісі, проблемалық 
әдістер қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет