Білім беру бағдарламасы мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы


Модуль 9. Өсу қарқынының құлдырауын талдау және болжауға кіріспе



бет16/28
Дата29.03.2017
өлшемі5,72 Mb.
#12735
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28

Модуль 9. Өсу қарқынының құлдырауын талдау және болжауға кіріспе
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Деректерге қойылатын негізгі талаптарды түсіндіру, әр түрлі болжауларды атау және талдаудың бірнеше әдістерін сипаттап, олжаны болжау.


Модуль тапсырмалары:

9.1 Өндіруді нақты болжау үшін деректерге қойылатын талаптарды түсіндіру.

9.2 Бір ұңғымадан болжау бойынша өндірілетін өнім мен ұңғыма топтарынан өндірілітен өнім арасындағы айырмашылықты түсіндіру.

9.3 Өнім бойынша сапалы деректің болжам жасауға тигізетін әсерін сипаттау.

9.4 Тарихи өнім негізінде болжауға жасалатын жорамалдарды сипаттау.

9.5 Жиі қолданылатын өнімнің азаюына жасалатын сараптамалар мен болжауларды баяндау.


Модуль 10. Өндірудің экпоненциалдық төмендеуін жалпы өнім мен темп графигін салыстыру арқылы талдау
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Өндірудің тарихын талдап, өндірудің экпоненциалдық төмендеудің тенденциясын жалпы өнім мен темп графигін салыстыру арқылы анықтау, экпоненциалдық төмендеудің константасын есептеу және өндіруге болжау жасау.


Модуль тапсырмалары:

10.1 Өндірудің тарихын талдап, өндірудің экпоненциалдық төмендеудің тенденциясын жалпы өнім мен темп графигін салыстыру арқылы анықтау, экпоненциалдық төмендеудің константасын есептеу және өндіруге болжау жасау.

10.2 Экпоненциалдық төмендеудің көлбеулігін жалпы өніммен салыстырғандағы темп графигінен анықтау

10.3 Жалпы қорытынды өнімді есептеу және график түрінде анықтау.

10.4 Жалпы алынатын қорытынды өнімді есептеу және график түрінде анықтау.

10.5 Ұңғыманы жабу үшін қажетті уақытты есептеу.

10.6 Алғашқы флюиді үшін күндізгі, жылдық, орта өндіруді есептеу.

10.7 Алғашқы флюиді үшiн жылғы олжаның болжамын құру

10.8 Өнімнің шығу индексін қолданып, екінші реттік флюиді үшін жылғы олжаның болжамын құру.
Модуль 11. Өндірудің экпоненциалдық төмендеуін уақытпен салыстырылған каротаждық темп графигін қолдану арқылы анықтау
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Өндірудің тарихын талдап, өндірудің экпоненциалдық төмендеуін уақытпен салыстырылған каротаждық темп графигін қолдану арқылы анықтау, экпоненциалдық төмендеудің константасын есептеу және өндіруге болжау жасау.


Модуль тапсырмалары:

11.1Өндірудің экпоненциалдық төмендеуін уақытпен салыстырылған каротаждық темп графигін қолдану арқылы анықтау.

11.2Экспоненциалдық төмендеудің көлбеуін уақытпен салыстырылған каротаждық темп графигін қолдану арқылы анықтау.

11.3Ұңғыманың жабылу үшiн уақытын есептеп график түрiнде анықтау.

11.4Қорытынды жиынтық өнімді есептеу.

11.5Алынатын жиынтық өнімді есептеу.


Модуль 12. Құлдырауды талдаудың ерекше жағдайлары және болжау
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Құлдырауды талдаудың әр түрлi ерекше жағдайларын белгiлеп талдау. Сонымен бiрге, сiз дербес жағдайларды қолданып, әрбіреуі үшiн болжауларды құра аласыз.


Модуль тапсырмалары:

11.1 Өндіру тарихын талдап, ұңғымалардың тобы үшiн өнімнің болжауын құру.

12.2 Өндіру темпінің үдемелі өсуі үшін болжау жасау.

12.3 Өнім қорының өсу жағдайы үшін өндірудің болжауын жасау.


Модуль 13. Тәуекелдердiң талдауы
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

«Сұраныс пен ұсыныс» моделін қолдана отырып, бағадағы тербелісті түсіндіру


Модуль тапсырмалары:

13.1 Ұңғымалардың шоғырын бұрғылау бағдарламасы үшiн бiрмәндi және бiрмәндi емес шығыстарының тiзiмiн құру.

13.2 Ұңғымалардың шоғырын бұрғылау бағдарламасы үшiн ықтималдық ағашын құру.

13.3 Ықтималдық ағашты пайдаланып, әрбiр жеке шығыс үшiн ықтималдықты есептеу, ықтималдылығы жоғары және ықтималдылығы төмен шығысты анықтау.

13.4 Биномдық көбею теңдеуі көмегімен әрбiр жеке шығыс үшiн ықтималдықты есептеу, ықтималдылығы жоғары және ықтималдылығы төмен шығысты анықтау у.

13.5 Ұңғымалар шоғырының бұрғылау бағдарламасы үшiн әрбiр жеке шығыс үшiн таза келтiрiлген құнды есептеу және таза келтiрiлген құнның шектерінің нәтижелерін анықтау.

13.6 Ұңғымалар шоғырының бұрғылау бағдарламасы үшiн күтiлетiн таза келтiрiлген құнды есептеу және ұсыныстар құру.
Модуль 14. Инфляция
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Құнның номиналды болжаулары үшiн инфляцияны қолдану, нақты шығындардың болжауларын есептеу, инфляцияға дисконтталған ақша қаражат ағындарының таза келтiрiлген құнын анықтау.


Модуль тапсырмалары:

14.1 Тарихи шығындар негiзiнде инфляцияның жылдық орташа жалақысын есептеу.

14.2 Номиналды шығындардың болжауы үшiн жылдық орташа инфляцияны қолдану және нақты шығындардың болжауларын есептеу.

14.3 Тарихи шығындар негiзiнде инфляцияның жылдық жалақысын есептеу.

14.4 Номиналды шығындардың болжауы үшiн инфляцияның жалақысын қолдану және нақты шығындардың болжауларын есептеу.

14.5 Нақты шығындардың болжауларына инфляцияны қолдану және номиналды болжауды есептеу.

14.6 Жобаның таза келтірілген құнына инфляция әсерін түсіндіру.
Модуль 15. Мұнай өнеркәсібінің экономикасы
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Барлау және өңдеу бойынша әр түрлi мұнай жобаларының толық экономикалық бағасын орындау


Модуль тапсырмалары:

15.1 Салықтардың шегермесiне дейiн және салық өндiруден кейiн инвестициялық, операциялық, табыстық қаражат ағындары бар мұнай-газ жобаны дайындау

15.2 Мұнай жобасы үшiн тиiстi iргелi салымдарды есептеу

15.3 тұрақты және айнымалы қолдану кезiндегi шығындар үшiн мұнай жобасына қойылатын талаптарды есептеу.

15.4 Барлық номиналды ақша қаражат ағындар үшiн инфляцияның коэффициентiн қолдану және нақты ақшалай ағындарды есептеу

15.5 Қазақстандағы негiзгi өнiмдер үшiн хан роялтидің өлшемін есептеу.

15.6 Бiрлескен дисконтталған жалақының қолдануында мұнай жобасының дисконтталған ақша қаражатын дисконттау ағынын есептеу.

15.7 Мұнай жобасының пайдалылығының iшкi нормасын салықтардың шегермесiне дейiн және кейiн есептеуiмен және таза келтiрiлген құнды есептеу

15.8 Қарапайым мұнай жобаларын бағалау үшін экономикалық есептеуіш қосымшаларды пайдалану

15.9 Қарапайым мұнай жобаларын қабылдауға ұсыныстарды беру.


Модуль 16. Өнімнің бағасы
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

«Сұраныс пен ұсыныс» моделін қолдана отырып, өнім бағаларының тербелмелі өзгерісін түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

16.1 «Сұраныс пен ұсыныс» моделін түсіндіру

16.2 Тарихи болжамда бағалардың тербелмелі өзгерісін талдау.

16.3 Әлемдік мұнайдың бағасына ағымдағы әлемдік дағдарыстың ықпалын түсiндiру.


Модуль 17. Компанияның таза олжасын сараптау
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Үлкен емес мұнай жобалары үшін пайданы талдау және таза пайдаларды есептеп, жобаның қолданылуына ұсыныс жасау.


Модуль тапсырмалары:

17.1 Үлкен емес инвестициялық жоба үшiн тексеретiн шамалар үшiн қаржылардың қозғалысының ағыны құрастырып, жобаның тиiмдiлiк талдауын орындап ұсыныс жасау.

17.2 Үлкен емес инвестициялық жоба үшiн тексеретiн шамаларды анықтап, пайданың талдап, ұсыныс жасау.
Модуль 18. SEC-10 формасы түрінде берілген қазбалар жайлы деректер (бағалы қағаздар мен биржалар жайлы комиссия)
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

SEC-10 деректер анықтамасын қолданып, SEC-10-ға анықтама және SEC-10-дағы ақша қаражаттарының түсiмдердің анықтама беру.


Модуль тапсырмалары:

18.1 SEC-10 деректерінің түрлi анықтауларын түсiндiру.

18.2 SEC-10 деректерінің анықтамасын қолданып, Құрылған-Бекітілген, Құрылмаған-Бекітілген, Бекітілген, Бөліктері барланған және Шамаланған қорларды тіркеу

18.3 Z фактордың түзетулерін ескере отырып, газдың өндірудің жиынтық өлшеміне қарсы салмақтың қысымын және SEC-10 деректерін анықтау.

18.4 Өндірудің төмендеуін сараптап, SEC-10 деректерін анықтау.

18.5 SEC-10 бойынша есеп ережелері көмегімен компания есебінің шарттарын түсіндіру.


Модуль 19. Статистикалық талдау
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Қолданбалы ғылыми инженерлiк технология бойынша статистикалық процестер жайлы бiлiмдерін есептердi шешу үшін қолдану.


Модуль тапсырмалары:

x2, қуат және экспоненциалдық регрессия өлшемдерін пайдаланып, сонымен бірге бiрiншi тектi қателiктер және екiншi тектi қателiктер үшiн тестiлiк болжамдарын тұжырымдап, техникалық есептерді шешу.




  1. Оқыту әдістері:

  • Басқару нұсқауы

  • Тәуелсіз оқытуы

  • Лекция

  • Тапсырмалар




  1. Оқыту ресурстары:

- Ғылыми программаланбаған калькулятор

- Мөлдір 12-дюймді сызғыш

- Инженерлік қағаз

- 100 Mb ZIP дисктер немесе USB флеш-жинағыш




  1. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. Чан С. Парк. (1993). Қазіргі инженерлік экономика. Баспа: Addison

Wesley Publishers Limited.

5.2. Чан С. Парк, Кеннет С. Портеус, Кеннет Ф. Садлер, Минг Дж. Цуо

(1995). Қазіргі инженерлік экономика: Канадалық көзқараспен.

Баспа: Addison Wesley Publishers Limited.

5.3. Е. Пол ДеГармо, Уильям Дж. Салливан, Джеймс А. Бонтаделли, Элин М.

Викс (1997) Инженерлік экономика (10 бас.). Баспа: Prentice Hall.

5.4. Джеймс Л. Риггс, Дэвид Д. Безворт, Саба У. Рандава, Ата М. Хан (1997)

Инженерлік экономика: Екінші канадалық басылым. Баспа: McGraw-Hill

Ryerson Limited

5.5.Ниал М. Фрейзер, Ирвин Бернхарт, Элизабет М. Джукс (1997)

Канададағы инженерлік экономика. Баспа: Prentice Hall Canada Inc.



  1. Курстың бағалау жүйесі




Үй тапсырмасы

15 %

Зертханалық жұмыс

15%

Семинарлар

10%

Зертханалық сынаулар

10%

Аралық емтихан

25%

Қорытынды емтихан

35%

Барлығы

100 %


Бағалау шкаласы

Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0 Ең төменгі өту балы

0-49

F

0.0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА

Мұнай өндіру кезінде пайда болатын қоршаған ортаның мәселелері



Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы
Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог

Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог

Астана 2012ж.


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.

№____хаттама2012ж. «___» _____


ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков
Мазмұны

бет











1.

Түсіндірме жазба

218

2.

Курстың мазмұны

219

3.

Оқыту әдістері

224

4.

Оқыту ресурстары

224

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

224

6.

Курсты бағалау жүйесі

224



  1. Түсіндірме жазба

Оқытудың эксперименталдық бағдарламасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған. (ҚР Үкіметінің 2012ж 23 тамыздағы № 1080 қаулысы).

«Мұнай өндіру кезіндегі қоршаған ортаның мәселелері» пәні студенттерді мемлекеттiк құрылымдар және мекемелер, барлау және бұрғылау кезінде пайда болатын қоршаған орта мәселелері бұрғылау және мұнай мен газдың потенциалдық қорларын өңдеу процесі, қоршаған ортаға тигізетін әсері бағалау ұғымдарымен таныстырады.

Модульдердің жалпы саны: 10

Сағат саны: 45

Кредиттер саны: 1.5

«Мұнай өндіру кезіндегі қоршаған ортаның мәселелері» эксперименталдi бiлiм беретiн пәннiң бағдарламасы кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін құрайды.

Кәсіптік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымы бағдарламаға жергілікті жағдайды, аумақтық компонентті ескере отырып, орындалу кезегіне негізделген өзгертулерді енгізе алады.

Жұмыстық бағдарламаны орындау кезінде лекцияларын, сыныптағы талқылауын, компьютердегі презентациясын, тәуелсіз оқытуын, басқару нұсқауын тиімді пайдаланып, оқу үрдісін ұйымдастыруда және бақылауда әр түрлі әдістерді қолдану ұсынылады.

Бағдарламаны дұрыс меңгерілуі үшін теориялық (лекциялар) сабақтар мен зертханалық- практикалық сабақтар, семинарлар кезектестірілуі керек.

«Түнбаның түзілуі және стратиграфия» пәнімен пәнаралық байланыс студенттердің әр түрлі пәндер бойынша бағдарламалардың өзара байланысын түсіну болашақ мамандықтарына қажетті білім мен біліктілікті меңгеруге көмекте.


2. Курстың мазмұны


Модуль 1. Мемлекеттік және облыстық басқару органдары
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Жоба бойынша қоршаған орта мәселелерімен айналысатын мемлекеттік және облыстық басқару органдарын баяндау және олардың әрқайсысының өкілеттік салаларын көрсету.


Модуль тапсырмалары:

1.1 Мемлекеттiк және облыстық деңгейдегі мекемелердiң арасындағы айырмашылықты түсiндіру және олардың өкiлеттiктерiнде сәйкес келетiн салаларды талқылау.



    1. Қоршаған ортаның мәселелерi бойынша Қазақстанда мемлекеттiк мекемелер және жергілікті мекемелердiң әр түрлi департаменттерiн сипаттау. Олардың рөлiн түсiндіріп және әрбiреуіне мысалдар келтiру.


Модуль 2. Заңдар, нормативтi-құқықтық актілер, жарғылар, нұсқаулар, қаулылар және қадағалау органдары
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Қоршаған ортаның мәселелері туралы қаулылардың орындалуы мен ұстануын қадағалайтын және оларды жасауға, алға басуларға жауап беретiн мекемелерді ажырату.


Модуль тапсырмалары:

2.1. Үкiметтiң заң шығару актiлері, қаулылар, ережелер жиыны, нұсқаулар және олардың критерийлары атты ұғымдардың айырмашылығын түсiндiру.

2.2. Қоршаған ортаның мәселелерi шешетін әр түрлі мекемелердiң өкілеттіктерін және жауапкершілігн түсіндіру және әр қайсысының шығаратын басылымдарын түсіндіру.
Модуль 3. Мұнай мен газды іздестіру-барлаулық зертеулер
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Мұнай мен газды іздестіру-барлаулық зертеулердi қоршаған ортаға зиянды әсердi минимизациялауға мүмкiндiк беретiн табиғи ортаны кешенді қорғау шараларын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

3.1 Кен орынды өңдеу кезінде серіктестікке қойылатын талаптар және жауапкершілік зонасын сипаттау: а) жоспарлау б)бұрғылау/бөлектеу процесі

в) iздестiру-барлау шаралары кезінде жерді игеру.

3.2. Жұмысты тоқтату қандай шарттарға байланысты болатынын талқылау және іздестiру-барлау зерттеулердiң орындалу ретiн сипаттау.

3.3. Бұрғылау барысында түсiру және топырақтың жер бетiндегi жiктерiнiң (жер қабаттауға астына төселген құнарлы) кәдігі асыруының әдiстерiн түсiндiру.

3.4. Жұмыс барысында ластанбауға тиісті су ағындарының немесе су резервуарларының шекарасын көрнекi көрсету керек.

3.5. Сыртқы сулардың бұрғысы жол құрылысының бөлiгi болып табылу себебін талқылау.

3.6. Бұрғы балшығын сақтаудың әр түрлі тәсілін сипаттау.

3.7. Ыза суларына қатысты СЭКХ-тың талабы түсiндіру және ыза суларды қорғау бойынша талаптарды өзгертудің мүмкiн жағдайларын сипаттау.
Модуль 4. Факелдік мұнара және зиянды қалдықтарды өртеу
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Көмiрсутектiң зиянды лақтыруларын өртеу барысында, қоршаған ортаға зиянды әсердi минимизациялауға мүмкiндiк беретiн табиғи ортаны қорғау кешенді шараларын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

4.1. Өртеу, кластерлеу және генерация терминдерін түсіндіру, оларға сипаттама беру.

4.2. Өрттеу кезінде қимылдарды көрсету және талқылау.

4.3. Өрттеу кезіндегі зиянды лақтыруларды белгілеу және өрттеуге «қарсы» себептерді түсіндіру.

4.4. Қалдықтарды өртеу кезінде және оған дейінгі уақытта мұнай компанияларының басшылыққа алатын СЭКХ талаптарын және жұмыс тәртібін қатаң сақтауы керек.

4.5. СЭКХ-тың мұнай коллекторында ерiтiлген табиғи газды сақтауды талап ететiн шарт көрсетiп талқылау.

4.6. Мұнай серiктестiгiнің газдың технология жағынан шарасыз өртеунуі кезінде нені ескеру керектігін талқылау.

4.7. Алауға жан-жақты зерттеудi ұңғымақтың сынауы үшiн келiсудiң көрсетiлсiн және шарт әрбiр сипаттай алды.


Модуль 5. Жер қойнауына құқығынсыз жер құқығы
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Жеке меншік жер иелері мен кәсіпкерлердің құқықтары және мүмкін болатын даулардың жағдайын талқылау.


Модуль тапсырмалары:

5.1 Жеке меншiктегі телімдерге кәсіпкерлер мен жер иелерінің қол жеткізуге құқықтарын салыстыру.

5.2. Жеке меншiктегі телімдерге мұнай компаниялары мен геодезистердің қол жеткізуге құқығы болатын жағдайларды талқылау.

5.3. Меншіктің құқығына кіру туралы бұйрықта не жазылғанын, құқықты берген ұжымның жауапкершілігін және компанияның қандай жағдайда құқықты иемденуге сұраныс беруін түсіндіру.


Модуль 6. Газдың құбырлжолы және газдың құбыржолын салу
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Жер асты газдың құбыржолдарын салу кезінде қоршаған ортаға тигізілетін кері әсерді мүмкіндігінше азайту үшін қажетті табиғатты қорғау іс-шаралар кешенін талқылау.


Модуль тапсырмалары:

6.1 1 және 2 класты газдың құбыржолдарының сипаттамаларын анықтап, осы құбырларды жасау үшін маңызды баға индексін сипаттау және оны анықтау .

6.2. Газдың құбыржолдарының орнын таңдағанда көлік жүретін жолдар мен безендіру нысандарын есептеу және эологиялық факторларды түсіндіру.

6.3. Жер иесiнiң алдында оның аумағы бойынша жүрiп өту құқығын иемдену үшін серiктестiктiң мiндеттемесiн түсiндiру.

6.4. Газдың құбыржолдарын салу жолында траншеялар қазу мен оларды тазалаудың 8 әдісін сипаттап олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету.

6.5. Газдың құбыржолдарын іздестіру протоколдарын түсіндіру және оларды кен орнында табу тәсілдері.

6.6. Топырақты тасымалдау жұмысы орындалатын жұмыстардың түрлерін табу.

6.7. Газдың құбыржолдарының иесі мен топырақты тасымалдау жұмысын атқаратын компания арасындағы жауапкершілік зоналарын салыстыру.

6.8. Газдың құбыржолы бүлінген жағдайда орындалатын іс-әрекеттерді түсіндіру.
Модуль 7. Қоршаған ортаны қорғау заңымен танысу: санкция, айыппұлдар және заң бұзушылық, заңның орындалуын бақылау және мiндеттемелердi сақтау
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның бұзылуларынан келетін зардаптар туралы әңгiмелеу, соның iшiнде тиiстi жазалар, заң бұзушылықтардан құтылу әдiстерi.


Модуль тапсырмалары:

7.1 Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның негізгі әсер ету аймағын сипаттау.

7.2. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның 4 тармағын сипаттап, мысалдар келтіру.

7.3. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның 5 қауіпті заң бұзушылықтарын сипаттау.

7.4. Мигитация, экологияық экспертиза және қалдық әсер терминдерін түсіндіру.

7.5. Жазалардан, болуы мүмкін өтемдердi ықтиярсыз төлеуден құтылудың әдiстерiн ұсыну.

7.6. Заң бұзушылықтардың 3 деңгейiн, оларға тиісті жазаларды сипаттап, оларға мысалдарды келтiру.

7.7. Қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарды сақтау туралы ұйғарым деген не, және ол қандай жағдайларда беріледі.


Модуль 8. Мұнайды барлау және өндіру
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Мұнайды барлау және өндіру кезінде мұнай қалдықтарын сақтау және изоляциялаудың қалыптасқан тәртіптері мен экологиялық факторларды түсіндіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет