Білім беру бағдарламасы мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы



бет17/28
Дата29.03.2017
өлшемі5,72 Mb.
#12735
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

Модуль тапсырмалары:

8.1. Мұнай газ өндірісінде өндірілген, қолданылған және пайдаланылған материалдарды сақтау кезінде ескеретін қауіпсіздік шараларын, қоршаған ортаны қорғаудың практикалық әдістерін сипаттау.

8.2. Қалдықтар мен материалдарды тұрақты және уақытша сақтау және әр түр үшін қажетті жинақтағыштарды түсіндіру.

8.3. Екінші реттік герметизацияны қажет етпейтін 4 жинақтағыштың жұмысын баянда.

8.4. Материалдарды уақытша сақтау үшін ең оптималды іс – көму болатын 3 жағдайды баянда.

8.5. Жинақтағыштардың орынын немесе жинақтағыш жабдықтарды анықтаудың 4 өлшемін баянда.

8.6. Көмудің және өткізбейтін қабаттардың 2 реттік герметизациясын қажет ететін 4 өлшемді баянда.
Модуль 9. Қоршаған ортаның ластануы (стандарттар, көздері, бақылау)
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Судың, ауаның ластануларының түрлері, ластану көздері, әр жағдайда туындайтын қауіптер және ластану деңгейін төмендететуді бақылау әдістерін түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

9.1. Материалдың ластандырғышқа айналу жағдайларын сипаттау.

9.2. Қауіпті сұйықтар төгіліп қалғанда, немесе әдейі бақылаусыз төгілгенде туындайтын проблемаларды түсіндіру және қауіпті әсерді шектеу жолдарын анықтау.

9.3. Жылулық ластануды талқылау. А) Жылулық ластану деген не, б) жылулық ластану көздері мен себептері, В) ластануды азайтудың/ минималдандыру әдіс – тәсілдері г) жылулық ластанудың экожүйеге әсерін сипаттай білулері керек.

9.4. Өңделмеген сұйық қалдықтардың әсерінен ластануды болдырмау /бақылау әдістерін сипаттау. а) жоғары немесе/және төмен рН, б) қалықтаған бөлшектер, в) май және майлар

9.5. Бұрынғы және қазіргі кезде қолданылатын қоқыс тастайтын жерлерді топырақпен көму әдістерін салыстыру. Осы әдістердің қоршаған ортаға тигізетін зияны мен бүгінгі таңда осы зиянды азайту үшін қолданылып жатқан шараларды баяндау.

9.6. Өте терең ұңғымаларға қалдықтарды құю және жер асты суларының ластануына әкелетін құлаудың 3 түрін талқылау.

9.7. Ауаны ластандыратын 7 түрлі ластандырғышты түсіндіру. Олардың құрылуы мен олардың адамдардың денсаулығына, ұлттық экономикаға және қоршаған ортаға кері әсерін сипаттау.


Модуль 10. Ғаламдық жылуы
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Жылы жай эффектісі бар газдардың шығарылуы нәтижесі және оның ғаламшардағы температураның өзгерісіне әсері жайлы ғылым туралы айту.


Модуль тапсырмалары:

10.1. Жылы жай эффектісі бар газдарды және олардың атмосфераға әсерін көрсету.

10.2. Жер климатының өзгерісіне «оң және теріс көз қарастарды» салыстыру.

10.3. Көмірлік блок сызбасы арқылы көмірдің көздерін атау.

10.4. Әлемдік жылу жайлы болжаудың анықталмағандығын түсіндіру

10.5. Әлемдік жылу арқасында Жер экожүйесінде күтілетін өзгерістерді көрсету.

10.6. Бұған дейінгі климаттың өзгерісінің әсерінен болған өзгерістер жайлы болжауды атап шығу.

10.7. Табиғи және отынның альтернативті түрлеріне әлемдік сұранысқа сараптама жасау.

10.8. Климаттың өзгеруіне байланысты болатын қауіптерді сараптау және атап шығу.

10.9. Климаттың өзгерісінің әсерін азайту үшін мүмкіндіктерді қолдану, соның ішінде көміртекті секвестрациялау.

10.10. Қазақстандағы ауаға шығарылатын қалдықтардың кредиттік жүйесін сипаттау.


  1. Оқыту әдістері:

  • Басшылық нұсқау

  • Тапсырмалар

  • Лекция

  • Зертханалық жұмыс




  1. Оқыту ресурстары:

  • Интернет-сайттары

  • Үлестірме материалдар

  • Электронды хаттар


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. Фациалдық модельдер, теңіз деңгейінің өзгерісіне реакция, Р.Г. Уокер және Н.П. Джеймс, (редакторы), Канаданың Геологиялық Ассоциациясы, 1992.

5.2. Седиментологияға кіріспе, Р.С. Селли, баспа Academic Press, 2000.

5.3. Карбонат: тұнба жиналу шарттары, баспа AAPG Memoir 31, 1982.

5.4. Стратиграфиялық геологиялық барлау, 2-і басылым, Г.С. Вишер, баспа PennWell, 1990.

5.5. Седиментологияның және стратиграфия принциптері, 3-і басылым, С. Боггс, Дж, баспа Prentice-Hall, 2001.

5.6. Құмдақ: тұнба жиналу шарттары, баспа AAPG Memoir 33, 1982.

5.7. Құмдақ: жанатын пайдалы қазбаларды барлау үшін седиментологиялық модель, 3-і басылым, Г. де В. Клейн, баспа IHRDC, 1985.

5.8. Тұнба түзілу шарттары және фациялар, 3-і басылым, Х.C. Ридинг, баспа Blackwell Science, 1996.

5.9. Тұнбалық жыныстардың геологиясы. Стратиграфиямен және тұнбалық жыныстармен танысу, 2-і басылым, Дональд Р. Протеро және Фред Шваб, У.Х. Фриман, 2004 жыл.



5.10. НАСА-ның ашық курсы, 12.110 Тұнбалық жыныстардың геологиясы, Массачусет технологиялық институты.

6. Курстың бағалау жүйесі

Тапсырмалар

10 %

Тест

40 %

Жоба

20%

Қорытынды емтихан

30%

Барлығы

100 %


Бағалау шкаласы

Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0 Ең төменгі өту баллы

0-49

F

0.0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА

Физикалық геология



Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы
Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог

Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог

Астана 2012ж.


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.

№____хаттама2012ж. «___» _____


ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков
Мазмұны

бет











1.

Түсіндірме жазба

230

2.

Курстың мазмұны

231

3.

Оқыту әдістері

236

4.

Оқыту ресурстары

236

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

236

6.

Курсты бағалау жүйесі

236



  1. Түсіндірме жазба

Оқытудың эксперименталдық бағдарламасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған. (ҚР Үкіметінің 2012ж 23 тамыздағы № 1080 қаулысы.

«Физикалық геология» пәнінің мазмұнында геохронология, жердің ішкі конфигурациясы және геологиялық процестер, көп тараған қазбалар мен тау жыныстарының үлгілері, карталардың контурлық өңделуі қарастырылады.

Модульдердің жалпы саны: 12

Сағат саны: 75

Кредиттер саны: 3.0

«Физикалық геология» эксперименталдi бiлiм беретiн пәннiң бағдарламасы кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін құрайды.

Кәсіптік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымы бағдарламаға жергілікті жағдайды, аумақтық компонентті ескере отырып, орындалу кезегіне негізделген өзгертулерді енгізе алады.

Жұмыстық бағдарламаны орындау кезінде лекцияларын, сыныптағы талқылауын, компьютердегі презентациясын, тәуелсіз оқытуын, басқару нұсқауын тиімді пайдаланып, оқу үрдісін ұйымдастыруда және бақылауда әр түрлі әдістерді қолдану ұсынылады.

Бағдарламаны дұрыс меңгерілуі үшін теориялық (лекциялар) сабақтар мен зертханалық- практикалық сабақтар, семинарлар кезектестірілуі керек.

«Мұнай газ геологиясы» пәнімен пәнаралық байланыс студенттердің әр түрлі пәндер бойынша бағдарламалардың өзара байланысын түсіну болашақ мамандықтарына қажетті білім мен біліктілікті меңгеруге көмектеседі.


2. Курстың мазмұны


Модуль 1. Геохронология
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Тау жыныстарының жасын анықтауды, Жерде болған тарихи оқиғалардың тізбегін даталаудың жалпы әдістерін қолданып, анықталған Жердің салыстырмалы жасын, геологиялық уақытты, стандарт геологиялық бағанды/геологиялық уақыт шкаласын білу керек.


Модуль тапсырмалары:

    1. Геологияға, физикалық геологияға және тарихи геологияға анықтама беру.

    2. Геологияға негiзделген зерттеу немесе қолдану жөнiнде геологиялық салаларды қайта атау.

1.3 Геологиялық уақыт шкаласындағы дәуірлерді атау.

1.4 Жыныстар кестесі бойынша жыныстың жасын анықтау

1.5 Салыстырмалы геологиялық жастың заңдарын анықтап, оны геологиялық оқиғалардың тізбегінде қолдану

1.6 Абсолют және салыстырмалы геологиялық жастар арасындағы айырмашылықты, олардың қалай анықталатынын білу.



    1. Жерді динамикалық ғаламшар ретінде сипаттау.

    2. Униформизм принципін қолдану.

    3. Геологиялық сипаттамалары бойынша бір жер қыртысын екінші жермен тіркеу.

    4. Геологиялық уақыттың ықшамдалған сызбасын период деңгейіне дейін салу.


Модуль 2. Пайдалы қазбалар
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Көпшілікке белгілі пайдалы қазбаларды анықтау және классификациялау.


Модуль тапсырмалары:

2.1 Пайдалы қазбалардың химиялық формулаларын анықтау.

2.2 Пайдалы қазбаларды анықтау үшін қажетті өлшемдерді (критерийларды) атау.


    1. Бекітілген өлшемдер бойынша пайдалы қазбаларды анықтау.

2.4 Пайдалы қазбаларды негізгі топтарға бөлу.

    1. Пайдалы қазбалардың қолданылуларын негізгі топтар жүйесі арқылы түсіндіру.

    2. Заттың құрамын атомдық және субатомдық құрылымдар ретінде сипаттау.

    3. Жыныс құрайтын пайдалы қазбаларды атау


Модуль 3. Тау жыныстарымен танысу
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Тау жыныстарын анықтау үшін классификациялар жүйесін таңдап, қолдану.


Модуль тапсырмалары:

3.1 Үлгілерді тау жынысы немесе пай далы қазба ретінде классификациялау.

3.2 Жыныстарды тегіне байланысты негізгі үш топқа бөлу.

3.3 Геологиялық процестер әсерінен жүретін химиялық және/немесе физикалық қасиеттердің өзгеруін түсіндіру.

3.4 Тау жыныстарының циклінің қарапайым сызбасын салу.
Модуль 4. Магмалық құрылымдар
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Магмалық құрылымдарды тудыратын процестерді сипаттау және түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

4.1 Көп тараған магмалық құрылымдарды сипаттау.

4.2 Жыныстың магмалық структурасын сипаттау.

4.3 Магмалық жыныстардың пайда болуын түсіндіру.

4.4 Боуэннің реакциялық серияларын сипаттау.

4.5 Магмалық құрылымдардың құрамына геологиялық процестердің әсерін түсіндіру.

4.6 Құрамы мен құрылымы бойынша магмалық құрылымдарды классификациялау.

4.7 Жанартау процесін түсіндіру.

4.8 Магмалық құрылымдардың түрлерінің сипаттамалары мен пайда болуын сипаттау.
Модуль 5. Өндiру, транспорттау және тұнба түзілу
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Өндiру, транспорттау және тұнба түзілуді сипаттау және түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

5.1 Тау жыныстарының механикалық және химиялық желге мүжілуі бұзылу процесін түсіндіру.

5.2 Тау жыныстарының гравитациялық орын ауыстыруларын түсіндіру.

5.3 Гидрологиялық цикл және оның жер бедерінің қалыптасуына әсерін түсіндіру.

5.4 Жел, су, мұздың арқасында әр түрлі тасымалданулар және тұнбалық жинақтаулардың қорытынды суретін сипаттау.
Модуль 6. Су әсерінен пайда болатын қабаттық жыныстар
Оқытудың нәтижесі:

Су әсерінен пайда болатын қабаттық жыныстарын қалыптасу процестерін сипаттау және түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

6.1 Тұнбалық жыныстарға анықтама беру және олардың қалыптасуын түсіндіру.

6.2 Көп тараған тұнбалық жыныстарды атау, сипаттау және классификациялау.

6.3 Үгетілген жыныстарды үгіндінің өлшемі мен пішініне байланысты классификациялау.

6.4 Тұнбалық жыныстарды текстурасы бойынша химиялық тұрғыдан классификациялау.

6.5 Органикалық тұнбалық жыныстарды пайда болуына байланысты классификациялау.

6.6 Әр түрлі тұнбалық құрылымдардың пайда болуларын түсіндіру.

6.7 Тұнба фациялардың арасындағы өзара байланысты анықтау, тұнба жинау жағдайы және теңiздік трансгрессия және регрессия.


Модуль 7. Метаморфиялық жыныстар
Оқытудың нәтижесі:

Метаморфиялық жыныстардың пайда болу процестерін сипаттау және түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

7.1 Метаморфиялық жыныстардың пайда болуын түсіндіру.

7.2 Метаморфизмнің үш негізгі түрлерін айыра білу.

7.3 Метаморфиялық фацияны куәлайтын пайдалы қазбаларды атау.

7.4 Метаморфиялық жыныстарды олардың текстуралары (парақтық және парақтық емес) бойынша классификациялау және парақтық текстура сипаттамалары бойынша метаморфизм дәрежесін анықтау.

7.5 Метаморфиялық жыныстардың зоналарға бөлінуін түсіндіру.

7.6 Метаморфизм дәрежесін куәлайтын пайдалы қазбаларды атау.

7.7 Әр түрлі метаморфиялық жыныстардың және пайдалы қазбалардың қолданылуларын түсіндіру.


Модуль 8. Жердің құрылымы
Оқытудың нәтижесі:

Жер қойнауының үш концентрлі зонадан тұратындығын баяндау және зоналық құрылымды дәлелдеу.


Модуль тапсырмалары:

8.1 Жер қойнауының үш зонасының физикалық сипаттамалары.

8.2 Зоналыққа әкелетін сейсмикалық деректерді түсіндіру.

8.3 Жер сілкінуді түсіндіру.

8.4 Жер сілкіну ошағы, эпицентр, сейсмограф және сейсмограммалары ұғымдарына анықтама беру.

8.5 Цунами құбылысын түсіндіру.

8.6 Сейсмикалық толқынындардың негізгі категорияларын сипаттау.
Модуль 9. Тектоника
Оқытудың нәтижесі:

Геологиялық құрылыстардың қалыптасуына әсер ететін процестерді анықтау.


Модуль тапсырмалары:

9.1 Кернеу мен деформация түрлерін анықтау.

9.2 Созылып жату және құлау ұғымдардың анықтамасы.

9.3 Қатпарлардың түрлерін анықтау және олардың қалыптасуына әсер ететін процестер.

9.4 Картада созылып жату, құлау, қатпарларды, сынықтар және сәйкессiздiктерді сызу.

9.5 Изостазия принципін түсіндіру.


Модуль 10. Контитенттердің орын ауыстырулары және платформалардың тектоникасы
Оқытудың нәтижесі:

Географиялық ерекшеліктердің қалыптасуын түсіндіру үшін платформа тектоникасы теориясын қолдану.


Модуль тапсырмалары:

10.1 Континенттердің орын ауыстыруын және теорияны дәлелдейтін фактілерді сипаттау.

10.2 Мұхиттардың түбінің спредингі және теорияны дәлелдейтін фактілерді сипаттау.

10.3 Тақталардың тектоникасы және теорияны дәлелдейтін фактілерді сипаттау.

10.4 Жанар таулар, жер сiлкiнудiң үлестiрiлу, таулар, субдукцияның аймақтары, океаниялық арқалар, ыстық нүктелер және тағы басқа географиялық ерекшелiктерді түсіндіру үшін тектоникалық тақталар теориясын қолдану.

10.5 Тақталардың шекарасын айыру.

10.6 Магманың субдукция аймағындағы және арқаларда экструдацияланған магманың түрлерiнің ара қатынасын белгiлеу.

10.7 Сөнген және істеп тұрған жанар таулар мен «ыстық нүктелер» арасындағы өзара байланысты түсіндіру.


Модуль 11. Пайдалы қазбалар мен тау жыныстарының зертханасы – пайдалық қазбаларды табу
Оқытудың нәтижесі:

Берілген өңделген жыныс үлгісі бойынша пайдалы қазбаларды анықтау және классификациялау.


Модуль тапсырмалары:

11. Пайдалы қазбалардың әртүрлі физикалық қасиеттерін: қаттылығы, жылтырауы, түсі, қабатталуын жетікірек сипаттау және олардың анықтамасы және классификациясы бойынша бөлу.

11.2 Физикалық қасиеттері бойынша әртүрлі пайдалы қазбаларды анықтау.
Модуль 12. Магмалық тау жынысын анықтау
Оқытудың нәтижесі:

Берілген өңделген тау жынысының текстуралық үлгісі бойынша магмалық тау жынысын анықтау, классификациялау.


Модуль тапсырмалары:

12.1 Магмалық жыныстарды атау, анықтау және классификациялау.

12.2 Магмалық жыныстарды текстурасы бойынша анықтау және классификациялау.
Модуль 13. Су әсерінен пайда болатын қабатты жыныстарды анықтау
Оқытудың нәтижесі:

Су әсерінен пайда болатын қабатты жыныстарды анықтау классификациялау және текстурасын берілген өңделген үлгі бойынша анықтау.


Модуль тапсырмалары:

13.1 Су әсерінен пайда болатын қабатты жыныстарды анықтау классификациялау.

13.2 Су әсерінен пайда болатын қабатты жыныстарының ерекшеліктерін анықтау классификациялау.
Модуль 14. Метоморфиялық жыныстарды анықтау
Оқудың нәтижесі:

Метоморфиялық жыныстарды анықтау классификациялау және текстурасын берілген өңделген үлгі бойынша анықтау.


Модуль тапсырмалары:

14.1 Метоморфиялық жыныстардың типтерін анықтау, классификациялау.

14.2 Метоморфиялық жыныстардың түрлерін анықтау, классификациялау.
Модуль 15. Топографиялық түсірілімдер зертханасы
Оқытудың нәтижесі:

Геологиялық және геофизикалық деректерді ескере отырып, түрлі құрылымдық түсірілімдер жасау.


Модуль тапсырмалары:

15.1 Әртүрлі карталардағы ерекшеліктерді анықтау.

15.2 Топографиялық, құрылымдық және изопахит карталарын өте дәл сызу.

15.3 Сандық мәндері бойынша профиль мен тілімді салу.

15.4 Әртүрлі деректер бойынша географиялық орынның ықтимал биіктігін анықтау.


  1. Оқыту әдістері:

  • Тапсырмалар

  • Басқару нұсқауы

  • Аудиториялық талқылау

  • Лекция

  • Зертханалық жұмыс




  1. Оқыту ресурстары:

- Конспекттер

- Магнит

- Қарындаш 2 H

- Өшіргіш

- Бәкі (қалауы бойынша)

- Үлкейткіш шыны (қалауы бойынша)

- Шеттері қиялған үшбұрыштар жұбы 30-60 және 45

- Бірнеше масшатабтарды таңдап алуға болатын топографиялық сызғыш (10, 20, 30 және т.б.)

- Сызғыш (12 дюймді немесе 30 см, екі шкаланыңда бір сызғышта болуы тиімді)

- Фигураларға арналған шаблон (дөнгелектер, үшбұрыштар, шаршы және т.б.)

- Транспортир


  1. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. Moнро және Уикандер. (2009). Өзгеретін Жер: Эволюция және барлау

геологиясы (5-і басылым). Thomson Brooks/Cole

5.2. Тау жыныстары және пайдалы қазбалар, оперативтік зерделеу:

Гистограммалар бойынша ғылыми зерттеулер, Inc., Boca Raton, Флорида,

2001.
6. Курстың бағалау жүйесі

Ауызша мен жазбаша сұрауы және/немесе аралық емтихан 25%

Зертханалық есептер/тесттер/тапсырмалар 40

Қорытынды емтихан 35%

Барлығы 100%
Бағалау шкаласы


Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0 Ең төменгі өту балы

0-49

F

0.0



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет